Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 желтоқсан  – Енді Ақтауда күн сайын кешкілік ұлттық және әлемдік классикалық музыканы тыңдауға болады. Бұл үшін қаланың әр жеріне төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын 650 дыбыс ұлғайтқыш орнатылған. Халыққа ұсынылатын әуендердің ішінде Чайковский, Вивальди, Моцарт секілді әлем классиктерінен бөлек, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерейдің шығармалары бар. Бірақ биліктегілердің жаңашыл идеясы ақтаулықтардың бәріне бірдей ұнамаған сыңайлы. Қала әкімдігі шаһарды абаттандыру жобаларын жүзеге асыру үшін былтыр 40 млн теңге жұмсады. Бұл әлеуметтік желіде барынша талқыланып, кейін тұрғындар тарапынан сынға ұшыраған еді. Желі қолданушылары енді көшедегі музыка жобасына да күмәнмен қарап отыр. Олар көлік жиі жүретін жолдарда орналастырылған дауыс зорайтқыштардың дұрыс бекітілгеніне сенімсіз. Айтқандай, жуықта…

Read More

CaspianLife, 15 желтоқсан  – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Атырау облысының Құрманғазы ауданында 60 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиевтің айтуынша, бұған дейін 2 көпқабатты тұрғын үй бой көтеріп, баспанаға мұқтаж отбасыларға берілген. Ал, «Декор» ЖШС бұл тұрғын үйді Қадыр елді мекенінде тұрғызған. «Еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бері тұрғындардың әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауып келеді. Соның бірі – баспанаға мұқтаждық. Қазір тұрғындар үшін баспаналы болудың мүмкіндігі артты. Аудандарда да «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғын үй кешендері салынып, ел игілігіне беріліп жатыр. Көптеген отбасы қоныс тойын тойлап, қуанышқа кенелді. Мемлекеттің мыңдаған отбасыға көрсеткен қолдауының нәтижесінде әрбір азамат…

