CaspianLife, 25 қаңтар — Маңғыстау облысында су тұщыту қуаты 260 мың текше метр болатын 9 жоба іске асады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған өңірді дамытудың өзектендірілген кешенді жоспары туралы баяндаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. «Демографияның өсу үрдісі қолжетімді баспанамен қамту және өңірдің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мақсатта тұрғын үй салу, жолдардың сапасын жақсарту, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар, өңір үшін ең маңызды мәселе – ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін кешенді жоспарда жалпы су тұщыту қуаты 260 мың текше метрді құрайтын 9 жобаны және 12 ауылдық елді…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 қаңтар — Атырау облысында жаңа жобалар бойынша негізгі капиталға қосымша 8,3 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Атырау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау кезінде өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарланды. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің қолдау көрсетуімен өңірдің ең маңызды, түйінді мәселелерін шешуге және өңірді одан әрі тиімді дамытуға бағытталған облыстың Кешенді даму жоспары жаңартылды. Кешенді жоспар жобасының жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрайтын 185 іс-шараны қамтып отыр. Нәтижесінде, республикалық бюджеттен 535,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 112,6 млрд теңге, басқа қаражат көздерінен 8,3 трлн теңге, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 14,3 млрд теңге қарастыру жоспарлануда»,…
CaspianLife, 25 қаңтар — Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. «Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 375,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 117,9 млрд теңге, жеке инвестициялар — 1,6 трлн теңге. Өнеркәсіп саласында «Дунга» кен орнын игерудің 3-фазасын іске асыру, Ақтау қаласында мұнай-химия кешенін салу және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Агроөнеркәсіптік кешені салаларында 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен…
CaspianLife, 24 қаңтар — Газ сатушылар үкімет тапсырмасының орындаусыз қалғанын алға тартуда. Маңғыстаулық кәсіпкерлер газды Жаңаөзенедегі зауыттан тікелей сатып алатын мүмкіндік туғанына және электронды сауда алаңы мен газ тарату желілік ұйымдары сияқты делдалдардың жойылғанына қуанышты. Бірақ Үкіметтегілердің тапсырмасы әзірге сөз жүзінде қалып тұр. Нақты іске көшу созылып барады дейді олар. Осы мәселе алаңдатқан бір топ кәсіпкер кәсіпкерлер палатасында билік өкілдерімен кездесті. Митингтен соң, содан бері 50 тг сатылып жатыр. Декабрдың 25-де ЭТП арқылы ұтқан газды мен қымбат бағадан алдым. Мен 136 мың тг алдым тоннасын. Литріне 88 тг түсіп тұр. Оны 50 тг сатып жатырмын. Айырмашылықты төлейміз деген оған да…
CaspianLife, 24 қаңтар — Кеше түнгі сағат 01:00 шамасында Атырау облыстық Полиция департаментіне Вокзал маңы ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 3-қабатында қылтимадан белгісіз баланың секірейін деп тұрғаны хабарланды. Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтердің сыртынан кілттеулі тұрғанын анықтаған. Олар жоғары қарай өрмелеп, үшінші қабатта тұрған 4 жастағы баланы құтқарып алып үйіне кірген. Пәтер ішінде бүлдіршіннен басқа адам жоқ болып шықты. Түнгі уақытта үйде жалғыз қалған баланың ата-анасы құрбысына оны уақытша қарай тұруға тастағанын айтқан. Ал, құрбысы болса баланы үйге құлыптап, кілтті подьезд ішіне жасырып кеткен. Ата-анасы көпке дейін үйге жете алмауын такси қызметін ұзақ күткенімен түсіндірді.
CaspianLife, 24 қаңтар — 23 қаңтар күні сағат 19.00-де Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері Перетаска каналының ортасына жақын жерде жоғалып кеткен баланың денесін тапты. 9 жасар Сайали Эппили 22 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында Балықшы шағын ауданында Абай көшесі, 19 ауласынан кетіп қалған болатын. Кеше жоғалған баланы 200-ге жуық адам іздеді. Оған 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар мен 60 ерікті қатысты. «Бүгін кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі судан табыллы. Бұл ақпаратты іздестіру жұмыстарын басқарып жүрген №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы Әнуар Кокалов растады» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жалпы…
CaspianLife, 24 қаңтар — Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 20 қаңтар күні сағат 22:18 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” арнасына 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны қоңырау шалып, Атырау қаласында орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі уақытша тұрып жатқан мекенжайына сағат 21:40 шамасында белгісіз екі ер адамның заңсыз кіріп, асхана пышағымен және қаруға ұқсас затпен қорқытып, ұрып-соғып, “IPhone 6s”, “Samsung” ұялы телефондарын, “Apple Watch” смарт қол сағатын, екі алтын сырғасын, 40 мың теңге ақшасын тартып алып және 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын телефондағы “Kaspi” қосымшасы арқылы басқа есепшотқа аудартып алғандығы жөнінде хабарлама берген. Оқиға орнына дереу жеткен криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері…
CaspianLife, 24 қаңтар — Атырау облысында 81 жастағы қария газға уланып, ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 қаңтарда Жылыой ауданында жеке иеліктегі үйдің жылыту пешінен ақау шыққан. Бұл туралы сағат 18:12-де хабар түскен. «Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы Нұрманов көшесінде орналасқан жеке үйде 1941 жылғы қария улы газға уланып қалды. Соның салдарынан 81 жастағы қария аудандық орталық ауруханаға түсті. Дәрігерлер оған орташа ауырлықтағы улану диагнозын қойды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 24 қаңтар — Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, биыл «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыру көзделіп отыр. «Биыл Атырау облысында аталған жоба аясында 22 981 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 14 374, әлеуметтік жұмысқа 338, жастар тәжірибесіне 825, қоғамдық жұмыстарға 3 868, алғашқы жұмыс орындарына 91 адам орналастырылады. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік курсқа 1 840, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 1000 адамды оқыту жоспарланды. Сондай-ақ, өз ісін ашу үшін 645 адамға гранттар берілед», -дейді Азамат Мәмбетов. Бұдан бұрын «Еңбек» бағдарламасымен…
CaspianLife, 21 қаңтар — Оқиға 21 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында болған. Жеке тұрғын үй аумағында «Уаз» автокөлігінде газ жабдығының ақаулығы (газдың шығуы) салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, көлік түгелдей жанып кеткен. Сәлден кейін от жеке тұрғын үйдің төбесіне ауысқан. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткенде автокөліктің және 160 шаршы метр аумақты құрайтын тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 14.40-та ауыздықталып, сағат 16.10-да сөндірілді.
