Жоғалып-табылған сәби — Caspian life
Бейсенбі, 19 Мамыр, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Жоғалып-табылған сәби

13.01.2022
Әлем, Жаңалықтар, Қызықты мәліметтер, Оқиға
0
Жоғалып-табылған сәби

Оқи отырыңыз...

Атырауда 3-6 мамыр аралығында қай көшелерде ыстық су өшіріледі?

Атырау мен Ақтауда ыстық су өшіріледі

19.05.2022
35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

19.05.2022

CaspianLife, 13 қаңтар  — Ауғанстаннан эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен екі айлық Сохаил Ахмади отбасымен қайта қауышты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Сәби өткен жылдың тамыз айында жоғалып кеткен. Ол кезеңде «Талибан» қозғалысы елге баса-көктеп кіріп, мыңдаған адамдар жедел түрде Ауғанстаннан тым-тырақай қашып жатты.

Әуежайға адамдар топ-тобымен кіріп жатқандықтан, Сохаилдің ата-анасы сәбиді қақпа арқылы америкалық әскери қызметшіге берген. Бұл әуежайдағы қалың ел арасында қысылып қалмау үшін жасалған сақтық еді.

Алайда сәбидің ата-анасы айлақ аумағына аман-есен кірген соң, сүткенжесін таба алмай қалған. Сәбиден көз жазып қалған ерлі-зайыптылар амалсыз үлкен балаларын алып, эвакуациялық рейспен Кабулдан ұшып кеткен көрінеді.

Кейін әкесі Мырза Әли Ахмади мен анасы Сурая бірнеше ай бойы оның қайда екенін анықтауға тырысты. Дегенмен қараша айында Reuters агенттігінде жарияланған ақпараттан кейін бала табылды. Сәби осы уақытқа дейін кабулдық такси жүргізушісі Хамид Сафидің отбасында тұрып келген. 

Хамид Сафи баланы әуежай маңында жерде жылап жатқан жерінен тапқан. Оның айтуынша, жанында ешкім болмапты. Әке-шешесін іздеп таба алмағандықтан, такси жүргізушісі баланы асырап алмақ болып, үйіне әкелген. Тіпті, балаға Мохаммад деп ат та қойған екен. 

Сохаилдің өзге отбасында тұрып жатқаны анықталған соң, Бадахшанда тұратын сәбидің атасы Кабулға дереу аттанған. Ол немересін алып кетпек болғанымен, Хамид Сафи қарсылық білдірген. Тіпті, өздерінің талабын да айтқан. Сохаилді қайтарудың қайтарымы ретінде такси жүргізушісі өз отбасын АҚШ-қа эвакуациялауға ықпалдасуын өтінген. 

Осылайша Сохаилдің отбасы мен Хамид Сафидің арасындағы келіссөз жеті аптаға созылды. Ақырында іске «Талибан» полициясы араласып, сәбиді тауып алған Хамид Сафиді қысқа мерзімге тұтқындаған. Дегенмен екі отбасы өзара келісіп, бала өткен сенбіде туған атасына қайтарылды. 

Бұл жаңалықтан кейін Сохаилдің ата-анасы қатты қуанғандарын жеткізді. Олар елдер арасындағы саяси салқындық қалыпқа келе салысымен Сохаилді өздері қазір тұрып жатқан Мичиганға алып кетуге үміттенеді. 

 

Тегтер: Caspianауғанстанәлем жаңалықтарыжоғалған сәбиСохаил Ахмади
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
«ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңсесінде тексеру жүріп жатыр – агенттік

«ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңсесінде тексеру жүріп жатыр – агенттік

Маңғыстау облысының коменданты жағдайды ұшықтырмауға шақырды

Маңғыстау облысының коменданты жағдайды ұшықтырмауға шақырды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту

КӨП ОҚЫЛҒАН

Атырау қаласының әкімі жер телімін алғаны жөніндегі айыптауларға жауап берді

Атырау қаласының әкімі жер телімін алғаны жөніндегі айыптауларға жауап берді

1 месяц бұрын
Атыраулық балықшылар 190 келі бекіре балығын ұстады (видео)

Атыраулық балықшылар 190 келі бекіре балығын ұстады (видео)

1 месяц бұрын
Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

3 недели бұрын
Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

1 неделя бұрын
Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

4 недели бұрын
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz