Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 қаңтар  — Атыраулық кәсіпкердің газ желісіне қосылу жөніндегі өтініші бір жылдан бері шешімін таппаған. Шағын және орта бизнес өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандар үшін жер бөлуде туындаған проблема бар. Жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлермен ашық диалог орнатуға ынталы емес. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Ашық әкімдік» жұмысын жандандыру мәселесін айтқан еді. Осы бастама аясында біз әкімдік өкілдерімен ашық диалогта кездесу ұйымдастырдық. Бұл кездесуден соң ортақ шешімдер қабылданады деген ойдамын», -дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының басшысы Айбар Жаниязов. Мәселен, «Могикан» шағын зауытының басшысы Айсұлу Оразбаеваның пікірінше, жергілікті әкімдіктер тарапынан отандық кәсіпке қолдау керек. «Біз өндірісті дамыту арқылы…

Read More

CaspianLife, 28 қаңтар  —  2025 жылға дейін Атырау облысында 27 елдімекен ауызсумен қамтылатын болады деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда мұнайлы өңір 99%-ға ауыз сумен қамтылған. «Аймақтың кешенді даму бағдарламасы аясында, биыл 16 елдімекенге су жүргізу аяқталады. Келесі жылы тағы 6 елдімекенге ауыз су жеткізіледі. Қалған 9 елдімекенді сумен қамту 2025 жылға дейін жүзеге асады» деп нақтылады спикер. Еске сала кетелік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен былтыр «Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы» қабылданды.

Read More

CaspianLife, 28 қаңтар  — Мақсат – банкке қарызын төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген қазақты жалғыз баспанасынан айырмау. Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды. Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған. «Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын»,  –  деді Смайылов. Айта кетейік, Қазақстанда жеке…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар  — Ақтауда жедел жәрдем жүргізушілері наразылыққа шықты. Басты себеп- жалақының аздығы. Соңғы 8 жылда еңбекақы мүлдем өспегенін айтқан олар денсаулық сақтау министрлігіне талап қойды. әр ауданнан жиналған олар науқастарды күні-түні тасысақ та, медицина қызметкері деген санатқа да енбеймиз деп ашулы. Медработникке сіздер жатпайсыздар дейді. Қалай екенін? 2014-тен бері қарай көтерілген жоқ. Жылда осылай жылдың басында жиналамыз, уәде береді. Осы жылда да берді ғой уәдені на самом деле қағаз жүзінде әлі ештеңе шешілмеген, — дейді жедел жәрдем жүргізушісі Ержан Меңдалиев. Арыз жазып жатырмыз, жалақының төмендігін көрсетіп жатырмыз,қымбатшылықты айтып жатырмыз, бәрін айтып жатырмыз. Бірақ, талап орындалмай тұр. Санитардың, фельдшердің,…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар  — Атырау облысында ер адамды азаптап, ұрып-соққан полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды. Олар себепсіз азаптағаны үшін үш жылға бас бостандықтарынан айырылды. Өткен жылдың наурыз айында Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы кәсіпкер әйелдің 4 млн 500 мың теңгесі мен 1600 доллары жоғалып кетеді. Полицияға арыз түсірген әйел ақшаны ұлы ұрлауы мүмкін екенін айтады. Кейін полиция қызметкерлері келіп, оның ұлын күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, азаптайды. Зәбір көрген ер адам облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаментіне арыз жазып, екі жедел уәкіл қамауға алынады. «Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің жауабымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденеді. Күдікті полиция қызметкерлері өз кінәларын мойындаған жоқ», -…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар  — «Хабар» агенттігі «Трагический январь. Как это было»  деректі фильмін көрермен назарына ұсынды. Аталған фильмде биылғы жылдың қаңтар айында елімізде орын алған тәртіпсіздіктің толық хронологиясы көрсетілді. Деректі фильмде ұсынылған деректерге сай, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде «Йакын Инкар» радикалды ұйымының жақтастары ұсталған. Олардан қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар, патрондар, діни брошюралар тәркіленген. Айта кету керек, аталған ұйымға Қазақстанда 2018 жылдан бері тыйым салынған. Бас прокуратура «Йакын Инкар» елімізде тыйым салынған «Таблиги Джамаат»-тың еншілес ұйымы деп түсініктеме берген болатын. Аталған қозғалыстардың мақсаты — билікті мәжбүрлі түрде құлатып, Конститутиция мен қолданыстағы заңдарға бағынбай, «халифат» құру.

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар  — Сенатор Мұрат Бақтиярұлы ресми статистикаға қарсы шығып, Қазақстанда екі миллион азамат жұмыссыз екенін айтты. Сенатор премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі дұрыс есептелмегенін мәлімдеді. Сенатордың айтуынша, қазіргі көзқарас пен статистика нәтижелері сенімсіз. «Қаңтар қасіреті еліміз үшін ауыр сынақ болды. Жазықсыз азаматтардың қаны төгілгендіктен, бәрімізге ауыр тиді. Менің ойымша, билікте жүрген бәріміз осы қайғылы оқиғаға жауаптымыз. (…) Жергілікті атқарушы органдар, үкімет үнемі елдегі жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі төмен статистиканы көрсетеді. 2021 жылы үкімет елде 450 мың адам жұмыссыз, ал кедейлік деңгейі 4,5 пайыздан аспайтыны туралы ресми ақпарат берді. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келе…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар  — Оңтүстік Кореяның бір топ ғалымдары COVID-19-ды 30 минут ішінде анықтайтын скринингтік биодатчик жасап шығарды. Корея ғылым және технология институтында (KIST) Ли Кван Хи басқаратын топ ACE2 деп аталатын ангиотензинді түрлендіретін фермент (вирусты бөгейтін ACE2 ақуызы бар жасушалар) арқылы штамдарды анықтайтын биодатчик жасап шығарды. Ғалымдардың пікірінше, ақуыздың пайдасы вирусқа тиімді әрекет ететіндігімен байланысты, оны жұқтыруға тырысатын жасушалардың бетіндегі ACE 2 ақуызын алшақтатады. ПТР сынамасы қазіргі уақытта коронавирусты анықтаудың ең көп қолданылатын әдісі, ол SARS-CoV-2, COVID-19 вирусының генетикалық материалын іздейтін молекулалық тест. ПТР тестінің нәтижелері әдетте кем дегенде бірнеше сағатты алады, ал биодатчик 30 минут ішінде COVID-19-ды анықтайды.…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар  —  Қазақстандықтар жалға алатын баспана құнының тең жартысы мемлекеттен өтелетін болады. Бұл турлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Министрлік тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірледі. Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының «50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді» қағидатына негізделеді. Мұндай төлемдер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген көлемінен аспауы керек. Бүгінгі таңда елімізде мұндай 70 мың жан бар. Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар  — Жасырылған телефон сәлем-сауқатты тексеру кезінде табылған деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.  Телефон салынған тұрмыстық сабынды әйел адам тергеу изоляторына қамалған күйеуіне 25 қаңтар күні алып келген. Аталған факт бойынша ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Процессуалдық шешім шығару үшін іс Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Аталған бабқа сәйкес кінәлі деп танылғандардың ескерту алуы немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған заты тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуі мүмкін.

Read More