CaspianLife, 11 қаңтар — Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша кіріс көздері қажет екенін айтты. Шикізат бағасы жоғары болған жағдайда тау-кен өнеркәсібінде кәсіпорындар кірісі өсті. Біз мұны білеміз. Мен Үкіметке бюджетке қосымша кірістер мәселесін пысықтауды тапсырамын. Оның орнына кең көлемде қамтамасыз ете аламыз. Жаңа кен орындарын барлау мен игеруді ынталандыру. Оның есесіне, жаңа кен орындарын барлау мен игеруге жеңілдіктер беруге болады. Мен ірі тау-кен компаниялары және басқа да ірі компаниялар туралы айтып отырмын. Қолайлы нарық жағдайында бензин өндірушілер мен әртүрлі делдалдар қосымша пайда алады. Бұл маржаның бір бөлігін акциздер арқылы бюджет пайдасына құю қажет деп санаймын, -…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 11 қаңтар — Шетелден жеткізілген көліктің утилизациялық алымдарын жекеменшік компания алатын және оның құны өте қымбат болатын. Бұл туралы бүгін Парламент отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Айта кетейік, бұған дейін шетелден жеткізілген көліктің утильалымдарын жекеменшік компания алатын және оның құны өте қымбат болатын. Президент утилизациялық алымдарын енді мемлекет жинайтынын және оның құны қайта қаралатынын мәлім етті. «Оператор РОП» деп аталатын компанияның жұмысына қатысты сұрақ көп. Тіпті, оның қызметіне қарсы бір қоғамдық қозғалыс құрылғаны да белгілі болды. Мен үкіметке «Оператор РОП» компаниясының утильалымдар алуын және утильалымдарға қатысты қызметін тоқтату туралы тапсырма беремін. Бұл жұмысты шетелдегідей мемлекекеттік орган атқаруы…
CaspianLife, 11 қаңтар — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын айтты. Үкімет пен депутаттар, әкімдердің еңбекақылары, шығыс туралы баптар мәселесі өткен жылдың соңында талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер мұны түсінеді деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз, — деді Президент.
CaspianLife, 11 қаңтар — Жаппай тәртіпсіздіктен соң Атырау мемлекеттік университетінде қалған 21 студент азық-түлікпен қамтамасыз етілді. «Біздің университетте еліміздің жас өрендерімен бірге, шетелдің жастары да жоғары білім алады. Шетелдік студенттердің басым бөлігі – Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының тұрғындары. Шетелден келіп оқитын қандастарымыз жергілікті студенттермен бірге жатақхана тұрады. Жаппай тәртіпсіздіктен соң университет жатақханасында 21 студент қалған еді. Оның ішінде Өзбекстаннан – 8, Қытайдан – 3, Ираннан – 1, Моңғолиядан 1 студент бар. Өзгелері – өз еліміздің азаматтары», -дейді университет ректоры Саламат Идрисов. Ректордың айтуынша, жатақханада қалған студенттерге азық-түлік жеткізіліп берілген.
CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау облысында сұйытылған газ сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды. Олар «бағаны көтеру бойынша өзара келісім жасасқан» деген күдікке ілініп отыр. Мұны ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады. Сұйық газ сататын кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жауапқа тартылады. Яғни шағын және орта кәсіпкерлер кірісінің3% -ы , ірі кәсіпкерлік субьектілері кірісінің 5% -ы көлемінде айыппұл салынады, — деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Айгүл Нәбиева. Егер жанар-жағармай бекеттерінде бағаны негізсіз өсіру дерегін байқасаңыз, 27 01 14, 8 702…
CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау облысында төтенше жағдай талаптарын бұзған 78 факті тіркеліп, әкімшілік іс қозғалды. Атырау облысы бойынша төтенше жағдай кезіндегі жағдай толықтай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды. Атырау қаласына кіре беріс барлық тасжолдарда блок-бекеттер жұмысын жүргізуде, қалаға кіріп-шығатын барлық көліктердің жолаушылары мен жүксалғыштары толықтай тексерілуде. Облыста коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін сақталып, осы уақыт аралығында облыс орталығына кіруге тиым салынғанын ескертемін. Қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін полицияның жеке құрамы 100 пайыз күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Тұрғындардан қандайда бір ұйымдасқан топтардың құқықбұзушылығын байқасаңыз міндетті түрде 102 операторына хабарлауын сұраймын. Сонымен қатар, Сіздерден үйлеріңізден шықпауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, төтенше…
CaspianLife, 10 қаңтар — Маңғыстаулықтар ҚР ҰҚК академиясының 19 жастағы курсанты Мейірхан Бітіммен қоштасты. Ол Алматы қаласында болған қақтығыс кезінде бүлікшілердің қолынан қаза тапқан еді. Қайғыға ортақтасқандар алдымен марқұмның шаңырағына барып көңіл айтты. Қаралы митинг «Достық» үйінде жалғасты. Менің баламды халық танысын деп, халық білсін деп осындай митинг жасап жатқаныңызға мың да бір алғыс айтамын. Ер балдарды дұрыстап тәрбиелеу керек, азаматшылық, намысты, әке-шешесін тыңдайтын балалар керек. Қаттырақ ұстау керек жігіттерді, өте қатты ұстасаңдар міне осындай азаматтар өседі, — деді Мейірхан Бітімнің әкесі Ержан Кезбаев. Жиналғандар қыршын кеткен жастың қаскөйлерге қасқайып қарсы тұрған ерлігін, қайсар мінезі мен ұлтжандылығын айтып, үлгі алуға…
CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау теміржолшылары жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаровтың мәліметіне сүйенсек, жергілікті теміржолшылар қан қорын молайтуды ұйғарған. «Елімізде болған жаппай тәртіпсіздіктен құқық қорғау органдары мен әскерилердің қаза тапқаны жанымызға батып отыр. Зардап шеккендер де аз емес. Атырау теміржол бөлімшесінде жұмыс істейтін 2000-ға жуық теміржолшы жарақат алғандарды қолдау үшін қан тапсыруға ұйғарым жасады. Кеше 70-ге жуық теміржолшы жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккендер үшін қан тапсырды», -дейді Елубай Сапаров. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздіктен 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алғанын хабарлаған едік.
CaspianLife, 10 қаңтар — Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі әлеуметтік желілерде жүрген ақпаратты жоққа шығарды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Карин Алматыдан басқа Маңғыстау облысына ҰҚШҰ-ның әскерлері орналасты деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Осы өңірде (Маңғыстау облысында — ред) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) әскері орналасқан деген қауесет шындыққа жанаспайды. Облыстағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге өз еліміздің қарулы күштерінің және Ұлттық ұланның бөлімшелері ғана жұмылдырылған», — деп жазды бүгін ол ресми парақшасына. Карин сондай-ақ, екі бұрын ғана өңірден оралғанын, аймақтағы жағдай қазір тұрақталғанын хабарлап отыр. «4-8 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында болдым. Онда…
CaspianLife, 10 қаңтар — 10 қаңтар — Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Кейінгі күндері болған қақтығыстар кезінде қайтыс болған азаматтардың туған-туысқандары мен отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтқан болатын. «Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Осы трагедиялар кезінде қайтыс…
