CaspianLife, 1 ақпан — Министр барлық балабақшадағы жағдай бірдей жақсаруы керектігін айтты. Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың моделін қабылдады. Онда педагог балалардың физиологиялық және психологиялық қажеттіліктері бойынша арнайы әдістемемен іске асыратын болады. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты. Белгілі болғандай, балабақша жұымысындағы жаңа әдістеме шетелдік тәжірибелердің зерттеулеріне сүйене отырып жасалған. Өз баяндамасында ведомство басшысы балабақшалардың сапасын жақсартуда бірқатар талаптардың күшейтілетінін айтты. «Яғни, материалдық-техникалық база, бейнебақылау жүйесі, педагогтердің біліктілігі, санитариялық, өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, мемлекеттік тапсырысты берудің басты талаптары болады. Соның ішінде жекеменшік балабақшалардан да балаларға қолайлы жағдай жасау талап етіледі. Сондай-ақ, балабақшалардағы орындарды…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 31 қаңтар — Береке ықшам ауданындағы №55 үйдің 1-5 қабат аралығындағы пәтер тұрғындары бірнеше айдан бері көгілдір отынсыз өмір сүріп жатыр . Тұрғындардың айтуынша, тамақты электр пешке пісіріп, үйді де тоқпен жылытып отыр. Мен осы 9 қабатты үйде тұрамын. Пәтерлерге газ берлмегендіктен электр қуатының көмегімен үйді жылытуға тырысамыз. Бірақ, жарық жиі сөніп қалады. Балаларымыз сап салқын үйде тұрып жатыр. Кейде оларға тамақ та пісіріп бере алмаймыз, — дейді «Береке» ықшам ауданының тұрғыны Венера Шарапиева. Бізге газ керек. Мен қаланың басқа шетінде жұмыс істеймін. Балаларым үйде өздері қалады. Ыстық тамақ ішкілері келеді. Не істерің білмегесін маған телефон соғып сұрайды. Мен…
CaspianLife, 31 қаңтар — Қазақстанда бірнеше шенеунік ауыл шаруашылығына бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Шенеуніктер Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында қолға түсті. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Галамазян уақытша қамау изоляторына жабылды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Ерлан Күлкеевті Таразда қолға түсірген. Бұдан өзге, Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімбетов те Антикордың қолына түскен. Дереккөзге сүйенсек, үш шенеунік те ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиядан қаражат жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
CaspianLife, 31 қаңтар — 30 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Атырау қаласындағы Вокзал маңы 3 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйінің бірінші қабатынан өрт шыққан. Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары аталған-мекен жайда тұратын 30-ға жуық тұрғынды дер кезінде эвакуациялап үлгерді. Құтқару операциясы кезінде өрт шыққан пәтерде тұрғынның ұйықтап қалғаны анықталды. Өрт үйдің дәлізіндегі газ трубасы жарылуынан пайда болған. Зардап шеккендер жоқ.
CaspianLife, 31 қаңтар — Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды. «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, шығарылатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрайды. «Көмірсутек қорының өсімі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді. 2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «Ақтау қаласындағы ҚМГ Инжиниринг» филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей тегжейлі бағдарламасына бастамашы болды. Осы бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдары ішінде жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалды (7500-ден астам), геологиялық тұжырымдамасы қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгісі қайта…
CaspianLife, 31 қаңтар — Жол-көлік оқиғасы кеше, 30 қаңтарда кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов-И.Тайманов көшелерінің қиылысында «Toyota Camry» көлігі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан. Сол кезде оң жағындағы «LADA Largus» жедел жәрдем көлігімен түйісіп қалған. Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі жол белгісіне соғылған. «Көше қиылысындағы жол апатының салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі екі жолаушы әр түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болды. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеп-тексеру басталды.
CaspianLife, 31 қаңтар — Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, учаскелік полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар паналайтын орындарды тексеруді қолға алған. «Ауа-райы күрт суытатын қысқы мезгілде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар жылу трассалары мен жертөлелерді, қараусыз қалған саяжай үйлері секілді орындарды паналайды. Рейд жүргізген сақшылардың міндеті – үй-күйсіз жүрген адамдардың суықта үсіп қалуын болдырмау. Осындай рейдтік іс-шараның бірінде учаскелік полиция қызметкерлері тұрғылықты мекен-жайы жоқ 6 адамды анықтап, Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орталығына орналастырды. Ал, жыл басынан бері қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 50-ге жуық адам жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 29 қаңтар — Оқиға кеше сағат 23:35 шамасында Береке ықшам ауданында болған. Аталған мекен-жайға жеткен құтқарушылар құрылысшылар жататын қатарлас тұрған екі вагон контейнерінің отқа оранғанын анықтады. Өрт сөндіру барысында вагон контейнердің ішінен 55 литрлік екі газ баллоны шығарылды. Өрт 1 сағатан кейін толықтай сөндірілді. Мамандардың сөзінше, тілсіз жау электр пешін қараусыз қалдыру себебінен шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
CaspianLife, 28 қаңтар — Жол апатынан қаза болғандардың екеуі — жасөспірім. 28 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 71 шақырымында Өзбекстан Республикасында тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Полицейлер оқиғаға орнында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
CaspianLife, 28 қаңтар — Атыраудағы апатты мектептер мен үш ауысымды оқу мәселесі 2 жылда толықтай шешіледі. Сондай-ақ » Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы» аясында 48 мектеп құрылысы басталмақ. «Әлеуметтік салада үш ауысымдық мектептер мәселесін толығымен 2 жылда шешу жоспарда. Кешенді бағдарламаға 48 мектеп тұрғызу енгізіліп отыр. Мектептер құрылысы республикалық, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазірдің өзінде мемлекеттің жеке серіктестікпен ынтымақтастығы аясында, жеке инвестиция аясында 2 мектеп құрылысы басталып кетті. Осылайша, алдағы 2 жылда Атырау облысында үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесі толықтай шешіледі» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
