CaspianLife,15 қараша – Атырауда жеке үйдегі жарылыстан кейін ауруханаға түскен үш науқастың екеуі көз жұмды. Жарылыс 10 қарашада түнгі сағат 1:24-те Атырау қаласының Балауса шағын ауданындағы жеке үйде болған. Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды. Тұрғын үйдің төбе жабындысы мен бөлмелері толықтай өртеніп кетті. Өрт сағат 2:15-те оқшауланып, сағат 2:40-та өшірілген еді. Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Науқастың екеуі – 19 жастағы екі жігіт жансақтау бөлімшесіне түскен. Ал, үшіншісі – 22 жастағы бойжеткен. Жансақтау бөлімшесіндегі науқастың бірінің денесін…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife,12 қараша – 10 қараша күні қосылған Call center байланыс нөмірлері арқылы Ресей Федерациясында тіркеудегі Қазақстан аумағына кірген автокөліктер туралы атыраулық тұрғындар тарапынан 201 сұрақ келіп түскен. Сауалдардың 92-сі автокөліктің Ресей Федерациясында тіркеуде бар-жоғын анықтау бойынша, 10 сауал — ешжерде тіркеуде болмаған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары мен айыппұлдары туралы ақпараттарды білу үшін жолданған. Сондай-ақ, Ресей елінен әкелінген автокөлігін Қазақстанда тіркеу үшін қажетті құжаттар мен іс-шаралар туралы тұрғындардан 37 сұрақ түскен. Арнайы автотұраққа қойылған автокөлікті шығару, қандай көліктерді тіркеуге болады және қанша мерзімге созылады деген сұрақтар да қабылданып тиісті жауаптары жолдануда. Айта кетейік, Атырау облысы Полиция департаменті шетелде тіркеуге қойылған көлік…
CaspianLife,12 қараша – Заңсыз балық «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. 11 қараша күні сағат 08:50 шамасында Атырау облысы Полиция департаменті Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы саптық бөліністің қызмет инспекторлары Ақтөбе-Астрахань тас жолының 616 шақырымында маркасы «Лада Гранта» автокөлігін тексеру кезінде жүк салғышынан 3 дана шамамен 50-60 келі көлеміндегі ақ түсті қаптарға салынған бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, тәркіледі. Аталғын қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі 1984ж.т., Исатай ауданының тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
CaspianLife,12 қараша – Атырау облыстық ЖИТС –тің алдын алу және күресу жөніндегі орталығы жариялаған ақпаратқа сәйкес биыл өңірде ЖИТС инфекциясын жұқтырған 14 пен 62 жас аралығындағы 321 адам тіркелген. Олардың 284-і Атырау қаласында, 13-і Жылыойда, жетеуі — Құрманғазы ауданында, 6 жағдай Индер мен Махамбет аудандарында, Мақат пен Қызылқоға аудандарында -2, ал Исатай ауданында 1 жағдай анықталған. Инфекция жұқтырғандардың 187-сі ер адам болса, 134-і әйел. Қызмет салаларына сәйкес, 116 адам жұмыссыз, 173-і жұмыс басты, алтауы — студент,екеуі — әскери қызметкер, 8-і — сотталғандар, 13-і тергеу-қамауға алынғандар, екеуі ұйымдаспаған, біреуінің зейнеткер екені айтылды. Тек қазан айының өзінде Атырау облысында ЖИТС жұқтырудың 2…
CaspianLife,12 қараша – Президент Әкімшілігінің келісімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Атырау қаласының бұрынғы әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлы тағайындалды. Әлімұхаммед Құттұмұратұлының «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Ол сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration) бағдарламасының магистранты болып табылады. Мемлекеттік қызметте және жеке секторда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. 2008 жылдан 2012 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2016 жылдың мамыр айынан бастап Махамбет ауданының әкімі…
