CaspianLife, 4 ақпан — Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев атқаратын болды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды. «Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады. Гурьев педагогикалық институтының, Алматы Жоғары тергеу мектебінің, РФ ІІМ Академиясының түлегі. Жаңа қызметке дейін Атырау облыстық олиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 ақпан — Өткен жылы Атырау облысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасаған 47 адам сотталды. Оның ішінде алтауы мемлекеттік орган басшысы. Жегіқұрт әсіресе ауыл шаруашылығы, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау секілді салаларды дендеп алған. «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасы» талқыланған дөңгелек үстелде осындай мәліметтер айтылды. Отырыстың өтуіне «Қазақстан халық партиясы» Атырау облыстық филиалының басшылығы себепші болды. Олардың сөзінше мұндағы мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға ықпал ету. Және отырыста мінез көрсетіп, «тентектік жасаған» мемқызметшілердің іс әрекетін талқыға салатын әдеп кеңесінің маңыздылығы туралы да айтылды. Мемлекеттік қызметші әдеп кодексының талаптарын…
CaspianLife, 4 ақпан — Жанар-жағармайды мамыр айына дейін экспорттауға қойылған уақытша шектеу мерзімі ұзартылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді. Сондай-ақ министр өз сөзінде нарықтағы «өнімсіз делдалдарды тізбектен шығару қажеттігін айтты. Мақсатымыз – бағаның шарықтап кетуіне жол бермеу. Біз ақылдаса келе бұл жайттың алдын алмақпыз. Яғни шектеудің уақытын тағы да ұзартамыз. Бағаны қалыпты ұстап тұрғаннан бөлек, көтерме жеткізушілердің меншігінде жеке мұнай базаларының болуына баса мән береміз, — деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов. Министрдің айтуынша, бірінші тоқсаннан бастап, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының базасында мұнай өнімдерінің 150 мың тоннаға жуық қосымша қоры жасақталады. Сондай-ақ, «Қазақстан теміржолы»…
CaspianLife, 4 ақпан — Атырау-Астрахань тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары толықтай 2023 жылы аяқталады. Мұны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Су жаңа министрдің сөзіне сенсек, қазір құрылыс жұмыстары жақсы жүруде. Мердігер компаниялар қажетті топырақты Алматы және Ақтөбе облыстарынан тасып жатыр. Шынында атыраулықтардың режитін жөні бар. Бірінші кезегі бітті, екінші кезегі созылып кетті. Созылған себебі Семейде жобалық институт бар сол осы жобаны жасағанда жергілікті аймақтың топырағын жұмыстың салуына қосамыз деп жобалық сметаға қосқан. Жұмыс басталғанда топырақтың сапасы келіспейді. Арасында тұздалған бөлімі бар, гипс бар. Ақшасы толығымен көзделген. Сол себептен биыл сол жолдың үстінен көлік жүру мәселесін береміз деп…
CaspianLife, 3 ақпан — Бейнеу ауданының тұрғыны букмекерлік кеңселердің бірінің компьютерлік техникалары мен жиһаздарына бензин құйып өртеп, іс-әрекетін видеоға түсірген. Ер адамның сөзінше, ол 20 жыл бойы букмекерлік кеңселер қызметін пайдаланған. Сол уақыт ішінде ол 200 млн тг жуық ақшасын жоғалтқан. Бұл жастардың миын улап, бар жиған-тергенін осындайға салады. Бұл — азарт, бұл — ауру. Бұны өртемеске амалым жоқ. Мен-ақ сотталып кетейін. Осы уақытқа дейін 200 млн тг жоғалттым. Төрт балам, отбасым, достарым бар. Ойнау үшін үшін олардың бәрін алдап келдім. Азартқа беріліп, лото ойнайтын адамдардың еш нәрседен тайынбайтынын білемін. Осының кесірінен қаншама шаңырақ шайқалды. Жауапкершіліктен қашпаймын, не жасап жатқанымды…
CaspianLife, 3 ақпан — Былтыр күзде дауға айналған Ақтаудағы «Гүл алаңы» инсталляциясы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қызғалдақтарынан айырылып, балалар ойнайтын төбешік болып қалды. Осы жағдайға қатысты Clever media group ЖШС менеджері Олжас Нұрланов пікір білдірді. Нұрланов компания өкілдері әлеуметтік желілерден балалар «гүл алаңында» сырғанап жүрген видеоны көргенін айтты. «Өкінішке қарай, бұған ештеңе істей алмаймыз. Уақыты келген кезде механик жүріп, алаңды түзетеді. Бір ескерту жасайды, орнына басқа балалар келеді», — деді ол. Олжас Нұрлановтың айтуынша, электр тогы ажыратылған, сондықтан «электр тогы соғады деген қауіп жоқ». Сонымен қатар, компания менеджері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияға жүгінуге ниетті екенін айтты, өйткені нысан жол…
CaspianLife, 3 ақпан — Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жоба жұмысынан 39 мың адам босатылады. Оның ішінде 37 мың қазақстандық бар. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында 2016 жылы «Келешек кеңею» жобасын іске асыру басталған. Бұл – елімізде қолға алынған ең ірі жобаның бірі. Осы кезге дейін жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының 82 пайызы аяқталған. Қазір жобада 60 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның 5 мыңы – шетелдік. Ал жобадағы қазақстандық жұмысшылардың 40 пайызға жуығын атыраулықтар құрап отыр. «Қазір «Теңізшевройл» компаниясының мәліметінше, «Келешек кеңею» жобасындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басым бөлігінің аяқталуына байланысты биылғы жылдың соңына дейін шамамен 39 мың адамды босату болжанып…
CaspianLife, 3 ақпан — Үш адамнан құралған қылмыстық топ өндірістік қоймаға заңсыз кіріп, бағалы техникалық құрылғыларды ұрлаған. «Аталған шағымға байланысты криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 1985,1986 және 1988 жылғы күдіктілерді ұстады. Тексеру кезінде күдіктілердің дәл осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдіктілер алдын ала сөз байласуы арқылы ірі мөлшерде, бірнеше рет өндірістік қоймаға ұрлыққа түскен. Жәбірленушіге жалпы соммасы 4 млн 540 мың теңге залал келтірген», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
CaspianLife, 2 ақпан — 1 ақпан күні сағат 12:18 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 желісіне белгісіз азамат қоңырау шалып, өзінің Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің ішінде белгісіз адамды өлтіріп алғандығы жөнінде хабарлама қалдырған. Аталған хабарламаны тексеру кезінде 1989 ж.т., азаматтың полицияға жалған хабар бергені белгілі болды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың орта дәрежедегі мас күйде екендігі анықталды. 33 жастағы азамат өзінің ішімдік ішкендіктен осындай әрекетке барғандығын айтып, кінәсін мойындаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама жасақталып, 91 890…
CaspianLife, 2 ақпан — Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында сумен жабдықтау қызметтері бағасының негізсіз өсіруді тоқтатып, тарифті төмендетті. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындарын толғандыратын өткір әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. ҚМА тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын қолданып бағаны негізсіз көтеруге қарсы әрекет етуде. ҚМА Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополисттің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабының 1-бөлігі (монополиялық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары…
