Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 желтоқсан — Атырауда ауа-райының қолайсыздығынан ұсақ жол-көлік оқиғалары көбеюі мүмкін. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа-райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін. Мәселен, 24 желтоқсан күні сағат 10:40 шамасында маркасы Lexus 470 маркалы көлік құралы Азаттық көшесімен келiп, Әуезов көшесіне солға бұрылу кезiнде көлігі тайып кетіп бағынбай, басқару жүйесін игере алмай, бағдаршам бағанасына соқтығысқан.

Read More

CaspianLife, 24 желтоқсан — Желіде Атыраудағы Исатай және Махамбет алаңдарына қойылған бас шыршаны безендіру сәті түсірілген сурет тарады. Кадрда жұмысшы кранға ілініп тұрғаны көрінеді.  Суретке қатысты желі қолданушылары «Spider man өзгерген», «Технология көмегі», «Мереке үшін не істемейсің?» деген сынды пікірлер қалдырған болатын. Атырау қаласы әкімдігі қауіпсіздік ережесін бұзғандарға шара қолданылатынын мәлімдеді. «Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Шара қолданылады», — деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

Read More

CaspianLife, 23 желтоқсан — Жұбан Молдағалиев көшесі бойындағы нөмірі 26 шы жатақхананың тұрғындары жарыққа жарымай отыр.  Олар бір жанып, бір өшіп ойнап тұратын электр жарығы проблемасын бірнеше жылдан бері шеше алмай, шаршадық дейді. Бұрын тұрғын үй ПИК-ң қармағында болған, бірақ бес жыл бұрын оның құрамынан шығып, үйді басқару бойынша бастамашыл топ құрылыпты. Бірақ мәселе сол қалпы.  Біз өткен жылы электр торабы үшін 5 мың теңгеден жинап, жөндегенбіз. Бірақ ол тек 2-3 айға жетті. Мысалы 5 қабатқа көтерілсеңіз тоқтар салбырап тұрады. Бұл жатақханада зейнеткердер, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер тұрады. Қайда көмек сұрап барсақ та, үй иесіз, әрі апатты жағдайда деп шығарып…

Read More

CaspianLife, 23 желтоқсан —  Жыл басынан бері Атырау қаласының аумағында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен 50 оқиға орын алып, салдарынан 41 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары көлік жүргізушілерінің тарапынан жиі орын алып, жаяу жүргіншілер зардап шегуде, — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Ендеше неліктен заңмен белгіленген арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан өту барысында соншама адам жол-көлік оқиғасына ұшырайды? Себебі жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтерде жаяу жүргінші көлік келе жатыр ма, баяу жүріп келе ме немесе таяп қалды ма – оған мән бере қоймайды. Ол өзінің аяқ ұшы жаяу жүргінші жолағына тиді…

Read More

CaspianLife, 23 желтоқсан — Ақтауда жаңа жылдық екі шыршаны орнатуға қалалық бюджеттен 47 миллион теңге жұмсалған. Жергілікті басшылықтың сөзінше, шырша ағаштары соңғы бес жылда жаңартылмай, мүлдем ескіріп қалған көрінеді. Сондай-ақ, конструкцияны өткен жылы екпінді жел құлатып, бүлдірген. Шыршаны безендіру үшін жарияланған тендерде пластикалық қызғалдақтар орнатумен аты шыққан компания жеңіске жетті. Енді жаңа жоба әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Келісімшарт қазан айының ортасында жасалған. Қазір жеңімпаз компания облыс орталығын безендірумен айналысып жатыр. Екі алаңға қойылған әр шыршаның биіктігі он бес метр. Үш жыл бойы пайдалануға болады. Алған мекеме оның авторлық өзінің жеке құқығы бар. Яғни ол ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркелген. Яғни…

Read More

CaspianLife, 23 желтоқсан — Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты 22 желтоқсанда Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Сот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді. Айта кетейік, тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып,…

