Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 қаңтар  — Атырау облысында қатты жел шатырды ұшырып, электр бағанын көліктің үстіне құлатты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті кеше өңір тұрғындарына 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 23-28 м/секіндына жететінін ескерткен еді. «Бүгін, 15 қаңтарда қатты жел Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде шатырларды ұшырып әкетті. Бұл туралы бүгін диспетчерлік пультке сағат 14:32-де хабар түсті. Кенттегі Д.Қонаев көшесінде орналасқан мектеп пен 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры бүлінді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар М.Әуезов атындағы орта мектептің екі қабатты ғимаратында 828, ал, тұрғын үйде 974 шаршы метр шатырдың аумағы бүлінгені анықтылды. Жел ұшырған шатыр электр бағанасын «Тойота-Камри 70» маркалы автокөліктің үстіне…

Read More

CaspianLife, 14 қаңтар  — Оның ішінде қайталап бұзған 69 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Әкімшілік сотта 34 тұрғынға қатысты іс қаралып, 19-ына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сот тағы 15 адамға ескерту берді. Қазір желі пайдаланушылары арасында ағымдағы жылдың 2-8 қаңтарындағы қайғылы оқиғалар туралы бейнероликтер белсенді түрде тарауда, олардың астындағы жазбалары шындыққа сәйкес келмейді. Бұл халық арасындағы әлеуметтік шиеленістің жаңа толқынының пайда болу қаупін тудырады. төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілік…

Read More

CaspianLife, 14 қаңтар  — 13 қаңтардан бастап, атыраулықтар жолаушыларды коменданттық сағат кезінде әуежай мен теміржол вокзалдарынан қарсы алып, шығарып сала алады. Ол үшін жолаушыда жол жүру билеттері (суреті) және жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек. Шығарып салушы да жеке куәлігін алып жүруі қажет. Атырау облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы коменданттық сағат кезеңіне орай, Атырау қаласына (түнгі уақытта) келетін адамдарды тасымалдау үшін, теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың шағын аудандары, оның ішінде қала маңы бойынша 10 жолаушылар автобусы тасымалын ұйымдастырды. Бұған дейін хабарланғанындай, Атырау облысында түнгі сағат 23.00-ден таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Read More

CaspianLife, 14 қаңтар  — Коронавирус инфекциясының “Омикрон” штаммының таралуына байланысты, Атырау облыстық перинаталдық орталығы серіктеспен босануға тыйым салды. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін серіктеспен босануға рұқсат етілмейді. Еске сала кетелік, пандемия басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын 1 013 586 адам жұқтырды. Тек соңғы тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы 9 122 адамнан анықталды. Оның ішінде, 243 дерек соңғы бір тәулікте Атырау облысы аумағында тіркелді.

Read More

CaspianLife, 14 қаңтар  — 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тас жолының 15 шақырымында маркасы Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген Ваз 2115 автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ваз 2115 автокөлігінің 1996 ж.т., жүргізушісі және 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары барысында Ваз 2115 авткөлігінің жүргізушісі көлік жүргізу куәлігін алмағаны анықталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Read More

CaspianLife, 13 қаңтар  —  Бүгін, 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстан территориясынан шығарыла бастайды. Әскерилерді шығару мерзімі 10 күнге созылады деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазір елімізде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстаннан келген 2000-ға жуық әскери қызметкер бар. Шетелдік контингент стратегиялық нысандарды күзетуді Қазақстанның әскери қызметкерлеріне тапсырды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы контингенті Қазақстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан жоқ. Олар Алматыдағы және қалаға іргелес аудандардағы стратегиялық объектілерді күзетуге жұмылдырылды. Еске сала кетелік, 11 қаңтар күні Мәжілістің пленарлық отырысына қатысқан Президент Қасым — Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерилері Қазақстандағы бітімгершілік миссиясын сәтті аяқтағанын атап өткен еді.

Read More

CaspianLife, 13 қаңтар  — Маңғыстау облысының коменданты әлеуметтік желі қолданушыларын жағдайды ұшықтырмауға шақырды. «Әлеуметтік желілердегі бейнежазбаларға нақтыланбаған мәліметтер келтіріп, коментарий жазу тұрғындар арасында шиеленістің жаңа толқынын тудыруы мүмкін»,-деп жазды, Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев.

Read More

CaspianLife, 13 қаңтар  — Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесіне тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды  ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын сататын ірі алты компанияға қатысты тергеуді бастады. «Қазмұнайгаз» АҚ, «Петросун» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС компаниялары ТМД аумағында көтерме саудада шикізат бағасын шектен тыс асырды деген күдікпен тексерілмек.

Read More

CaspianLife, 13 қаңтар  — Ауғанстаннан эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен екі айлық Сохаил Ахмади отбасымен қайта қауышты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Сәби өткен жылдың тамыз айында жоғалып кеткен. Ол кезеңде «Талибан» қозғалысы елге баса-көктеп кіріп, мыңдаған адамдар жедел түрде Ауғанстаннан тым-тырақай қашып жатты. Әуежайға адамдар топ-тобымен кіріп жатқандықтан, Сохаилдің ата-анасы сәбиді қақпа арқылы америкалық әскери қызметшіге берген. Бұл әуежайдағы қалың ел арасында қысылып қалмау үшін жасалған сақтық еді. Алайда сәбидің ата-анасы айлақ аумағына аман-есен кірген соң, сүткенжесін таба алмай қалған. Сәбиден көз жазып қалған ерлі-зайыптылар амалсыз үлкен балаларын алып, эвакуациялық рейспен Кабулдан ұшып кеткен көрінеді. Кейін әкесі Мырза Әли Ахмади…

Read More

CaspianLife, 13 қаңтар  — Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің жауынгерлері қала әкімдігін бұзақылардан қорғады. Қақтығыс барысында аталған әскери бөлімнің 28 жауынгері жарақат алған. Солардың бірі — қатардағы Диас Самат. Ол жаппай тәртіпсіздік басталған күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып, алдыңғы қатарда тұрды. Бастапқыда барлығы бейбіт шеру ретінде басталды. Бізге күш қолданбау туралы бұйрық берді. Өйткені, ондағы адамдар бейбіт тұрғындар. Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметті қамтамасыз етіп сапта тұрдық. Бір кезде топ ішінен жас жігіттер шығып, бізге шабуыл жасады. Қолдарына түскен заттың барлығын лақтырды, арматура, тас, кейде газ баллондары да іске жұмсалды. Мен арттағы қарулас…

Read More