CaspianLife, 19 қаңтар — «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында 18 қаңтарда COVID-19 инфекциясын 584 адам жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында қауіпті вирусқа 350 адам шалдыққан. Ал, Теңіз кен орнында 73 науқастың анықталғаны расталып отыр. Сондай-ақ, науқастар жеті ауданда да тіркелген. Коронавирус індетінің белгісі Жылыой ауданында 53, Қызылқоғада – 24, Индерде – 20, Махамбетте – 19, Исатайда – 19, Мақатта – 17, Құрманғазы ауданында 9 адамнан табылған. Коронавирус инфекциясының симптомдары 330 науқаста бар. Қазір 2 919 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 543, модульдік ауруханада – 159, аудандардағы стационарларда – 48, ал, №2 облыстық…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 қаңтар — 16 қаңтар күні сағат 00:00 шамасында 1991 жылы туған ер адам Атырау қаласындағы азық-түлік супермаркеттерінің біріне басып кірген. Ер адам сауда орнының терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп, сөрелердегі азық-түліктерді шашып кәсіпкерлік нысанға материалдық шығын келтірген. Аталған азаматқа қатысты қылмыс іс қозғалып, әкімшілік қамаққа алынды. Супермаркет ішінде құқықбұзушылық жасаған 30 жасар ер адамның наркологиялық есепте тұрғаны анықталды.
CaspianLife, 18 қаңтар — Оқиға 17 қаңтар күні 10:00 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан №38 мектеп тұсында болған. Kia Rio автокөлігі екінші дәрежелі жолдан шығып басты жолда келе жатқан Газель автокөлігіне апаттық жағдай жасап, соның салдарынан Газель автокөлігі жол жиегіне аударылған. Аталған дерек бойынша iс-құжаттар жинақталуда. Атырау қаласы Полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жүргізушілердің назарына жол қауіпсіздігін қадағалап, ауа-райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
CaspianLife, 18 қаңтар — Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды. Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің Covid-19 инфекциясын анықтауға тапсырған ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті. Сол себептен, олар 12 қаңтардан бастап қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Аймақ басшысы Атырау қаласында, өңірді жедел басқаруды жүзеге асыруда, -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 18 қаңтар — Атырауда заңсыз митингке қатысқан 11 адамды әкімшілік қамаққа алу мерзімі қысқарды. Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жергілікті 11 тұрғын биылғы 4-5 қаңтарда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 2-бабының талаптарын бұзып, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз митингке қатысқан. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қазақстан Республикасында қылмыстық-жазалау іс-әрекетінің белгілері жоқ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапқа тартылған 11 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады. Олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 6-бөлігін бұзған. Апелляциялық сатыдағы сот әкімшілік қамаққа…
CaspianLife, 18 қаңтар — Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырғандар саны тағы да 538 науқасқа көбейіп отыр. Өткен тәулікте – 17 қаңтарда Атырау қаласында 322 адамның Covid-19 инфекциясына шалдыққаны расталды. Теңіз кен орнында 101 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында 39, Индерде – 20, Қызылқоғада – 18, Құрманғазыда – 13, Исатайда – 11, Мақатта – 10, ауданында, Махамбет ауданында 4 науқас тіркелді. Науқастардың арасында 294 адамда коронавирус инфекциясының симптомды белгісі бар, -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Қазір 2 468 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланған. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 456, модульдік ауруханада – 170,…
CaspianLife, 17 қаңтар — Атырауда 18 жастағы азаматтың көлігінен қолдан жасалған мылтыққа ұқсас қару тәркіленді. 2022 жылдың 15 қаңтар күні Атырау қаласы, Алиев көпірінің тұсында түнгі сағат 01:30 шамасында «Батыс -13» экипажы және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп қызмет атқару кезінде Ваз2109 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғыш бөлігінде қолдан жасалған мылтық қаруына ұқсас зат табылып, 2003 жылы туылған жүргізушісінен айғақ зат тәркіленді. Аталған азамат Атырау облысында жарияланған төтенше жағдай режимін бұзғандығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта 18 жастағы азаматтың жаппай тәртіпсіздікке қатыстылығы бар-жоғы анықталуда.
CaspianLife, 17 қаңтар — Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол қызметінен өкпесіз кеткенін мәлімдеді. Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Қадірменді жерлестер! Өздеріңізге белгілі соңғы болып жатырған жағдайларға байланысты Атырау қаласы әкімі лауазымынан өз еркіммен босату туралы өтініш берген болатынмын. Өтініш қанағаттандырылып, бүгінгі күннен бастап қала әкімі лауазымынан босатылдым. Осы екі жыл Атырау қаласы әкімдігі ұжымы және қоғаммен қызмет атқару кезінде біраз тәжірибе жинақтап, үйренгенім көп болды. Әсіресе қарапайым мұқтаж тұрғындардың, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың алдыма қойған мәселелерінің шешілуіне қолымнан келгенінше көмек көрсетуге баса назар аудардым. Елге келген нәубет пандемия да өзінің ауртпашылығын көрсетті. Бұл…
CaspianLife, 17 қаңтар — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті. Бұл жайында палата сайтында жарияланған президиум төрағасының арнайы үндеуінен белгілі болды. Құрметті әріптестер! Бүгіннен бастап мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы ретіндегі өкілетімді доғаруды ұйғардым. Съез делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды, — делінген үндеуде. Сондай-ақ, ол осы уақыт аралығында бірлесіп жұмыс істеген ұжымға, «Атамекен» сапында еңбек етіп жүрген қатардағы сарапшыларға да, аудандық деңгейдегі филиал басшыларына алғыс білдірген. Тимур Құлыбаев «Атамекен» палатасының…
CaspianLife, 15 қаңтар — Атырау облысы комендатурасының мәліметінше, төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынған. Қаңтардың 5-нен 19-на дейін өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коменданттық сағат енгізілді. Түнгі сағат 11:00-ден таңғы сағат 7:00-ге дейін жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына тыйым салынды. Төтенше жағдай кезінде алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынды. Алайда, бұл шектеуге қарамастан өңірде алкогольдік өнімдерді саудалаған 5 дерек тіркелді. Мәселен, 9 қаңтарда Атырау қаласындағы Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан алкомаркеттердің бірінде 1980 жылғы азаматшаның алкогольдік өнімдерді сатқаны анықталды. Алкомаркеттің иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, сот…
