Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 қаңтар  — Ақтауда көліктерін безендірген жүргізушілерге айыппұл салынды, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы ДПД баспасөз қызметі. Патрульдік полиция қызметкерлері 30 желтоқсан күні сағат 20.00 шамасында қала көшелерінен Жыл мерекесіне орай безендірілген көліктерді ұстады. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігі (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жабылды.

Read More

CaspianLife, 2 қаңтар  — 1 қаңтар күні  Индер ауданы Индер кентіндегі Проезд ықшам ауданындағы 5 көшесіндегі үйде өрт шықты. Үйдің кіреберіс бөлмесіндегі ауданы 20 шаршы метр болатын бөлігінде есік және диван ашық отқа оранған. Өрт сағат 18.04-те оқшауланып, сағат 18.50-де толық өшірілді. Зардап шеккендер жок. Өрттің шығуына үйге Жаңа жылды тойлауға келген қонақтардың бірінің шылым шегіп, диванда ұйықтап қалуы себеп болған.

Read More

CaspianLife, 2 қаңтар  —  2022 жылғы 3 қаңтардан бастап зауыттағы ЭЛОУ-АВТ-3, CCR, КУ ГБД және Parisom қондырғылары жоспарлы түрде 9 күнге тоқтатылады. Бұл қондырғылардың жұмысы жоспарлы алдын алу жұмыстары кестесіне сай, биылғы жылдың қыркүйек айында тоқтатылуы тиіс еді. Алайда, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын стратегиялық мұнай өнімдерімен, атап айтқанда, дизель және автомобиль отынымен қамтамасыз ету қажеттілігі назарға алынды. Энергетика министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен алдын ала келісілген жоспарлы-алдын алу жұмысын 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға ауыстыру туралы шешім қабылданды. 2022 жылғы қаңтарда «АМӨЗ» ЖШС төрт технологиялық қондырғысында өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтау шеңберінде статискалық жабдықты диагностикалау, инспекциялау және динамикалық жабдықтың жұмысын тексеру,…

Read More

CaspianLife, 31 желтоқсан — «Қарабах» (Әзірбайжан) паромының 40 жастағы бортмеханігі Қарақиян облысының Жыланды тау ауданына жақын маңда теңізге секіріп кетті. Ер адамның соңынан құтқару шеңбері суға лақтырылып,  іздеу жұмыстары жүргізілген. 28 желтоқсан күні сағат 19:20-да бортында 33 вагоны бар «Қарабах» паромы Алят портынан Қазақ Құрығына шықты. Алайда 29 желтоқсан ауа райының қолайсыздығына байланысты кеме порт жолына барған. Желтоқсанның 30-ы күні таңертең 40 жастағы Захир Мастиев кемеге зәкір қою кезінде паромнан секіріп кеткен. Паром экипажының айтуынша, механик отбасындағы қиындықтарға шағымданып, оны ауыстыруды сұраған. Алайда механикті ауыстыру мүмкін болмапты. Теңізшіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Read More

CaspianLife, 30 желтоқсан —  Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері көше тазалаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне мерекелік сыйлықтар табыстады. Спецавтобазаның жұмысшыларының көңілден тыс қалып кетуі жиі кездеседі. Олар да адамдар, олар да адал еңбек істеп жүр, оларға да көңіл бөлу керекпіз. Демалыссыз таңғы 7 ден кешкі 8-9ға дейін қаланың қоқысын тазалайды, жолдарды қардан ашады. Мұндай ауыр жағдайда жұмыс істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сыйлықтар табыстап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Барша Атырау халқына жаңа жыл құтты болсын,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Мұса Хайруллиев. Барлығы 80…

Read More

CaspianLife, 30 желтоқсан — Атырауда атышулы Абай ескеркішінің ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов және өңірдің зиялы қауымы қатысты. Ұлы Ақынның 175 жылдығына орай қойылған қола мүсіннің биіктігі 11 метр, құны 145 млн теңге. Оны орнату үшін қалалық мәдениет бөлімі биыл қараша айында «Балқыту» ЖШС-мен келісім шартқа отырған. Айта кетейік, жақында осы ескерткішке бөлінген қаражатқа қол салды деп облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінген еді. Бұл ескерткіш 2018 жылы ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен таңдалған болатын. ++Екі ескерткіш жобасының ішінен біреуі таңдалып, Асқар Нартов мүсіншісінің ескерткіші таңдалды. Астындағы…

Read More

CaspianLife, 30 желтоқсан — Ақтауда жас қыз 15-шағын ауданындағы «Оазис» тұрғын үй кешенінің он бесінші қабатынан құлап, көз жұмды. Марқұм пәтердегі терезеден құлап түскен. Полиция департаменті кезекші пультіне шақыру 29 желтоқсанда сағат 17:58-де түскен. Жас қыз 24 жаста еді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Read More

CaspianLife, 30 желтоқсан — Бүгін сағат 08.41-де Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының Телевышка көшесі бойында автокөлік өртенді.  Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, «Toyota Pickup» маркалы автокөліктің мотор бөлігінің жануы орын алғаны анықталды. Қызыл жалын сағат 08.58-де оқшауланып, сағат 09.00-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Read More

CaspianLife, 29 желтоқсан — Атырау облысы мешіттерінің ықпал етуімен бір жыл ішінде 52 адам радикалды көзқарастарынан бас тартып, дәстүрлі мәзһабқа оралды. “Қазіргі уақытта 96 адам дәстүрлі мәзһабқа бейімделуде. Оңалту шаралары кешенді түрде атқарылып келеді. Жат ағымда жүрген азаматтармен жұмыс жеке кездесу, уағыз-насихат бағытында, кейде қайырымдылық шаралары түрінде жүзеге асырылуда” деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Read More

CaspianLife, 29 желтоқсан — Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов денсаулық сақтау саласының 19 жас қызметкеріне ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты пәтер кілтін табыс етті. «Тәуелсіздік жылдары облыстың денсаулық сақтау саласы қарқынды дамыды. Салаға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Денсаулық сақтау саласы 100 процентке цифрландырылып, өңірдің медициналық ұйымдарына жаңа технологиялар​ енгізілуде. Қазір облыстың медициналық техникалармен жабдықталу көрсеткіші 91 процентке жетті. Облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының базасы 100 пайызға толықты. 30 жылда облыста 65 денсаулық сақтау ғимараты қолданысқа берілді. Аудандардың барлығында жаңа емханалар бой көтерді. Осындай жемісті жұмыстардың арқасында тұрғындардың орташа өмір сүру көрсеткіші 66 жастан 70,5 жасқа дейін артты. Қазір…

Read More