CaspianLife,11 қараша – Ер адам алты баласын асырау үшін 12-шағын аудандағы он қабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған. Тауық қора салу идеясы Русланға бір айдан аса уақыт бұрын келген. Оның себебін «Азық-түліктің қымбаттауы» деп түсіндірді өзі. Шатырдың кілтін ПИК-тен алған. Ол тек құстармен шектелмей, қоян да асыраған. Көршілер жағымсыз иіс пен құстардың даусына шағымданған соң, 10 қараша күні полиция келген. Көршілерім көмектесіп, жеп әкеліп беріп жүрді. Мына жер қоқысқа толы болатын. Мен тазарттым, бөлмені жылытым. Отбасым үлкен болғасын осындай әрекетке бардым. Енді бәрін шаруашылығы бар адамдарға беріп жіберетін шығармын дейді Руслан. Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы («Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife,11 қараша – Ақтауда жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жалақысын көтеруді талап етіп отыр. Олар мәселе шешілмесе, өз міндеттерін орындаудан бас тартпақ. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері өз басшысы мен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа бейнеүндеу жолдады. «Біз осыған дейін басшымыздан жалақыны көтеруді және бригаданың оның ішінде фельдшерлер санын толықтыруды бірнеше рет талап еттік. Осы күнге дейін бізді уәдемен тойдырып келді. Әкімдіктен де, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан да адамдар келді. Бірақ мәселе шешілген жоқ. Өздеріңіз білетіндей, қазір нарықта тұрмыстық қажеттіліктер, газ, су, жарық бағасы қымбаттауда. Мұнда жанұясын асырап, ипотека төлеп жүрген азаматтар бар. 100 мың теңгеге кімді асыраймыз? Бұл мәселе…
CaspianLife,10 қараша – «Балауса» ықшам ауданындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Олар қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Облыстық аурухананың травматология бөліміне үстерін күйік шалған 3 науқас түсті. Оның ішінде екі науқастың, 2002 ж туылған екі науқастың жағдайы өте ауыр. Қазіргі таңда реанимация бөлімінде жатыр. Денелерін күйік шалған. Күйіктің көлемі 90-95%. II-III степень. 99 жылғы қыз бала травматология бөлімінде жатыр. Оның күйік шалған көлемі 35%, I-II степнеь. Ол кісінің жағдайы қалыпты ауыр жағдайда,-дейді Атырау облыстық ауруханасы травматология бөлімшесінің меңгерушісі Бекет Құлниязов. Оқиға бүгін түнгі сағат 1-лер шамасында болды.…
CaspianLife,10 қараша – Маңғыстау облысындағы жұт шаруаларды тығырыққа тіреді. Мұндағы мал бағып отырған азаматтар ауылдың айналасы өлексеге толды деп дабыл қағады. Айтуларынша, жем-шөптің жоқтығынан малдары көтерем болып қалған. Қорадағы төрт түлігіне беретін азық таппай қиналған Маңғыстау ауданының бірнеше ауылындағы шаруалар малдарын жаппай союға мәжбүр екендерін айтады. Маңғыстау шаруаларының жағдайы ушығып бара жатыр. Оған себеп – қуаңшылықтың, жерде шөптің болмауы. Малдарымыз топырақ жеп, әр жерде өлім-жітім саны көбейіп бара жатыр. Қазіргі таңда малдарымызды басын бағып, аман-есен ұстап отырмыз. Бірақ жем-шөптің бағасы қымбат, – дейді шаруа Әбді-Уәли Игібай. Маңғыстау ауданындағы шаруалардың кейбірі үкіметтен берілетін бір реттік көмекті толықтай алмағандарын айтады. Олар санаулы…
CaspianLife,10 қараша – Шотландияның Глазго қаласында климаттың өзгеруімен ересектер ғана емес балалар да күресіп жатыр. Екі аптаға созылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының 26-шы конференциясының Жастар форумына қазақстандық жастар да қатысып, олар «Ең үздік арт шара» аталымы бойынша үздік деп танылды. Сурет авторлары қазақстандық жас балалар. Елде бұған дейін ұйымдастырылған «Менің жасыл ғаламшарым» және «Жануарлар менің досым» атты байқаулардың жеңімпазы атанған. Сандық форматтағы суреттер Глазго қаласында қағазға шығарылып, халықаралық форум көрермендеріне ұсынылды. «Жұмыстардың негізгі тақырыбы — экология және қоршаған орта. Барлығы да жүрекке жылы тиеді. 8 бен 17 жас аралығындағы балалар ғаламдық проблемалар туралы хабардар екендігі ерекше әсерлендірді. Конференция соңында қорытынды шығарылып,…
CaspianLife,10 қараша – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «ҚазТрансГаз» компаниясының 100% акциясын «Самұрық-Қазына» қорына өткізетінін хабарлады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 9 қарашада «ҚазТрансГаз» АҚ акцияларының 100 пайызын «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына беру туралы хабарлайды. Мәміле сомасы — 1 теңге», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, 2021 жылғы 11 наурызда «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазына» қоры арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты да бұзылған. Акцияларды беру 2020 жылғы 3 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін «Самұрық-Қазына» қорының басқару кеңесінің тапсырмаларын, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылғаны аталды.
CaspianLife,10 қараша – Балауса ықшам ауданындағы тұрғын үйде 10 қараша күні түнгі 01 сағат 24 минутта табиғи газындағы жылыту қазандығында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды. Тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің толықтай өртеніп кетті. Өрт 02 сағат 15 минутта оқшауланып, сағат 02 сағат 40 минутта өшірілді. Оқиға салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 16 қызметкер және 6 бірлік техника, Жедел жәрдем бригадасы 9 адам, 3 бірлік техника, Департамент полициясы 8 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
CaspianLife,10 қараша – Қараша айының соңына дейін 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын мектептерде егу басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Балаларды вакцинациялау әдетте оқу орнындағы екпе пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіліп келді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация да жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттық келісімінен кейін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады», — деді министр. Осы ретте Алексей Цой облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасын немесе өзге де…
CaspianLife,10 қараша – Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны 393 келі балықты «Тoyota Ipsum» көлігімен заңсыз тасымалдаған. «Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы кезінде «РФ шекарасы-Атырау» тас жолының бойында Армения Республикасына тіркелген «Toyota Ipsum» маркалы көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 393 келі қара балық түрлері табылып, тәркіленді. Құрманғазы ауданының 28 жастағы тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атырау қаласына жеткізбекші болған», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 389-бабымен толтырылған әкімшілік хаттама заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
CaspianLife, 9 қараша – Атыраулық жүргізушілер Ресейде тіркеуде тұрған автокөліктерінің айып тұрағына ескертусіз қойылуына және онымен қала ішінде жүруге тыйым салынғандығына наразы. Сол көліктермен отбасын асырап, нан тауып жүрген 150-дей жүргізуші облыстық әкімшілік алдына жиналып, бұл жағдайды тиісті орындардың түсіндіруін талап етті. Жүргізушілер ресейлік нөмірлі автокөліктерді заңдастырып берсе деген өтініш айтты. Ал облыс әкімдігінің өкілдері ашулы азаматтарға сол жерден арыз жазғызып алып қалды. Оған қол қойған 150-ге жуық жүргізуші өтініштен бөлек, өздерінің талаптарын да тайға таңба басқандай етіп көрсетіпті. Орыс көлігінің учеттан шыққанда да жеңілдік түрде қойылуы. Сары номері бар басқа да. Тіркеуден шешілген көліктерді тіркеуге мүмкіндік беру. Тұраққа қойылған…
