CaspianLife, 30 қараша – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Женевада Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесуспен кездесіп, Қазақстанда шығарылатын вакциналарды тіркеу процесін жеделдетуді сұрады. Атап айтқанда, Алексей Цой Қазақстанда өндірілетін Covid-19-ға қарсы QazVac және QazCoVac-P вакциналарына кеңінен тоқталды. QazVac екпесінің республика территориясында 18 айға ғана уақытша тіркелгенін атап өтті. Сонымен қатар Алексей Цой QazVac вакцинасының мұсылман елінде шығарылған жалғыз вакцина екендігіне және Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының халал сертификатына ие екендігіне тоқталды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 қараша – 3 қараша күні Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алтайская көшесінде 1977 жылы туылған азаматтың қала аумағында 100 дана трамадол және 63 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады. Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің» Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.
CaspianLife, 29 қараша – Азық-түлік бағасы қалай өзгеріп жатыр? Қазақстанда жұмыртқа неге қымбаттады? Маңғыстау облысында малдың қырылуына кім жауапты? Қазақстанның азық-түлік нарығында ірі экспорттаушы болуына не кедергі? Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жауап берді. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, дүниежүзінде азық-түлік қымбаттап жатыр. ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мәліметі бойынша азық-түліктің әлемдік бағасы орта есеппен 33 пайызға өскен. Министр бұған екі негізгі себеп бар екенін айтты. Біріншісі – ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті тауарлық-материалдық ресурстардың қымбаттауы. Екіншісі – шекаралардың жабылуына және дүниежүзінде қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстардың бұзылуына әкеп соққан қазіргі пандемия жағдайы. Ол жұмыртқа бағасының өсуі туралы айта отырып,…
CaspianLife, 29 қараша – Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат қаржы ұйымының ресми сайтында қосымша хабарланады. Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиордан жасалған AQQÝ монеталары «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясын жалғастырады. Бұл серия монеталарының дизайны «сақтардың аң стилі» деп әсірелеп берілген жануардың натуралистік және трафареттік кескінінің үйлесуіне негізделген. Көне түркілер ұғымында аққу ең ежелгі тотемдердің бірі, әулие ана және ұрпақ жалғастырушы пір – Ұмай болып саналған. Номиналы 5 000 теңгелік және 500 теңгелік AQQÝ монеталарының сипаттамасы Монеталар алтын жалату технологиясымен және гауһар тасын қондыру арқылы дайындалды. Монеталардың бет жағы мен сыртқы…
CaspianLife, 29 қараша – «Жарқынай» Атырау қоғамдық қоры жаттықтырған спортшылар паралимииада ойындары бағдарламасы бойынша боччадан өткен республикалық ашық турнирге қатысты. Паралимпиада бағдарламасына жаңадан енген спорттың бочча түрі бойынша турнирде 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде, арнайы жабдықпен ойнаған Жанерке Кенжебек жүлделі 2-ші орынды, арбаға таңылғандар арасынан Аят Мамай мен Еркебұлан Кенжеғалиев те 2-ші орын алды. Нұрасыл Жігер 3-ші орынды иемденді. — Қор жанынан ашылған бочча үйірмесінен 12-15 жас аралығындағы 6 спортшыны дайындап апардық. Оның төртеуі жүлделі 2-ші және 3-ші орындармен оралды. Бұл үйірме Атырауда алғаш рет қазан айында ғана ашылды. Аз уақыттың ішінде балаларымыз жаттығып, жақсы нәтиже көрсетті. Бочча…
CaspianLife, 27 қараша – 26 қараша күні Атырау облысы Құлсары қаласының орталығында 1986 ж.т. азаматшаның бірнеше жерде пышақ жарақаты денесі табылған еді. Тұрғынының өліміне кінәлі 1996 ж.т., күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,- деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз бөлімі. Тергеу амалдары тікелей Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бақылауында.
CaspianLife, 26 қараша – «Тазалық» – қаланың ағын сулары мен өндіріс қалдықтары жиналатын «сасық сайды» табиғи қалпына келтіруді көздейтін экологиялық жоба. Оның аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларын қайта жаңғырту, нормативтік-тазартылған ағындар арнасын қайта жасақтау және бірнеше секторға бөлінген жерді құрғатып, толықтай рекультивациялау қарастырылған. Атырау қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бірегей жоба туралы жергілікті халық хабардар ма? Жалпы, тұрғындар «Тазалық» жобасы туралы не біледі? Осыны анықтау мақсатында сауалдама жүргізген едік. Мәнсия ЕСЕНАМАНОВА, Атырау университетінің экология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты: 1945 жылдан бері қаланың шірік суы төгілетін «сасық сай» біршама көлемді алып жатыр. Мүмкін құрылғылардың жаңа кезінде…
CaspianLife, 26 қараша – Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы журналистерге арналған брифингте «Тазалық» жобасы туралы айтты. Жақында Нұрсұлтан қаласында өткен кездесуде өңір басшысы Атыраудағы экологиялық нақты жұмыстарды таныстырып, оның ішінде АМӨЗ іске асырып жатқан ауқымды жобаның орны ерекше екенін атап өтті. Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, булану алқабын қалпына келтіру жұмыстары жоспар бойынша іске асып жатыр. «Қазір булану алқабының жартысы толықтай құрғатылды. Биыл сәуірде басталған жоба 2023 жылы аяқталады» деді облыс әкімі. Сонымен қатар, Махамбет Жолдасқалиұлы Атырауда «орман өсіру және көгалдандыру» бағдарламалары іске асырылып, оған АМӨЗ, ТШО, NCOC, «Ембімұнайгаз» секілді өңірдегі ірі мұнай-газ кәсіпорындары тартылғанын атап өтті. Брифинг барысында облыс әкімі 2023…
CaspianLife, 26 қараша – Атырау облысында аудандық ауруханада бас дәрігер болып жұмыс істейтін аудандық мәслихаттың депутаты студент ұлын қағаз жүзінде жұмысқа алып, 2 млн теңге жалақы төлеген. Атырау облысы Құрманғазы ауданындық ауруханасының бас дәрігері Гүлсара Мүтиева аурухана бақшашысы жиі жұмысқа келмесе де, уақытылы жалақы аударып отырған. Ең сорақысы, Алматыда оқитын студент ұлын тазалықшы лауазымына қоластына жұмысқа алып, бір жылдың ішінде 2 млн теңгеден астам жалақы төлеген. Құрманғазы аудандық соты Гүлсара Мүтиеваны кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алмайды.
CaspianLife, 26 қараша – Әйел жазасын темір тордың ар жағында өтемейтін болды. Атырауда 4 айлық сәбиін 38 жерден пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сотта қатыгез әйелдің жантүршігерлік қылмысты есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденген. Енді ол жазасын темір тордың ар жағында өтемейді. Психикалық стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Үкімді тыңдауға сотталушының туыстары келген жоқ. Күйеуі мен жақындары онлайн арқылы тыңдады. Ал өзі Атыраудағы психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Сондықтан тергеуге де, сот процесіне де қатысқан жоқ. «Байхиева ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен көзделген іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР ҚК 16-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Армангүл Юсуповна Байхиеваға мамандандырылған үлгідегі…
