Атыраулық жас дәрігерлер пәтер кілтіне ие болды — Caspian life
Жұма, 20 Мамыр, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Атыраулық жас дәрігерлер пәтер кілтіне ие болды

29.12.2021
Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
Атыраулық жас дәрігерлер пәтер кілтіне ие болды

CaspianLife, 29 желтоқсан — Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов денсаулық сақтау саласының 19 жас қызметкеріне ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты пәтер кілтін табыс етті.

Оқи отырыңыз...

Атырауда 3-6 мамыр аралығында қай көшелерде ыстық су өшіріледі?

Атырау мен Ақтауда ыстық су өшіріледі

19.05.2022
35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

19.05.2022

«Тәуелсіздік жылдары облыстың денсаулық сақтау саласы қарқынды дамыды. Салаға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Денсаулық сақтау саласы 100 процентке цифрландырылып, өңірдің медициналық ұйымдарына жаңа технологиялар​ енгізілуде. Қазір облыстың медициналық техникалармен жабдықталу көрсеткіші 91 процентке жетті. Облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының базасы 100 пайызға толықты. 30 жылда облыста 65 денсаулық сақтау ғимараты қолданысқа берілді. Аудандардың барлығында жаңа емханалар бой көтерді. Осындай жемісті жұмыстардың арқасында тұрғындардың орташа өмір сүру көрсеткіші 66 жастан 70,5 жасқа дейін артты. Қазір облыс халқының саны 433 мыңнан 665 мың адамға дейін жетті»,-деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.​ ​

Аймақ басшысының айтуынша, келер жылы 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау, жаңа 2 нысанының құрылысын бастау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында облыстық аурухана базасынан 20 төсектік гемодиализ орталығын ашу жоспарда тұр.

Дүниежүзін жайлаған коронавирус індетімен күрес – қарусыз майдан десек те болады. Осы індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің еңбектері ұшан-теңіз. Сіздер үй-жайды ұмытып, уақытпен санаспай, науқастарды емдеуде қолдан келген көмектің барлығын жасап жатырсыздар. Осы еңбектеріңіз үшін өзімнің және барлық Атырау халқының атынан алғысымды білдіремін»,-деді облыс әкімі

Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген Атырау облысының бір топ дәрігерлеріне «Халық алғысы» медалі табыс етілді. Оған қоса 19 жас медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ, марапатталушылар және дәрігерлер атынан Геолог емханасының дәрігері Бағдәулет Рахманұлы сөз сөйлеп, құттықтау тілегін білдірді.

Әріптестер, бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Бізге осындай үлкен мүмкіндік беріп отырған облыс әкіміне және Денсаулық сақтау басқармасына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта денсаулық сақтау жолында аянбай еңбек етуге әзірміз»,- деді ол.

Айта кетейік, соңғы 30 жылда жаңадан келген жас мамандарды тұрғын үймен қамту мақсатында медицина қызметкерлеріне 89 қызметтік пәтер.

Тегтер: Caspianатырау жаңалықтарыдәрігерлерге пәтер
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Атырауда бір жылда 52 адам радикалды ағымдардан бас тартты

Атырауда бір жылда 52 адам радикалды ағымдардан бас тартты

Атырауда автокөлік өртенді

Атырауда автокөлік өртенді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту

КӨП ОҚЫЛҒАН

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

3 недели бұрын
Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

1 неделя бұрын
Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

4 недели бұрын
Атырау-Астрахань тас жолы жыл соңына дейін ашылуы мүмкін

Атырау-Астрахань тас жолы жыл соңына дейін ашылуы мүмкін

4 недели бұрын
Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

3 недели бұрын
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz