CaspianLife, 13 қаңтар — Қазіргі уақытта 10 жолаушылар автобусы ұйымдастырылып отыр» деп хабарлайды Атырау облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы. Енгізілген коменданттық сағат кезеңіне орай, Атырау қаласына түнгі уақытта келетін адамдарды тасымалдау үшін, теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың шағын аудандары, оның ішінде қала маңы бойынша 10 жолаушылар автобусы тасымалы ұйымдастырылды. Қала бойынша нақты маршруттар жолаушылар жиналатын орындарда ұйымдастырылды делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 13 қаңтар — Атырау облысында және еліміздің тағы 13 облысында антитеррорлық қауіптің «қызыл» деңгейі алынып тасталды Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында террористік қауіптің «қызыл» деңгейі алынып тасталды, делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі бір мегаполисте және еліміздің үш облысында сақталуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасуда.
CaspianLife, 12 қаңтар — Атыраулық полицейлер облыс орталығында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш қолданып, қорғаныс құралдарын иемденген бұзақыларды ұстауда. Олардың бірі бұрын заңсыз әсері жоғары психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 1997 жылы туылған қала тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде 3 дана әскерилердің оқ өткізбейтін бронды жилеттері тәркіленді. Ал, жаппай тәртіпсіздікке қатысты ұсталған 1991 жылғы күдіктінің үйінен атыс қаруы тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
CaspianLife, 12 қаңтар — Ақтауда түнгі рейспен келетін ұшақ жолаушылары да, оны күтіп алушылар да қиналып жүр. Коменданттық сағатқа байланысты халық әуежайға түнгі 11-ге дейін кіріп үлгеру керек әрі таңертеңгі 7-ге дейін тапжылмай күтуге тура келеді. Мұндай қолайсыздықты шешу үшін арнайы орталыққа арыз түсіргендер бар. Түнгі 12-ге 15 қалғанда комендаттық сағатта келеді самолет. Рұқсат қағаз сұрап келдім. – Жылжымай 7 сағат күтесіз деді ғой? Арыз жаздыңыз ба?-Соған арыз жаздым. Ертеңге дейін хабарласпаса тағы келетін болармын, — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Қазіргі кезде Маңғыстау облысында 8 блокбекет жұмыс істеп тұр. Олар Ақтаудан Жетібай, Құрық ауылдары және Форт Шевченко қаласы бағытында, сондай-ақ…
CaspianLife, 12 қаңтар — Нақтырақ айтқанда, 10 қаңтар күні облыс орталығына жоспардан тыс келген «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексеру барысында 3 азаматтан Алматы қаласындағы «Монами» дүкенінің тауарлары табылды. Ұсталған азаматтар тәркіленген заттарды 5 қаңтар күні Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлағандарын мойындаған. Тексеру барысында Ақтау қаласының 3 тұрғынынан ұрланған заттар анықталды. Яғни, 30 дана әтірсу, 55 дана косметикалық бұйымдар. Аталған іс-шара теміржолдың күзет фирмасы мен ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен жүзеге асырылды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 191 бабының 3 бөлімі 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, — деді Атырау станциясы ЖПБ криминалдық полиция бөлімшесінің…
CaspianLife, 12 қаңтар — Атырау облысы коронавирус инфекциясын жұқтырудың қайта өршуіне байланысты «қызыл» аймаққа енді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 11 қаңтарда 139 адам Covid-19 инфекциясына шалдыққан. Қауіпті вирусты жұқтыру дерегі Атырау қаласында көбейіп отыр. Шаһарда бір тәулікте Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 110 жағдайы расталды. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 29 науқас анықталды. Коронавирус инфекциясы симптомды белгісі 77 науқаста бар. Бұл Атырау облысының «қызыл» аймаққа енуіне басты себеп болып отыр, -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 22 пациент сауығып шыққан. Қазір 190 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, модульдік ауруханада – 142,…
CaspianLife, 12 қаңтар — Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында белгілі болды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың мәліметінше, талдау мәліметтеріне сәйкес, есірткімен байланысты қылмыстардың саны өскен. Қазіргі таңда есірткі құралдары мен психотпроптық заттардың саны 350-ден астам. Тұтынушылардың басым бөлігін жастар контингенті. Құқық қорғау органдары үшін бұл үлкен проблемалық мәселеге айналып отыр. Есірткі саудасы мен алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі ғаламтор арқылы жасалады, — дейді Нұрхат Оразбаев. Оның дерегіне сүйенсек, былтыр облыста 127 қылмыс тіркеліп, заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленген. Қазір…
CaspianLife, 11 қаңтар — Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Атырауда мешіт қызметкері мылтықпен митингте жүр деген ақпарат тарады. Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешіті аталмыш ақпаратты жоққа шығарды. Әлеуметтік желіде мешіт қызметкері делінген адам облыстың бірде-бір мешітінде жұмыс істемейді. Жалған ақпаратқа сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймын,- дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
CaspianLife, 11 қаңтар — Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бір қалыпты, деп хабарлайды Aтырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Айналым схемасы арқылы алынған азық-түлік өнімдері «Идеал» және «Лидер» әмбебап меркеттерінің 36 желісінде, көкөніс өнімдері «Дина», «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» сауда орындарында сатылуда, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат. Оның айтуынша, аймақта азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар. Бұған қоса өңірімізге әлеуметтік нан және бірінші сұрыпты ұн бағаларын тұрақты ұстау мақсатында үш жақты мемарандум жасақталып, 13 мың тонна бидай тасымалдау жоспарланыпты. Аталған меморандум негізінде әлеуметтік нан бағасы 90, ал бірінші сұрыпты ұн 145 теңгеден сатылады. Айта кетейік,…
CaspianLife, 11 қаңтар — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан байлары халыққа көмектесетін кезі келгенін айтты. Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады. «Бұл қорға лотерея қызметі операторының, бәс тігу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдары жіберіледі. Әрине, айтарлықтай тұрақты аударымдар, ірі бизнес тарапынан қорға тұрақты аударымдар күтеміз. Тұңғыш Президент — Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және халықаралық стандарттар бойынша да бай адамдар пайда болды. Енді Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оларға жүйелі әрі тұрақты түрде көмек көрсететін кез келді деп есептеймін. Сондықтан, Үкімет компания тобын жасап,…