Read More

CaspianLife, 15 желтоқсан  –  Атыраулық полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайларына байланысты жылу трассалары, жертөлелер мен қараусыз қалған саяжайларды мекендеп жүрген адамдарды іздеп, рейд жүргізді.  Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде №2 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан кәріз құдығының ішінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1971 ж.т., азаматты анықтаса, №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары  Лесхоз мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1968 ж.т., азаматты анықтап, оларды Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды. Аталған азаматтар баратын жерлері болмағандықтан жылы жерлерді пана етіп жүргендіктерін айтқан. Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлерімен қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан  – Атырауда 13 жасар қызды 4 ит талап тастады. Оқиға кеше кешкісін қалаға қарасты Атырау ауылдық округінде болған. 8-сынып оқушысы кешкі 6-дан кете үйінен би үйірмесіне баруға шыққан. Алайда оны бұралқы иттер талап жатқан жерінен ауыл тұрғыны көріп, құтқарып қалыпты. Қазір қыз баланың жағдайы орташа ауыр. Науқас кеше 19:50 шамасында ауыр жағдайда арахуанаға түскен. Оның сол жақ жауырыны тістелген. Оған қоса, бетін, екі иығы мен білегі, жамбасы және аяғының төменгі бөлігі жарақаттанған. Оқиғаны көзбен көріп, кішкентай қызды төртаяқтылардан арашалап алған Ринат Абуовтың айтуынша, ауылда қаңғыбас ит көп.  Іңір қараңғы. Шамамен 6:30 андай жерде шаң шығып жатыр екен.…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан  – Бір күнде 3 автокөлікке соқтығыс жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіге бес әкімшілік хаттама жасақталды. 13 желтоқсан күні сағат 21:22 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 1970 ж.т., әйел адам қоңырау шалып, З.Қабдолов көшесінде “Toyota Highlander” маркалы автокөлігін белгісіз қара түсті автокөлік соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Одан әрі хабарламаның арасына он минут салып тағы екі қала тұрғыны қоңырау шалып, қара түсті “Mercedes” маркалы автокөлігінің өз көліктерін соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігін айтып, хабарлама қалдырған. Аталған хабарламаға дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 3 бірдей көлікке соқтығыс жасап,…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан  – Маңғыстау облысында сайыстан жеңіп алған 1 млн теңгесін мектебіне сыйлаған оқушының ақшасы кері қайтарылатын болды. Бұған дейін Маңғыстауда мектеп оқушысы әлеуметтік жобалар сайысынан жеңіп алған 1 млн теңгесін мектебіне сыйлап, ол қаржыға интерактивті тақта сатып алынғаны хабарланған болатын. Төртінші сынып оқушысының мұндай әрекеті көңіл қуантқанымен, мектеп әкімшілігінің баланың өз еңбегімен жеткен жүлдесіне білім ордасына қажетті құрал-жабдық сатып алуы қоғамда қызу талқыланды. Көптің наразылығын тудырған жағдайдан кейін Білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасап, оқушының ақшасы өзіне қайтарылатынын айтты. «Маңғыстаулық төртінші сынып оқушысы математика сабағында қолдануға арналған құрал жасап, өзінің білімі мен күш-жігерінің арқасында республикалық конкурста 1 миллион…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан  – Металл конструкциясын және құбырлар дайындаумен айналысатын Caspian Contractors Trust мекемесінің 40-қа жуық қызметкері айлықтарын талап етіп кеңсе алдына жиналды. Осы ССТ Компаниясында төрт жылдан бері жұмыс жасаймын. Мысалы осы төрт жылда ақша кешігу постоянно осы айдың басында не жылдың соңында кешігіп қалады постоянно. Ол кезде 50 мыңнан, 70 мыңнан аванс беріп тұрады. Ол ақшаны да мәз қылып тұрамыз ғой енді үйге алып барғанда да. Енді осында вообще аванс та жоқ , дым да жоқ например, — дейді жұмысшы Қайыржан Әжмағамбет.  Жұмысшыларға сенсек, компания басшылығы бастапқыда «3-4 күн шыдаңдар» дегенмен, жақында «сендерге беретін ақша жоқ» ашығын айтыпты.…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан  – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін айтты. «Хаменованың орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын (Хаменоваға тағылған айыптар бойынша — ескерт.), қазір тергеу жүріп жатыр», — деді Досмұхамбетов Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп. Хаменова ұсталғанын естігенде «әрине, ренжідім» деп жауап берді әкім. Ол қамауға алынғаннан кейін Хаменовамен байланыспағанын және құқық қорғау органдары оны жауап алуға шақырмағанын түсіндірді. Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді. «Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын.…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан  – Бүгін сағат 11-лер шамасында Водников-2 мөлтек ауданында жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан №4 аурухананың жедел жәрдем қызметі көлігі аударылып, фельдшер ауруханаға жеткізілді. Volkswagen Touareg маркалы темір тұлпармен соқтығысқан жедел жәрдем көлігі бір жақ бетіне аударылып қалған. Салдарынан  фельдшер мен оның жүргізушісі зақым алып, ауруханаға жеткізілген. Полиция департаменті оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 1994 ж.т фельдшер нейрохирургия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайын бірқалыпты деп бағалады. Жол апаты салдарынан оның миы шайқалып, бет-жақ аймағының жарақаттарын алған.

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан  – 12 желтоқсан күні 22:20 шамасында 102 операторына Атырау мөлтек ауданында орналасқан көпірден белгісіз адамның секіріп кеткені хабарланған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері су үстіне жарықшам жағу арқылы шолып, батып бара жатқан қыз баланы байқаған. Арқан жіпті белдеріне байлап суға түскен полицейлер қыз баланы 20 минуттан кейін жағаға алып шығып, жасанды тыныстандыру жаттығуларын жасаған. Тіршілік белгілері болғанымен денесі қатты салқыннан әлсіреп қалған жасөспірімді олар №5 емханаға апарып, сол жерге жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер 2007 ж.т., жасөспірім мен полицейлерге дереу медициналық көмек көрсетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. *иллюстративті фото

Read More