Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 желтоқсан — Атырау облысында шуға айналған Абай ескерткішіне бөлінген қаражат туралы дау басылар емес. Мәселен, Атырау облысында 145 миллион теңгеге бағаланған дәл осындай монументті Павлодар қаласының әкімдігі 55 миллион теңгеге орнатқан Екі ескерткіштің де техникалық ерекшеліктерінде айырмашылық жоқ. Тіпті тапсырысты да бір компания орындаған. Ал авторы мүсінші Асқар Нартов. Павлодардағы орталық алаңға былтыр қойылған Абай ескерткішінің биіктігі 10 метр, қоладан жасалған монументтің құны 55 миллион теңге. Ал Атыраудағы жақын күндері ашылуы тиіс 145 миллион теңгеге бағаланған биіктігі 11 метр болатын қоладан тұрғызылған бұл ескерткіш те Асқар Нартовтың қолынан шыққан. Екі мүсіннің де тапсырысын алған «Балқыту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.…

Read More

CaspianLife, 28 желтоқсан — 21 желтоқсан ​ күні ​ Атырау қаласы Полиция басқармасының «102» нөміріне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам «жер алып беремін» деп 5 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен қалтаға басқанын айтқан. Осы жайттан кейін ПД Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті ретінде Атырау ​ қаласының 1985 ж.т тұрғыны анықтап,ұстады. Қазіргі таңда аталған дерек​ бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — Атырау облысы ТЖД қызметкерлері өрт кезінде 5 қабатты үйден 2 адамды құтқарып, 4 адамды эвакуациялады. 27 желтоқсан күні сағат 14.45 шамасында  Маметова 2 көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері 8 ш.м. аудандағы 1 қабаттағы пәтерде қоқыс пен үй заттары жанғанын анықталды. Баспалдақ маршы бойынша 4 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар өздінен журе алмайтын, қозғаласы шектеулі 1953 ж. т. зейнеткерді арқасына арқалап, 4-ші қабаттан баспалдақ маршы бойынша алып шығып, көмек көрсету үшін 103 қызметіне тапсырды. Сондай-ақ, 3 қабаттан үш иінді саты бойынша 1 ер адам құтқарылды. Жалпы 2 адам құтқарылып, 4 адам эвакуацияланды…

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — Бүгін түні бойы жауған жауынның көктайғаққа ұласуы тұрғындарды біраз әбігерге түсірді. Республикалық, облыстық маңызы бар жолдар жабылып, мұзға тайып жарақат алғандар көбейді. Мысалы, облыстық аурухананың зақым-жарақат бекетіне таңертеңнен бері 40 шақты адам келген. Таңертең көктайғаққа байланысты науқастар көптеп келуде. Олардың ішінде қол, аяқ сынғандары, бас-ми шайқалулары көптеп қаралып жатыр. Таңертеңгі 7-ден бері зақым-жарақат бекетіне 40 шақты адам қаралды. Оның үшеуін ауруханаға салдық 00:28 ++ 00:54 Осындай көктайғақта мүмкіндігінше шықпауға кеңес береміз. Сосын шығатын жеріне асықпай жүру керек, қолайлы аяқ-киім киіп. Кедір-бұдырлары бар аяқ-киім кию керек, — дейді Атырау облыстық ауруханасы зақым-жарақат таңу бекетінің дәрігер-травматологы Асхат Бисенғалиев. …

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — 26 желтоқсан күні №14 учаскелік полиция бекетіне Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 33 жастағы тұрғын келіп, 25 желтоқсан күні сағат 23:45 шамасында өздері тұратын үйдің жедел сатысының (лифт) есігін ішімдік ішкен белгісіз ер адамның теуіп сындырып кеткендігі жөнінде арызданған. Полицейлер аталған дерек бойынша бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттеу арқылы жедел сатының (лифт) есігін сындырған сол үйде тұратын 33 жастағы азаматты анықтады. Ол өзінің ашу үстінде тұрған кезінде жедел сатының есігін сындырғанын айтып, өз кінәсін мойындаған. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 14 585…

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — North Caspian Operating Company компаниясы Каспий итбалығының популяциясына және атмосфералық ауа сапасына жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялады. Онлайн және оффлайн форматта өткен дөңгелек үстелге консорциум құрылтайшалары, үкіметтік емес ұйым, экология департаменті өкілдері мен ғалымдар қатысты. Жиын барысында биыл жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша итбалықтар санының 302 мыңнан асқаны айтылды. Яғни, былтырғы дерекпен салыстырғанда олардың саны 6,5 пайызға артқан. Каспий итбалықтарының саны жайлап болса да көбейіп келеді. Алдағы уақытта популяциясы бұрынғыдай болады деген сенім бар. Бірақ, олардың көбеюіне вирустар да кедергі. Оған қоса, итбалықтардың иммунитетіне әсер ететін бактериологиялық факторды ұмытпаған жөн. Сондықтан, түрлі фактордың, климаттың өзгеруі балықтардың көбеюіне…

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — Атырауда 21 желтоқсан күні шамамен 12:50-де 30 жастағы ер адамның көлігінен полиэтилен пакетіне салынған 23-дана бекіре тұқымдас балықтары табылған.  Қылмыстық іс-әрекетті Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шара бойынша «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтаған. Сондай-ақ, аталған 23-дана бекіре тұқымдас балықтарды «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» зауытына тапсырған кезде, жалпы салмағы 67 кг 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталды. Қазіргі уақытта көрсетілген факті бойынша. ҚР ҚК-нің 339 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен аталған қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,- деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы…

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — Атырау қаласының № 2 соты iPad қақпағындағы магнитті жұтып қойған 11 айлық баланың өліміне қатысты іс бойынша облыстық балалар ауруханасы дәрігерлеріне үкім шығарды. Хирург Тілеуғалиев, Зұлқашев, педиатр Тәжғалиева ҚР ҚК-нің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша айыпталған. Бірақ дәрігерлер рақымшылыққа іліккен. Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдың желтоқсанында 11 айлық бала қайтыс болды. Ол iPad қақпағындағы магнитті жұтып қойған. Бұл ретте, сәбидің ата-анасы көмек сұрап, дәрігерлерге жүгінген. Бірақ олар балаға ота жасамай, сәби жұтып қойған зат табиғи жолмен шығады деп сендірген. Сот баспасөз қызметі мәліметінше, 2019 жылғы 22, 23, 26 желтоқсанда кезекшілік еткен…

Read More

CaspianLife, 27 желтоқсан — Ақтауда Ынтымақ орталық алаңындағы құрылысы аяқталмаған «Әткеншек» нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырды. «Сөзім жоқ. Алаңда бақылау камералары жұмыс істейді. Бұзақыларды тауып алу қиын емес, бірақ полицейлер әрекет етпей отыр», — деді жергілікті тұрғын Ғалия. Қала әкімдігі «Әткеншектер» шағын архитектуралық ескерткіштерінің әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді. «Clover media group» ЖШС қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», — деді әкімдік. «Әткеншектер» шағын архитектуралық ескерткішінің құны — 2 553 441 теңге.

Read More

CaspianLife, 25 желтоқсан — Аймақ полициясының мәліметінше, жол апаты Алматы — Қорғас автожолының 134-шақырымында сағат шамамен 10.00-де болған. «Қалың тұманның салдарынан 17 автокөлік жол апатына ұшырады. Бес адам зардап шекті, олар Шелек ауылының аймақтық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. 84-тен 136-шақырымға дейінгі автожол учаскесі жабылды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Read More