Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 21 қаңтар  — Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы қартың көршісінен хабар түскен. «Атырау қаласының Абай көшесіндегі көпқабатты үйде тұратын қарт ана 20 қаңтарда пәтерінің есігін іштен аша алмай, құлап қалған. Кейуананың көмек сұраған айқайын көршісі естіп, департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 20:22-де хабар берді. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге пәтер есігін арнайы құралмен ашып берді. Ал, пәтерге кірген қарт әйелдің еденде құлап жатқаны анықталды. Жедел жәрдем қызметкерлері кейуанаға алғашқы медициналық көмек көрсетті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 21 қаңтар  — Түркістан облысында шенеунік журналисті өлтіруге тапсырыс берген. Ол сарыағаштық блогердің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған. Облыстық ПД бастығы Қайрат Дәлбековтың айтуынша, бүгінгі таңда аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталған. Оның бірі — аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы екені белгілі болған. «Адам өлтіруге оқталған екі күдікті Шымкенттен ұсталды. Олардан заттай айғақ ретінде ВАЗ (2107/21110) маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмыс жасағаны үшін берілетін ақшаға сатып алған. Сондай-ақ олардан 16 калибрлі патрондар алынды. Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі, яғни шенеуніктің осы қылмысқа тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 млн…

Read More

CaspianLife, 21 қаңтар  — Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау облысындағы эпидемиологиялық ахуалды жақсартуды тапсырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрі онлайн форматта өткен коронавирус инфекциясына қарсы республикалық штаб отырысын Атырау облысындағы эпидемиологиялық ахуал қаралған. Оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, емханалары мен аурухана басшылары қатысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметінше, өңір 11 қаңтарда «қызыл» аймаққа өткен. Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру 29%-ға өскені байқалады. «Орташа есеппен тәулігіне 500-ден астам науқас тіркеліп отыр. Індетке шалдығушылар санының артуына байланысты 13 қаңтарда резервтен…

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар  — Оқиға бүгін сағат 09:00 шамасында болған. Атырау облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес Атырау-Индер тасжолында Volvo маркалы жүк көлігінің 1990ж.т., жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай көлік құралы аударылған. Жүк көлігі Түркменстан елінен Ресей еліне қызанақ өнімін тасымалдау үшін жолға шыққаны белгілі болды. Көлік Маңғыстау облысының тұрғынына тиесілі.

Read More

CaspianLife, 20  қаңтар  — Атырау қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Азамат Қарамұратовтың айтуынша, жасөспірімдердің жоғалуының басты себебі – ата-анасын хабардар етпей кетіп қалуы. «Жаспірімдердің көпшілігі ата-анасымен келісе алмаудың себебінен жоғалады. Енді бірі ата-анасынан көз жазып қалады. Былтыр Атырау қалалық полиция басқармасының «102» арнасына жасөспірімдердің үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы 46 арыз түсті. Полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімнің бәрін тауып, отбасымен қауыштырды. Кәмелетке толмағандардың арасында үнемі жоғалатын жасөспірімдер бар. Мәселен, бір жасөспірім үйінен 3 рет кетіп, қайта оралғысы келмеген. Қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды», — дейді Азамат Қарамұратов.

Read More

CaspianLife, 20  қаңтар  — Маңғыстау облысында жұмыс орнын саудаға салған келіншек үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел танысына мұғалім қызметін сатпақ болған. Ол кез келген аймақты таңдап, сол жерге жұмысқа кіргізетінін айтыпты. Ол қызмет үшін 750 мың теңге (шамамен 1700 доллар) сұраған. Жас маман ақшаны бергенімен, қалаған орынға ие болмай, полицияға арыз жазған. «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотталушы бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. «Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді және жәбірленушіден кешірім сұрады. Сондай-ақ ол соттан өзіне қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды», -…

Read More

CaspianLife, 19  қаңтар  — Облыстық қаржы басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаевтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде әкімдік ғимаратына келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құраған. «Ғимараттың сынған 11 терезесін қалпына келтіруге 2,5 миллион теңге жұмсалды. Облыстық әкімдік ғимаратынан бірнеше ноутбук, кіреберісте тұрған Мемлекеттік ту ұрланған. Кабельдер бүлінген. Кабинеттердің есіктері зақымданған. Келтірілген зиянның бір бөлігі қолда бар қорлар есебінен өтелді», — дейді Азамат Сәлімбаев. Сондай-ақ «Исатай-Махамбет» орталық алаңы бүлінген. Алаңға келтірілген шығын 3 миллион теңгеге бағаланған. Қазір алаңда қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға таялды.

Read More

CaspianLife, 19  қаңтар  — Атырау облысында төтенше жағдай кезінде 254 әкімшілік хаттама толтырылып, 46 адам қамауға алынған. Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 5-19 қаңтар аралығындағы төтенше жағдай режимі кезінде стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. «Облыс орталығында — 4, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 1 блокбекет орнатылып, автокөліктерді тексеру жүргізілді. Атырау қаласындағы 6 көпірдің екі жағынан 12 бекет қойылды. Коменданттық режимді бұзғандарға 254 әкімшілік хаттама толтырылып, 46 адам әкімшілік қамауға алынды. Ал 19 адамға айыппұл салынып, 117 адамға ескерту берілді. Төтенше жағдай талаптарын орындамауға қатысты 2 дерек анықталды. Осы кезеңде алкоголь ішімдіктерін сатқан 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,…

Read More

CaspianLife, 19  қаңтар  — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Kazakh osseter зауыты бекіре балығының қара уылдырығын алғаш рет шығара бастады. Ғылыми-өндірістік кәсіпорын 7 жылдан бері жұмыс істейді. Ондағы мамандар Каспий теңізіндегі бекіре балығының 6 түрін арнайы су бассейндерінде өсіріп келеді. 2*10*-уылдырық алу үшін 2,5 ай бұрын зимовка, қыстау жасақтадық. Содан соң білікті мамандарды шақыртып, балықтарды ультрадыбыстық зерттеуден өткізгенбіз. Тәулігіне толғақ шақыртатын Мәскеуден арнайы әкелінген укол салдырдық. Қыстау жері температура +1 +2 болуы керек, — дейді Kazakh osseter зауытының басшысы Тұрсынгүл ЖАҚЫПОВА. Нәтижесінде бекіреден уылдырық алына бастады. Оны мамандар сүзгіден өткізіп, тазартады. Сонан соң 72 градуста қайнатылған ыдыстарға уылдырықты салып, оны арнайы…

Read More

CaspianLife, 19  қаңтар  — Атырау облысында жыл басынан бері мас күйде көлік жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылған. Автокөлікті мас күйде басқарған мас жүргізуші қылмыскермен тең. Патрульдік полиция қызметкерлері биылғы 1-18 қаңтар аралығында мас күйде көлік жүргізген 30-ға жуық жүргізушіні ұстады. Мәселен, 4 қаңтарда сағат 03:20 шамасында Атырау қаласына жақын орналасқан Томарлы ауылында «Nissan Teana» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 1995 жылғы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Ал, 11 қаңтарда түнгі сағат 00:40 шамасында шаһардағы «Вокзал маңы» шағын ауданынан тоқталыған «ВАЗ – 21144» автокөлігін жүргізген 32 жастағы жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас…

Read More