Мәдениет басқармасы 1 млрд 303 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәдениет басқармасы 1 млрд 303 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған

22.12.2021
Жаңалықтар, Қоғам, Мәдениет, Мәселе
0
Мәдениет басқармасы 1 млрд 303 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған

CaspianLife, 22 желтоқсан — Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында 1 млрд 303 млн теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

Бұл жайт мемлекеттік аудит кезінде белгілі болды. Аталған сомманың 903 млн теңгесі жоспардан тыс жұмсалса, 370 млн теңгеден астам ақша тиімсіз пайдаланылған. Тексеру басқармаға қарасты 15 нысанда жүргізіліпті. 

Жыл басында бекітіліп, яғни, Атырау обылсы әкімдігімен келісілген жұмыс жоспарының сомасы кәсіпорынмен жасалған келісім шарт арасындағы сомадан айырмашылықтар анықталды. Мәселен, 2019 жылы Атырау обылстық әкімдігімен келісілген жұмыс жоспарының сапасыз жасақталуынан жыл ішінде бөлінген қаражаттың бекітілген жоспардан тыс басқа мәдени шараға жұмсалуы -152 млн теңгенің тиімсіз пайдаланғанын көрсетті, — дейді Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрбол Қонысов. 

Басқармадағылар көп жағдайда бюджет туралы кодекстің талабын бұзып, келісім шарттарда қызмет құнын көтеріп көрсетуді әдетке айналдырған. Мысалы, бюджеттен бір ғана іс-шара үшін 120 млн тг сұратып, ал тапсырысты орындаушыға 74,9 млн теңге ғана аударыпты. Айтуларынша, қалған ақша жоспардан тыс іс-шараларға жұмсалыпты-мыс.

Аудиторлық есеп жүргізіп жатқан кезде бізде 2019-20 жылы мен басқарма басшысы міндетін атқардым 1 жыл бойы. Сол кезде қаржылық 4 маманнның орнына бала күтімі демалысынан шығып отырған бір ғана маманымыз болды. Сол кезде кемшіліктер болған шығар оны мойындаймыз бірақ бізге қиын болды. Мысалы кейбір мәселелерге қыздар жұмысқа енді шығап жатыр, келіспейміз, — дейді Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Бекежанқызы. 

Тексеру комиссиясының мүшелері 115 аудит материалын әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберіпті. Сондай-ақ, 5 лауазымды тұлғаға 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салған. 

Тегтер: Caspianатырау жаңалықтарыАтырау облыстық мәдениет басқармасы
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz