Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 26 қаңтар  — Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Жетібай елді мекенінде былтыр жарты айдан астам уақыт ереуілдеп, жалақыны өміруге қол жеткізген West Oil Software компаниясы жұмысшылары талаптар жазылған жаңа келісім-шартқа жұмыс беруші қол қоймай отырғанына шағымданады. Олардың айтуынша, жұмыс беруші осылайша өздерін тағы ереуілге итермелеп отыр. West Oil Software компаниясы жұмысшылары бұл талаптарын видео арқылы мәлімдеген. «West Oil Software әкімшілігі бітімгершілік келісімге келгенге дейін жұмысшылар талабын заң талабына сай қарамай, әлеуметтік шиеленіске итеріп өз жоспарларын орындап алған болатын. Ал қазір жұмыс беруші ойлаған ойларын орындату мақсатында жұмысшыларының заңды талабын орындамай, оларды қайта ереуілге итермелеп отыр. Біз West Oil Software ЖШС жұмысшылары…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар  — Атырауда күннің тайғақ болуына байланысты жол-көлік оқиғалары жиіледі. 26 қаңтар күні сағат 08:20 шамасында Атырау-Дамбы тас жолында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінің тұсында қала бағытынан Дамбы ауылына қарай бағыт алған “Lada Priora”маркалы автокөлігі жолдан тайып кетіп, жолдың қарсы бағытында келе жатқан “Kia Rio” маркалы және “Ваз 2112” маркалы автокөліктеріне соқтығысқан. Оқиға салдарынан “Kia Rio” автокөлігінің жүргізушісі мен “Ваз 2112” автокөлігінің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. “Lada Priora” автокөлігінің 1976 ж.т., жолаушысы оқиға орынында көз жұмды. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда. Тағы бір жол-көлік оқиғасы Атырау-Орал тас жолында тіркелді. “Toyota Prado” автокөлігінің жүргізушісі Береке ауылынан асқан тұста басып озу…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар  — Атырау облысында баспанаға жүз пайыз төлем жасап, алданған жүзге жуық адам президентке үндеу жолдап, наразылыққа шықты. Атыраулықтар “Жібек жол” коперативіне баспана аламыз деп жиған тергендерінің бәрін беріп, 100% төлем жасаған. Алайда тұрғын үйдің құрылысы орта жолда тоқтап, жауаптылар үшті-күйлі жоғалған. Бұдан бөлек “Әуес және К” компаниясына сеніп, несиеге миллиондап қаржылық салым салғандар да наразылық танытты. 2018 жылы төлем жасағандарға шарт бойынша 2019 жылы үйдің кілті табысталуы керек болатын. Бірақ падемия салдарынан құрылыс тоқтатылып, компания мен құрылысты салып жатқан мердігерлер мекеменің өзіне қарызға батқан. Жауапты өкілдер құрылыстың 80%-ы бітіп тұрғанын айтып, қаражат табылса 9 ай ішінде тапсырылатынына уәде етті.…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар  — Қатаң карантиндік талаптарға қарамастан, Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұр. Өткен тәулікте Атырау қаласы мен Теңіз кен орнында, сондай-ақ, 6 ауданда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар тіркелген. Қазір өңірдегі 5 914 адам үйінде емделіп жатыр. «Ал, 2 360 инфекциялық стационарларда ем қабылдау үшін 564 (жүктеме – 23,9%) науқас оқшауланған. Өңірдегі инфекциялық стационарлардың 106 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жатқан 20 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына 4 пациент қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 18,9%», — деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар  — Қуаңшылық құрсауынан шықпаған маңғыстаулық шаруалар қымбатшылықтан да қиналуда.  