Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 26 қараша  – Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шаралары барысында Форт-Шевченко елдімекеніндегі жеке үйлердің бірінде жалпы салмағы 158 кг болатын 42 дана бекіре тұқымдас балығын жасырған үш азамат ұсталды. «Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4,5-тармақтары «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 25 қараша  – Қытай халық республикасының азаматы Атыраудан 3 миллион долларды өз еліне заңсыз жіберген. Бұл фактті ҚР қаржы мониторингі Агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтады. ҚХР тумасы Цуй Цуньде «Монтаж-01» ЖШС Атырау филиалы атынан Қытайдағы өзге компаниядан «біріктірілген газ химия кешенінің құрылысы бойынша техникалық кеңес алу үшін деп қыруар қаржы аударған. Шындығында мұндай қызметтің кажеті де болмапты. Тергеу нәтижесінде Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Read More

CaspianLife, 25 қараша  – Ресей Федерациясына баратын қазақстандықтар бұдан былай нашақор еместігін және ВИЧ инфекциясын жұқтырмағандықтарын растаулары керек. 29-шы желтоқсаннан бастап күшіне енетін ереже Ресей аумағында 90 күннен астам болатындарға қатысты.  Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтында хабарланды. Тексерісті ресейлік медициналық мекемерден өтіп, анықтамаларды елдің Ішкі Істер Министрлігіне тапсыру қажет. Елге жұмыс істеу мақсатында келген жағдайда, тиісті құжаттарды келген күннен бастап 30 күн ішінде тапсыру керек. Басқа мақсаттарда келгендер үшін құжат тапсыру уақыты – 90 күн. Кәмелет жасқа толмағандар және әрекетке қабілетсіз жандардың құжаттарын ата-аналары немесе қамқоршыларына тапсыруға рұқсат етілген. Анықтамалардың жарамдылық мерзімі өткен соң қазақстандықтар медициналық тексеруден қайта…

Read More

CaspianLife, 25 қараша  – Жақында атыраулық екі полиция инспекторы Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында өткен әлем кубогына қатысқан. «Қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем кубогында 30 елден 228 спортшы бақ сынады. Оның ішінде ел намысын қорғаған Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкері, аға лейтенант Мирас Шантасов 90 келіден жоғары салмақта қола медальға ие болды. Ал, 75 келі салмақта қарсыластарын қапы қалдырған аға лейтенант Әлихан Сейітов әлем кубогінің алтын медальін жеңіп алды. Екі полицей де спорттың аталған түрімен мектеп қабырғасынан бері шұғылданып келген» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Read More

CaspianLife, 25 қараша  – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 23 қарашада сағат 23:44-те жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына күдік тудырған көлік түскен. «Атырау қалалық полиция басқармасы патурльдік полиция взводының қызметкерлері Азаттық — Ж.Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында «ВАЗ-2114» көлігін тоқттатты. Тексеру кезінде көліктің шетелде тіркеуде тұрғаны анықталды. Көлікті кәмелетке толмаған 16 жасар жасөспірімнің басқарғаны белгілі болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Көлік жүргізу құқығы болмаған 2005 жылғы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігімен және 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Read More

CaspianLife, 24 қараша  – Атырау облыстық модульді жұқпалы аурулар ауруханасында жыл басынан бері 1109 жүкті әйел емделіп шықты. Қазір мұнда аяғы ауыр 8 келіншек пен 4 бала ем алуда. Аурухана дәрігерлері оларға вакцинация туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Науқастардың кейбірі екпе туралы әлі ойда жүрсе, енді бірі өзіңді және құрсағыңдағы нәрестені қорғап қалудың жалғыз жолы – вакцина алу екенін түсіндік дейді. Мен өзім мына жаққа түскен кезде өте ауыр халде түстім деп айтсам да болады. Өздігімнен жүре алған жоқпын. Мүгедектерге арналған арбамен тасымалдап жүрді. Бұрын бүйтіп ауырған емеспін, бірініші рет осындай жағдай болып жүр. Ал қазір емдеу курсы аяқталуға жақын.…

Read More

CaspianLife, 24 қараша  – Оқиға өткен түні «Авангард-2» ықшам ауданында орын алған.  Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті тіркелген видео қалалық полиция басқармасына жіберілген. Құқық қорғау органдары  дерекке сәйкес бұзақылық және мүлікті бүлдіру фактілері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіуде.

Read More

CaspianLife, 24 қараша  – ҚР-ның Парламент Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов осылай деп өзінің әлеуметтік парақшасына жүктеген бейнежазбасында мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы кездері Жайық суының таяздануы себепті Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында шабындық пен жайылымдық жерлердің аумағы азайып кеткен көрінеді. Сондай-ақ өзенде уылдырық шашатын аумақтың көлемі де 4-5 есе азайған. Ресейге трансшекаралық бассейндерді қорғау және қолдану туралы халықаралық конвенцияны ұстану керек сияқты. Өйткені бүгінгі таңда, бізде бар ақпаратқа сәйкес, Ресей территориясында су қоймалары мен бөгеттер Қазақстанның келісімінсіз салынып жатыр. Сол үшін екіжақты жұмыс жасау керек», — деді  ҚР-ның Парламент Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Read More

CaspianLife, 24 қараша  – Интернетте Атырауда ауаға белгісіз химикаттар шашылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде ұшқан ұшақтан соң аспанда қалған конденсациялық іздің суреттері ұсынылған. Stopfake сайтының жазуынша, бұл ақпаратты Атырау облысының әкімдігі жоққа шығарды. «Атырау облысы Экология департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ведомствоға ешқандай өтініш түспеген. Атырау облысы аумағында орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылау станциялары да осы оқиғаға байланысты ешқандай шығарындыларды тіркеген жоқ. Ұшу аппараттарымен қандайда бір химикаттарды шашу немесе өңдеу туралы айту қисынсыз», – деп хабарлады ведомстводан. Сондай-ақ өңір әкімдігінде мәлім еткендей, мамандар фотода көрсетілген аспандағы ақ жолақтарды конденсациялық із екендігін айтқан. Бұл – ауада қозғалған ұшу…

Read More

CaspianLife, 24 қараша  – Биыл облыста тіркелген жол жабындысы сапасын бұзу деректерінің 207-і республикалық, 65-і жергілікті маңызы бар жолдан анықталыпты. Солардың бірі Қызылқоға ауданындағы Жамансор ауылында. Мұндағы жол төсеу жұмыстары қазір түгелдей тоқтаған. Жамансор ауылдық кірме жолдары мердігер мекеменің асфальт төсемесін төсеу кезінде технологиялық ақаулықтар анықталды. Қазіргі таңда ол ақаулықтар қалпына келтірілу жұмысары толықтай біткен жоқ. Мердігер мекеменің тапсырыс берушімен келісімшарттарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Ол мекеме енді құрылыс мерзімдерінің қолайлы кезінде қалпына келтіру жөнінде ескертіліп отыр, — «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК АОФ директоры Бекбол Мұқашев.  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мекемесінің Атыраудағы мамандары қараша айынан…

Read More