Маңғыстау облысында 14 туристік нысан салынады — CaspianLife ақпараттық порталы
Среда, 27 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 14 туристік нысан салынады

25.01.2022
Жаңалықтар, Қоғам, Туризм, Экономика
0
Маңғыстау облысында 14 туристік нысан салынады

CaspianLife, 25 қаңтар  — Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оқи отырыңыз...

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

27.09.2023
Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

27.09.2023

«Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 375,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 117,9 млрд теңге, жеке инвестициялар — 1,6 трлн теңге. Өнеркәсіп саласында «Дунга» кен орнын игерудің 3-фазасын іске асыру, Ақтау қаласында мұнай-химия кешенін салу және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Агроөнеркәсіптік кешені салаларында 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда», — деді Ә. Қуантыров.

Оның айтуынша, туризм саласында 14 нысанның құрылысы көзделген. Сонымен қатар, 1059 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, 87,9 шақырым электр желісін, 116 шақырым жылу желісін салу әрі жөндеу, сондай-ақ тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының 9 жобасын салу жоспарланып отыр.

«Әлеуметтік саланы дамыту аясында аудандық орталық аурухана, 24 мектеп және 11 жапсарлас құрылыс салу, 5 колледжді жабдықтармен жарақтандыру және тағы басқалары қарастырылған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маңғыстау облысында өнеркәсіп көлемі 28%-ға, туристер ағыны 4,6 есеге артады, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100%-ға жетеді, сондай-ақ 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», — деді министр.

 

Тегтер: Caspianақтаукәсіпкерлікмаңғыстаутуризм
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.