Жыл бойы мал азығын сатып алып отырған олардың қаражаттары таусылған. Қарызға да әбден батыпты. Жем-шөп үшін малдың көп бөлігін сатып жіберген. Азықты үнемдеп бергеннің өзінде ірі қара бір қап жемді бір күнде тауысып, қалталарына салмақ салып тұр. Сондықтан да олар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтан мал азығының бағасын 50 -60 пайызға арзандатуды талап етіп, үндеу жасады. Ол талапта 1 келі отруб 50 теңгеден, 1 түк шөп 500 теңгеден, 1 бума шөп 8000 теңгеден сатылсын деген талап қойдық. Және бұл талапты 25 қаңтарға дейін орындап, осы талабымызды қанағаттандыруын сұрадық. Осы…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар  — Құлсары қаласының тұрғыны Айгүл Бисембиева 52 жасында тұңғышын дүниеге әкелді. Оған перинаталдық орталықта 19 қаңтар күні ота жасалған. Бақытты ана сәбиін аман есен құшағына алып, күні кеше үйіне оралды. Дүниеге келген атұстардың салмағы 3 келі 70 грамм, бойы – 51 см. Ата-анасы оны шаңыраққа енген нұрға балап, «Нұркелді» деп есім беріпті. Нәрестенің әкесі — 63 жаста. Жұбайлар 2020 жылы шаңырақ көтерген. Сәби аңсаған жандар экстракорпоральды ұрықтандыруға жүгініпті. Қыз-келіншектер кез-келген жаста да сәби сүю бақытынан үмітін үзбесе екен,- дейді қуаныштан жүзі бал-бұл жанған ана. Бір жыл тұрдық. Екінші жыл көтердім. ЭКҰ арқылы көтердім. Мен сияқты көтере алмай…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар  — Атырау қаласында кәмелетке толмағандарды кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс болмауын қадағалау мақсатында 2022 жылдың қаңтар айының 20-29 күндері аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел іс-шара кезінде ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық және тізімдік есепке алынған жасөспірімдердің, жастардың жиналу орындары, жертөлелер тексерілуде. Мәселен, іс-шара басталғалы төрт күн ішінде яғни, 20-21 қаңтар күндері аралығында тәртіп сақшылары түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 30 жасөспірімді анықтап, олардың ата-аналарын ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар  — Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мектеп директоры мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адамға теңестiрiлген адам бола тұра, пайдакүнемдік ниетпен, ауыр салдарға әкеп соққан және ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы қызметтік жалғандық жасағаны үшін айыпталған. Қылмыстық іс Атырау қалалық №2 сотында қаралды. «М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп» КМК директоры А.Салихова 2018 жылғы қыркүйек пен 2021 жылғы шілде айлары аралығында қызметтен босаған және жұмыс жасап жүрген мүғалімдерге табель толтыру, бұйрық шығару арқылы Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен және куәландырылған ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, бюджет қаражаттарының негізсіз есептелуіне жол берген. Сотталушының іс-әрекетінен азаматтардың құқықтары мен заңды…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар  — Ақтауда теңіз жануарына қатыгездік көрсетушілерге «наразылық» белгісі ретінде итбалықтың мүсіні орнатылды. «Итбалықтың» шағын архитектуралық формасын шығармашылық ұжым жасаған. Авторлық туынды демеушілік қаражат есебінен Ақтау қаласындағы 15-ықшамаудан жағалауында орнатылған. Жаңа нысан биіктігі — 2,3 метр. Ол металл құрылымнан жасалып, сырты тот баспайтын болатпен қапталған. Әкімдік мәліметінше, итбалық Ақтаудың символдарының бірі — Каспий теңізінің эндемигі көрінеді. «Авторларды, кейінгі бірнеше жылда осы әдемі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы жаңалықтар алаңдатады. Бұл шағын архитектуралық пішін — бізді қоршаған өте нәзік және қорғансыз әлемге қатыгез көзқарасқа наразылық», — деп түсіндірді әкімдік өкілдері. Фотосурет: inAktau.kz

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар  — «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте 567 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. «Қауіпті вирусқа шалдыққандар саны Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнда бір тәулікте 376 науқас тіркелді. Ал, Теңіз кен орнында 45 жұмысшының коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Жылыой ауданында 80, Қызылқоғада – 33, Махамбетте – 14, Құрманғазыда –11, Индерде – 7, Мақат ауданында 1 адамнан COVID-19 инфекциясының белгілі табылып отыр. Бір науқас қайтыс болды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен. Өткен тәулікте 99 адам коронавирустан емделіп шыққан. Соңғы аптада үй жағдайында ем-дом қабылдап жатқандар саны көбейген.…

Read More