CaspianLife,12 қараша – Маңғыстауда цемент зауытының 200-ге жуық жұмысшысы басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп ереуілге шықты. Олардың айтуынша, олар бұл мәселені ақпан айынан бастап көтеріп келеді. Жұмысшылардың айтуынша, олардың жалақысы қазір 200 мың теңгеге де жетпейді. Ал егер жұмыстан тыс қосымша уақытта жұмысқа шықпаса, одан да аз. Азық-түлік қымбаттап, тіпті өздері өндірген құрылыс материалының құны өссе де, еңбекақы өзгеріссіз қалған. Халық төлемдерін 48 мыңға көбейтуді талап етті. Ал басшылық жұмысшылардың талабымен келіскен. Компания келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 193 мың теңгеге дейін көтеруге дайын екенін айтты. Бірақ зауыт жалақыны одан әрі көтере алмайтынын айтқан. Бұл өндірістің тоқтап…
CaspianLife,11 қараша – Атырауда күні бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала орталығындағы 30 мектеп-гимназиясының суға төзімді аспалы төбесінен су кетіп, жабындылары ісініп, түсе бастаған. Қалалық білім бөлімі мамандары 30 мектеп-гимназиясы 2002 жылы қолданысқа берілгенін айтады. Оқиғадан кейін мектептің техникалық жағдайын тексеру үшін «Q-Эксперт» мекемесімен келісімшарт жасалды. Олардың қорытындысына сәйкес, мекеменің шатыры әбден ескірген, күрделі жөндеуді қажет ететін көрінеді. Алдағы күндері қажетті жобалы-сметалық құжаттар жасақталмақ. Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, 12-қарашадан бастап оқу орны жұмысын офлайн форматта жалғастырады. *иллюстративті фото
CaspianLife,11 қараша – Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесінің «Шетелдің үздік фильм» номинациясына ұсынылды. Кинотуындыны Short Brothers (Қазақстан), Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Arizona Productions (Франция) қомпанияларының қатысуымен Zerde Films (Қазақстан) компаниясы түсірді. Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Кермек есімді жас жігіт түрмеде жазасын өтеп, қылмыстық топ өзінің қатал заңдарын орнатқан туған қаласына оралады. Жігіттің ғашығы Ева қылмыскерлердің ықпалымен теріс жолға түскен, Кермек өзі де қылмысқа белшесінен батады. Бірақ ол сүйген қызымен бірге еркіндікке қол жеткізіп, кинотеатр салу туралы арманын тастамайды. Ол қалайда арманына қол жеткізуге бел байлайды… «Сары мысық» – режиссер Әділхан Ержановтың…
CaspianLife,11 қараша – Елімізде қыстыгүні ауа райының қолайсыздығы мен ескертуге қарамастан жолға шығатын азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту қаралып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайды жою басқармасының басшысы Эльдор Райымбеков мәлім етті. «Бүгінде «Қазавтожол» және «Қазавтодор» мекемелерімен бірлесіп қыстыгүні ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту, хабарландыруға құлақ аспай жолға шығып кететін тұрғындарды жауап тарту жағын қарастырып жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығына және ескертуге қарамастан жолға шығып кететіндер бар. Салдарынан адамдар төтенше жағдайға тап болып жатады. Яғни, жолды тазалау қызметінің мамандары қарлы-боранды күні жолға шыққан көлік иелері туралы полицияға хабарлайды, одан әрі тәртіп сақшылары іске кірісіп, жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартады.…
CaspianLife,11 қараша – Алаяқтар өздерін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, экс-басшының әріптестерінен ақша сұраған. БҚО полиция департаменті алаяқтық жасады деген екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның танысына қоңырау шалып, 300 мың теңге аударуды сұраған. «Аймұрзиеваның танысы саспай, оған өзі қоңырау шалып, алаяқтардың қоңырауы туралы айтты. Аймұрзиева полицияға арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, екі күдікті анықталды. Олардан айғақтар алынды. Күдіктілер Аймұрзиеваның танысы емес. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуандық Алпыс. Алаяқтар өздерін Атырау облыстық денсаулық…
