Атырауда отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам Білім

Атырауда отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды

21.12.2021
Білім, Жаңалықтар
0
Атырауда отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды

CaspianLife, 21 желтоқсан — Атырау қаласына қарасты Талғайраң елді мекенінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды. 

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, балалар ауылының ғимараттары заманауи талаптарға сай салынған.

«Егемендіктің таңсәрі шағында жас буынға барлық жағдай жасалды. Біз үшін әр баланың қуанышы мен бақытты жүзін көруден асқан шаттық жоқ. Әсіресе, қиын жағдайға тап болған балаларды қамқорлап, қоғамнан өз орнын табуына қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленушілердің алаңсыз білім алуына, бос уақытын көңілді, мәнді өткізуіне толық мүмкіндік бар», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуына қарағанда, Жайық өзенінің жағасында бой көтерген отбасы үлгісіндегі балалар ауылында екі қабатты 8 тұрғын үй бар.

Мұнда 4 үй мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жабдықталса, қалғаны тәрбиешілердің балаларына арналған. Жалпы 80 орынға арналған балалар ауылындағы 7 отбасына 3-18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 54 тәрбиеленуші қоныстанды. Ал, мәдени-спорттық кешенде би, акт, спорт және тренажер залдары қарастырылған.

Сондай-ақ, монша мен ойын алаңдары ойын-сауық және дамыту құралдарымен жабдықталған. Тәрбиеленушілер әкімшілік блоктағы коворкинг-орталықта шығармашылықпен айналысады. Сондай-ақ, өзін-өзі тану және әлеуметтік бейімдеу орталығы бар.

Заманауи конференц-зал балалардың онлайн-режимде оқуына мүмкіндік бермек. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысына «Каспий құбыр консорциумы» АҚ демеушілік көрсеткен.

«Атырау өңіріне қолдау көрсету – біздің компанияның басты міндеттерінің бірі. Бүгін біз жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға тапсырдық. Бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға аса қажет. Енді балалар ауылына автобус алып береміз», -деді компанияның бас директоры Николай Горбань.

 

Тегтер: Caspianатырау жаңалықтарыотбасы үлгісіндегі балалар ауылы
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz