Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 қараша  – 2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге көзделіп отыр. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) мен айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінің артуы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адам кірісінің өсуіне әкеледі, ал ең төменгі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) ұлғаюы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 млн адам кірісінің өсуін қамтамасыз етеді. «Азаматтарды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін белгілеу үшін Қазақстанда ЕТК және АЕК қолданылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері…

Read More

CaspianLife, 23 қараша  – Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуованың мәліметіне сүйенсек, биылғы 10 айда 8 131 бала дүниеге келген. «Қазір облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде салмағы өте төмен 15 сәби дәрігерлердің бақылауына алынды. Биылғы он айда 418 сәби мерзімінен бұрын өмірге келді. Шала туғандардың ең жеңіл салмағы – 500 грамнан 1 келіге дейін аралықты құрап отыр. Былтыр шала туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 20%-ға, биыл 33%-ға артты. Мұндай оң көрсеткішке дәрігерлердің неонатологиялық біліктілігін арттыру, кювездер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын, тыныс алуды қалыпты ұстап тұратын СИПАП-қондырғыларды сатып алу арқылы қол жеткіздік» -дейді Жанар Сәдуова. Оның айтуынша, жүкті…

Read More

CaspianLife, 23 қараша  – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жаңа жылдық ұжымдық шаралар өткізу мүмкіндігі туралы айтты. «Әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты ұйымдардағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы немесе концерттердегі адам санына белгілі талаптар қойылады. Облыстың бас санитария дәрігері аймақтың «сары», «қызыл», «жасыл» болғанына қарай орын санын анықтайды», — деді Цой Үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп. Оның айтуынша, шешімді облыстың бас санитария дәрігері шығарады.

Read More

CaspianLife, 23 қараша  – Бүгін Атырау облысында ревакциналау басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ревакциналауды қатарында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ созылмалы сырқаты бар пациенттер алады. Бүгін, 23 қарашада ревакциналарды алуға алғашқылардың қатарында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев келді. «Мен 1 ақпанда Sputnik V векторлы вакцинаның І компонентін, ал, 21 күннен кейін екіншісін алған едім. Бүгін QazVac инактивацияланған отандық вакцинаны салдырдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін» — деді Бақытгүл Хаменова. Облыстық денсаулық…

Read More

CaspianLife, 23 қараша  – Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлік 22 қарашада өртенген. 22 қараша күні сағат 18:35 шамасында Бергалиева көшесінде ПАЗ-32053 маркалы автобусы өртке оранды. 1968ж.т. автобус жүргізушісінің айтуынша кенеттен автобус ішінен жанар май иісі шығып,артынша қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобус ішінен шығарылды, зардап шеккендер жоқ, өрт сөндіру қызметі шакырылды, алайда автобус түгелдей өртеніп кетті делінген хабарламада. Қазір аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 22 қараша  – 17 қараша күні Атырау қаласындағы шағын-маркеттердің бірінен 23 жастағы екі жігіт азық-түлік сөрелерінен 13 дана күнбағыс майын киімдеріне жасырып, ұрлауға оқталған. Алайда, олардың барлық әрекеттері дүкендегң бейнекамераларға жазылған. Қазіргі таңда, Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 20 қараша  – 18 қараша күні Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде ірі көлемде есірткі сақтау фактісін анықтады. Құрманғазы ауданының 46 жастағы тұрғыны өзінің тұрғылықты үйінде есірткі шөбін тұтыну үшін кептіріп, заңсыз сақтаған. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын қарап тексеру кезінде, 1 келіге жуық марихуанна шөбі, арнайы кесіліп дайындалған ыдыс тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife,19 қараша  –  Жол апаты 17 қарашада Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой» шағын ауданында жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында «Lada–21214» маркалы қызметтік көлікті басқарған ювеналды полиция тобының инспекторы басты жолда келе жатқан «Toyota Alphard» көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, екі көліктің жүргізушісі мас күйде болмағаны және дене жарақаттарын алмағаны анықталды» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір жол-қауіпсіздік ережесі талаптарын орындамаған полиция қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің 610-бабымен хаттама толтырылған. Аталған дерекке байланысты облыстық полиция департаментінің…

Read More

CaspianLife,19 қараша  – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді.  «Жайық өзені бойынша айтсақ, трансшекаралық өзен екенін бәріміз білеміз. Өзен негізінен Ресей Федерациясының аумағынан бастау алады. Жайық суының 80%-дан астамы сол Ресейдің аумағында қалыптасады. Өзеннің тартылуына бірінші кезекте климаттық өзгерістер әсер етіп отыр. Жаңбыр мен қардың аз түсуі өзеннің арнасын тарылтуда. Екіншіден, Ресей жағында су қоймаларының көп және өзен ағысы шектен тыс қолдан реттеліп отырған болуы керек. Иә, өзен тартылып барады, біз оны көріп отырмыз. Судың тартылуымен қоса өзен балшықтанып барады. Былтыр Орынборда да осындай жағдай болғанын көрдік. Тек бізде ғана емес. Жайық – көне…

Read More

CaspianLife,19 қараша  – Атырау облысында ауланған балықтың 88 пайызы экспортқа жіберіледі. Бұл туралы аймақ әкімі Мамахмбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Облыста балық аулаумен және өңдеумен 16 кәсіпорын айналысады. Шабақ пен бекіре өсіретін 2 зауыт жұмыс істейді. Жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық. 9 мың тонна қайта өңделді. Оның 88%-ы экспортқа жіберілді», — деген аймақ басшысы өңірде медициналық кадр тапшылығы қалай реттеліп жатқанын баяндады.

Read More