Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 желтоқсан — Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады. Тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде синтетикалық есірткі заты анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес есірткінің жалпы салмағы 67 грамм болатын «Амфетамин» синтетикалық-есірткі заты екендігі анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3 бөлімі 3 тармағы және 5 тармағы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 22 желтоқсан — 15 желтоқсан күні сағат 01:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғын қоңырау шалып, көршілерінің түнгі тыныштықты бұзып жатырғандығы туралы хабарлама берген. Хабарламаны тексеру кезінде, Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің пәтерін тәулікке жалға алған 1991 ж.т., азаматша анықталды. Ол тәуліктік пәтер ішінде әуен қосып, көршілерінің мазасын алған. 30 жастағы азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабының 1 бөлігімен (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіріп, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Атырау облысында тағы бір азамат өз бауырын өлтіріп, мүрдесін ауласындағы шұңқырға көміп тастаған. Индербор кентінде үш ай бұрын болған оқиға марқұмның отбасын ғана емес, күдіктінің көршілерін де есеңгіретіп тастапты. Бұрын полиция қызметкері болып жұмыс жасаған азаматтың мұндай әрекетке барғанына ауылдастары әлі сене алар емес. Жеңістің жамандығын көрген жоқпын ешқандай. Майор болып жұмыс жасады. Отставкіге шықты. Сондай жағдайға барады деп ойлаған жоқпыз. Көрші болғасын жанымыз ашып айтамыз, — дейді марқұмның көршісі Гүлшат Жантасова.  Ресми емес дереккөзге сүйенсек, ағалы-інілі екеуі әуелі ішімдік ішіп, кейін соңы дауға ұласқан. Марқұмның ұлдары ағасының қылмысты абайсызда жасағанына сенімді. Ағамның ешқандай кінасі жоқ.…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Атырау қаласының басты жасанды шыршасы жылдағыдай Исатай Махамбет атындағы орталық алаңда осы аптаның соңына дейін орнатылмақ.  Әкімдік қызметкерлерінің сөзінше, оны сәндеуге қажетті ойыншықтар сатып алынбайды, былтырғылар пайдаланылады. Егер жаңа дүниелер алынып жатса, демеушілердің есебінен болады дейді олар. Ал өткен жылы кәсіпкерлердің бірі қала тұрғындарына сыйға тартқан табиғи шырша бір жыл да тұрмады. Нақтырақ айтар болсақ, 2020 жылдың желтоқсан айында демеушілер шаһарға тоғыз метрлік шырша тарту еткен болатын. Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ғимаратының алдына қойылған қылқан жапырақтыны жыл сайын жаңа жылда сәндеп, безендіру әкімдіктің жоспарында бар еді. Бірақ, ойдағылары болмады. Атыраудың климатына шыдамаған бағалы шырша…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Атырау қаласына қарасты Талғайраң елді мекенінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды.  Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, балалар ауылының ғимараттары заманауи талаптарға сай салынған. «Егемендіктің таңсәрі шағында жас буынға барлық жағдай жасалды. Біз үшін әр баланың қуанышы мен бақытты жүзін көруден асқан шаттық жоқ. Әсіресе, қиын жағдайға тап болған балаларды қамқорлап, қоғамнан өз орнын табуына қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленушілердің алаңсыз білім алуына, бос уақытын көңілді, мәнді өткізуіне толық мүмкіндік бар», -деді Махамбет Досмұхамбетов. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуына қарағанда, Жайық өзенінің жағасында бой көтерген отбасы үлгісіндегі балалар ауылында екі…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда 16 және 19-шағынаудандар арасында болған. Полиция қызметкерлері 23.45-те шақырту түскенін мәлімдеді. «Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде, 29 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды», — деді облыстың Полиция департаменті өкілі. Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені, кейін ол да есін жимастан қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екі…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Маңғыстау облысында Ashyq-та «жасыл» мәртебеге ие 100 адамға дейін шара өткізуге рұқсат етілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеді. Еске салайық, ҚР денсаулық сақтау министрі жаңа жылдық корпоративтерді мерекелеуге қойылатын талаптар әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын хабарлаған еді. Ережені әр облыстыың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жасайды. Рұқсат етілген жағдайда шараның неше адамға есептелгені есепке алынуы тиіс. Маңғыстау облыстық бас санитарлық дәрігер брифинг барысында өңірдің «жасыл» аймақта екенін, соған байланысты жеңілдіктер қарастырылғанын мәлімдеді. «Қазіргі уақытта корпоратив өткізу бойынша нақты шешім қабылданбады. Жалпы, соңғы қаулыға сәйкес, өңірде түрлі шаралар өткізуге рұқсат етілді.…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметінше, инспекторлар 3 114 балық қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 208 материал өрескел құқық бұзушылық белгілерімен әкімшілік сотқа жолданған. «Тергеу органдары құқық бұзушыларға қарсы 16 материал бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық бұзушыларға 30,8 млн теңгенің айыппұлы салынды. Мемлекет кірісіне 25,5 млн теңге төленді. Заңсыз айналымнан 85,3 тонна балық түрлері, 7 856 аулау құралы, 340 жүзу және көлік құралдары алынды», -дейді Олег Тушканов. Оның айтуынша, инспекция мамандары өткен аптада браконьерлерден алынған қытайлық синтетикалық аулардың 6 615 данасын тәркіленген. Сондай-ақ, қолдан жасалған 291 жүзу құралы алынған. Мұның…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты Теңіз кен орнында келесі жылы 39 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарланып отыр. Олардың жартысына жуығы жергілікті тұрғындар. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 7 мың адам қысқарады. Жұмыспен қамту басқармасы қысқартылған жұмысшыларға ары  қарай жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп отыр. «Қысқарған жағдайда өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар», — дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырау облысында жерасты су қорларына барлау жүргізіледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған. «Жайық өзенінен су тұтынуды пайдалануды азайту үшін сумен жабдықтаудың жерасты көздеріне кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданды. Батыс Қазақстан облысында су тапшылығын болдырмау және халықты тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында биыл тәулігіне 1000 текше метр төмен көлеммен 16 ұңғыманы қалпына келтіру жұмысы жүргізілді» делінген Роман Склярдың жауабында. Сонымен қатар вице-премьер 2015-2021 жылдар аралығында 224 елді мекеннің жерасты су қоры барланып, 13 кен орнына қайта бағалау жұмысы жүргізілгенін айтады. «Бұл ретте 2022-2024 жылдар аралығында елді мекендерді жерасты…

Read More