Read More

CaspianLife, 23 желтоқсан —  Ақтауда 395 салымшыны алдап кеткен құрылыс компаниясы 10 жылға сотталды. Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпкер Орақ Қоштаев аяқталмаған үйлердегі пәтерлерді бірнеше клиентке сатқан. Ол 395 салымшыдан 1,8 миллиард теңге алған. «Тастемір LTD» құрылыс компаниясының бұрынғы директоры халықтан ақша алып, оларға төрт үйден пәтер беруге уәде берген. Бірақ іс жүзінде ешқандай үй салынбаған. Нысандарды тапсыру мерзімі өткенде, ол сатып алушылардан жасырына бастаған. Алаяққа қатысты сот ісі бірнеше айға созылды. Одан әзірге 423 миллион теңге ғана өндірілген. «Қашаевқа жаза тағайындау кезінде сот тергеу органдары кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды көрсетпегенін ескерді. Сондықтан сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің…

Read More

CaspianLife, 22 желтоқсан —  Желтоқсан айының басында Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілмеген 160 әлеуметтік пәтерге байланысты жанжал шыққан болатын. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің жұмысына тексеріс жүргізген есеп комитетінің өкілдері мәлімдеді. Құжатта қалалық құрылыс бөлімінің 173 пәтерді жалпы құны 1.4 млрд теңгеге сатып алғаны көрсетілген. Бірақ, соның ішінде 160 пәтер кезекте тұрғандарға екі жыл бойы берілмепті. Қала әкімі Қайрат Оразбаев мұның шындыққа жанаспайтындығын айтып, пәтерлердің кезегі келген мұқтаж отбасыларға түгел берілгенін жазды. Және тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің бірі кінәлі болып шықты. Есеп комитетіне берілген мәліметтер қате жіберілген. Ол пәтерлер бәрі оған дейін бөлінген. 2019-2020…

Read More

CaspianLife, 22 желтоқсан — Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында 1 млрд 303 млн теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды. Бұл жайт мемлекеттік аудит кезінде белгілі болды. Аталған сомманың 903 млн теңгесі жоспардан тыс жұмсалса, 370 млн теңгеден астам ақша тиімсіз пайдаланылған. Тексеру басқармаға қарасты 15 нысанда жүргізіліпті.  Жыл басында бекітіліп, яғни, Атырау обылсы әкімдігімен келісілген жұмыс жоспарының сомасы кәсіпорынмен жасалған келісім шарт арасындағы сомадан айырмашылықтар анықталды. Мәселен, 2019 жылы Атырау обылстық әкімдігімен келісілген жұмыс жоспарының сапасыз жасақталуынан жыл ішінде бөлінген қаражаттың бекітілген жоспардан тыс басқа мәдени шараға жұмсалуы -152 млн теңгенің тиімсіз пайдаланғанын көрсетті, — дейді Атырау облысы бойынша…

Read More

CaspianLife, 22 желтоқсан — Индер ауданында орналасқан Тұздыкөлдің жағасындағы Шипажай кешенінің құрылысына «Нефтьстройсервис» ЖШС 5,8 млрд теңге көлемінде инвестиция салғалы отыр. Бұл – үш кезеңмен жүргізілетін жоба. Оның бірінші кезеңі 2023 жылдың соңына қарай аяқталады, -деп мәлім етті Қарлығаш Бекбаева. Жобаның бірінші кезеңінде 3 қабатты 50 орындық тұрғын жай салынады. Оған қоса медициналық блок пен бассейн бой көтереді. Облыс әкімдігінің тапсырысымен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 2018 жылы Пятигорск бальнеологиялық курортымен бірлесіп Тұздыкөлдің балшығын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздемесін әзірлеуді бастады. Сол кезде академик Муфтах Диаровтың жетекшілігімен бір топ ғалым зерттеу жүргізді. Ғалымдар Индер ауданындағы Тұздыкөлдің балшығын емдік мақсатта…

Read More