CaspianLife, 30 қараша – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Женевада Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесуспен кездесіп, Қазақстанда шығарылатын вакциналарды тіркеу процесін жеделдетуді сұрады.
Атап айтқанда, Алексей Цой Қазақстанда өндірілетін Covid-19-ға қарсы QazVac және QazCoVac-P вакциналарына кеңінен тоқталды. QazVac екпесінің республика территориясында 18 айға ғана уақытша тіркелгенін атап өтті. Сонымен қатар Алексей Цой QazVac вакцинасының мұсылман елінде шығарылған жалғыз вакцина екендігіне және Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының халал сертификатына ие екендігіне тоқталды.