Атырауда 145 млн теңгеге бағаланған Абай ескерткіші Павлодарда 55 млн теңгеге орнатылған — Caspian life
Жұма, 20 Мамыр, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырауда 145 млн теңгеге бағаланған Абай ескерткіші Павлодарда 55 млн теңгеге орнатылған

28.12.2021
Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Мәдениет
0
Атырауда 145 млн теңгеге бағаланған Абай ескерткіші Павлодарда 55 млн теңгеге орнатылған

CaspianLife, 28 желтоқсан — Атырау облысында шуға айналған Абай ескерткішіне бөлінген қаражат туралы дау басылар емес. Мәселен, Атырау облысында 145 миллион теңгеге бағаланған дәл осындай монументті Павлодар қаласының әкімдігі 55 миллион теңгеге орнатқан

Оқи отырыңыз...

Атырауда 3-6 мамыр аралығында қай көшелерде ыстық су өшіріледі?

Атырау мен Ақтауда ыстық су өшіріледі

19.05.2022
35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

19.05.2022

Екі ескерткіштің де техникалық ерекшеліктерінде айырмашылық жоқ. Тіпті тапсырысты да бір компания орындаған. Ал авторы мүсінші Асқар Нартов.

Павлодардағы орталық алаңға былтыр қойылған Абай ескерткішінің биіктігі 10 метр, қоладан жасалған монументтің құны 55 миллион теңге. Ал Атыраудағы жақын күндері ашылуы тиіс 145 миллион теңгеге бағаланған биіктігі 11 метр болатын қоладан тұрғызылған бұл ескерткіш те Асқар Нартовтың қолынан шыққан. Екі мүсіннің де тапсырысын алған «Балқыту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Десе де екі ескерткіштің бағасындағы үлкен айырмашылықтың қайдан шыққаны түсініксіз.

Ұлы ақынның мүсінін орнату туралы шешім шығарған Атырау облысы Мәдениет басқармасындағылар бұған тапсырыс беруші қалалық мәдениет бөлімі. Сондықтан құнының қымбаттығына біз жауапты емеспіз деп отыр. Ал бөлімдегілер жобаны да, соманы да шешкен сол басқармадағы комиссия дейді.

Желтоқсан айының басында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішіне бөлінген қаржынының бір бөлігін алмақ болды деген күдікке ілінген еді. Қазіргі таңда іске қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр.

Тегтер: CaspianАбай ескерткішіатырау жаңалықтары
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Атыраулық жас дәрігерлер пәтер кілтіне ие болды

Атыраулық жас дәрігерлер пәтер кілтіне ие болды

Атырауда бір жылда 52 адам радикалды ағымдардан бас тартты

Атырауда бір жылда 52 адам радикалды ағымдардан бас тартты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту

КӨП ОҚЫЛҒАН

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

3 недели бұрын
Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

1 неделя бұрын
Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

4 недели бұрын
Атырау-Астрахань тас жолы жыл соңына дейін ашылуы мүмкін

Атырау-Астрахань тас жолы жыл соңына дейін ашылуы мүмкін

4 недели бұрын
Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

3 недели бұрын
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz