Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 қаңтар  — Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық ауруханаға барып, жаппай тәртіп бұзушылық кезінде жарақаттанған полиция қызметкерлерінің жағдайын білді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде науқастардың жағдайы бірқалыпты. Соңғы мәліметтер бойынша ауруханаға 62 пациент келіп, олардың 7-уі ауруханаға жатқызылды. Екеуі құқық қорғау органдарындарының қызметкері. Жағдайлары жаман емес, — дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев Сонымен қатар, аймақ басшысы тұрақтандыру қорының өнімдері сатылатын супермаркеттердің бірінде болды. Сөрелердегі тауарлардың құны қымбаттамаған. Облыстағы азық-түлік бағасына жауапты қызметкерлердің айтуынша, мониторинг жүргізіліп отыр. Жуықта Павлодардан картоп жеткізіледі. Қазір газ бағасының арзандауына байланысты осыған дейін келген тауарлардың көбі газдың қымбат уақытында келді ғой. Алдағы…

Read More

4 қаңтар – Атыраулықтар сұйытылған газ бағасына наразылық білдірген жаңаөзендіктерді қолдап, митингке шықты. Бейбіт шерушілер «Исатай-Махамбет» алаңына жиналды. 5 қаңтар – Алаңда түнеген тұрғындар митингті жалғастырды. Наразы топ түс ауа облыстық әкімдік алдына барды. Түнде Макс Боқаев пен бірнеше белсенді әкімдік өкілдерімен кездесіп, шенеуніктерге халықтың талабын жеткізді. Әкімдіктегілердің жауабына көңілі толған бір топ азамат алаңға барып, атқамінерлердің іске көшетінін айтты. Ал Макс Боқаев митингті басқарудан бас тартты. 6 қаңтар – Митингтің үшінші күні. Жағдай тұрақтанды. Облыс орталығында сұйытылған газдың бір литрі 50 теңгеден сатыла бастады. Қоғам белсенділері шерушілерді сабырға шақырды. Кешкісін әскерилер тәртіпке көнбегендерді ұстай бастады. 7 қаңтар – Атырау…

Read More

CaspianLife, 10 қаңтар  — Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша Төтенше жағдай кезінде қызмет атқарып жүрген полицейлер блок-бекеттен суық қару өткізбек болған көлік пен түрлі психотроптық  дәрі сатушыларды ұстады.  9 қаңтар күні Атырау қаласына кіре беріс тұстағы блок-бекеттен 10-ға жуық  аңшы пышағын  өткізбек болған көлік анықталды. Сондай-ақ, Департаменттің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында әсері жоғары психотропты дәрілерді өткізбек болған 4 адамды ұстады. Оларды ұстау кезінде 2 тапанша мен 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты  дәрілер тәркіленді.  Полиция тергеу амалдарын бастап кетті.

Read More

CaspianLife, 10 қаңтар  — Маңғыстау облысында 8 блокбекет қойылды. Олар Ақтаудан Жетібай, Құрық ауылдары және Форт Шевченко қаласына апаратын жолдарды бақылайды. Сондай-ақ, Баянды-Әмір тас жолында бақылау-өткізу бекеттері бар, тағы үшеуі Жаңаөзен қаласынан шығатын жолдарды бақылайды. Өңірде түнгі 11 мен таңғы 7 аралығында коменданттық сағат енгізілген. Құқық қорғаушыларға еріктілер көмектесіп жүр. Облыста 109 колл орталығы іске қосылды. Ол арқылы төтенше жағдайға байланысты кез келген сұраққа жауап алуға болады. «Қазақстанның барлық аумағында лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Лаңкестер қару қолданылмаған бейбіт және тыныш аймақтарға, соның ішінде Маңғыстау облысына еніп кетуі ықтимал», — деп ескертті облыс коменданты Жанарбек Бақтыбаев.

Read More

CaspianLife, 5 қаңтар  — Желіде Форт-Шевченко әкімінің мас күйінде түсірілген видеосы тарады. Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев желіде тараған кадрларда «төрт күн демалғанын» айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі InAktau порталына оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, дерек расталса, ол қызметінен босатылады, — деді аймақ басшысының баспасөз қызметіндегілер. Маңғыстау облысының полиция департаменті тәртіп бұзушы қандай жауапқа тартылатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.

Read More

CaspianLife, 5 қаңтар  — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы наразылық ахуалына жол бергендерді атады. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты. Президент былтыр маусымда Маңғыстау облысындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» базасында сұйытылған газ өндіретін жаңа зауыт салу жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын сынға алды. «Қазіргі уақытта жобаның тек техникалық-экономикалық негіздемесі ғана дайындалған. Оны қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Екіншіден, сұйытылған газды тарату және саудаға шығарудың қазіргі тәртібі пысықталмаған. Электронды сауда барысында бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған. Нәтижесінде, Энергетика министрлігі…

Read More

CaspianLife, 5 қаңтар  — Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газ сататын электронды сауда алаңының басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Қазақ газ өңдеу зауыты бүкіл Маңғыстау облысы және елдің басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді. Президент маусымда ғана көгілдір отынды тұтыну кейінгі үш жылда екі есе өскенін, ал бұл зауыт қондырғылары 90 пайыз ескіргенін атап өткен еді.

Read More

CaspianLife, 4 қаңтар  — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдай туралы тағы бір мәлімдеме жасады. Президент үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін мәлімдеді. «Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді», — деді Тоқаев твиттердегі ресми парақшасында. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіп бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма бергенін хабарлады. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс, — деп жазды Тоқаев. Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап…

Read More

CaspianLife, 3 қаңтар  — Жаңаөзен қаласының тұрғындары газ бағасының көтерілуіне орай шеруге шыққан еді. ҚР Премьер-министрі А. Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады,- делінген  Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады. «Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада. Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз…

Read More