Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 қараша  – Атырау облысының балық қорғау инспекциясы мамандары қытайлық ауға қойылған шектеуге байланысты шыққан дауға нүкте қойды. Еске сала кетейік тамыз айынан бері балықшылар құрма ауға тыйым салынғандықтан балық аулауға арналған басқа құралдармен нәпақа табуға міндеттелген болатын. Дегенмен бұл өзгеріс атыраулық балықшылардың наразылығын тудырды. Олар вентерьмен балық аулаудың қиындығын алға тартады. Ал Құрманғазы ауданы — вентерьді кәсіби түрде пайдаланатындардың отаны. Осыған орай біз арнайы құрылған комиссиямен бірге аймақтағы балық аулау құралдарын жіктеп, салыстырып көрдік.Дәл осы тұста ескеретін нәрсе, ауға тыйым салудың негізгі себебі балық ресурсының күрт азаюы еді. Құрма аудан зиян келе ма, я болмаса жаңағы вентерден зиян…

Read More

CaspianLife, 5 қараша  – «Маңғыстаумұнайгаз» үш жылда мемлекеттік сатып алудың 91,6%-ын «бір көзден» жүргізді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тексеріс нәтижесінде компанияға бір көзден сатып алуды барынша азайтып, сатып алуды жоспарлауды ұйымдастыру және тиісті үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кетейік, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдарының бірі. Фото:facebook.com/mmgpress

Read More

CaspianLife, 5 қараша  – 31 қазан күні «Экспедиция +362» тобы Атыраудан Астраханьға бара жатып, Тұщықұдық ауылы маңында  тас жолдың жағдайы туралы пайымдап келе жатқан кезде жол апатына түскен.  «Жолды Ганюшкинодан (Құрманғазы) шекараға дейін жасаған көрінеді. Ол 40 км жол 5 жыл бұрын жасалды. Трассаның басқа да бөлігі бар ғой. Оны жасап жатқандарына неше жыл болды? Бұл уақыт аралығында бүкіл Жер шарына асфальт төсеп тастауға болатын еді», — дейді ролик авторлары. *Абайлаңыз! Бейәдеп сөз бар! Бейнеролик: Plus362kz

Read More

CaspianLife, 4 қараша  – Түркияның Стамбул қаласында Ататүрік мәдени орталығы ашылды. Елдің 98 жылдығына орайластырылған іс шараға президент Режеп Тайып Ердоғанның өзі қатысты.Сонымен қатар, алыс-жақын шетелден түрлі лауазымдағы тұлғалар келіп, жаңа мәдениет ошағына оң баға берді. Салтанатты жиынның шымылдығы Стамбул мемлекеттік опера және балет театры «Синан» операсымен ашылды. Жалпы Ататүрік мәдени орталығында 2040 адамға арналған соңғы үлгедегі техникалық құрылғылармен жабдықталған опера театры, аумағы 16 мың шаршы метрден асатын театр, галерея мен түрлі мәдени бағытта жұмыс істейтін залдар орналасқан. Барлық залда оркестерге арнайы орын дайындалған. Біз отырған залдың атмосферасы бөлек деуге болады. Өйткені, орындықтардың түсінен бастап перделерге дейін бәрі-бәрі заманға сай.…

Read More

CaspianLife, 4 қараша  – Енді Америка аумағына белгілі бір вакциналарды алған қазақстандықтар ғана кіре алады. АҚШ рұқсат берген вакциналарға – Pfizer, Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Covishield, Sinopharm және Sinovac. Ресейлік «Sputnik V» мен қазақстандық QazVac тізімде жоқ. Жаңа талаптар 18 жасқа толмаған балаларға, екпеге қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визасы бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

Read More

CaspianLife, 3 қараша  – Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласында 300 жұмыс орны бос тұр. Ақ халаттылардың жетіспеушілігі дәрігерлердің қызмет көрсету сапасына да әсер етуде. Маман тапшылығы әсіресе облыс орталығы Ақтау қаласында сезіледі. Ал ауылдық жерлерге жас мамандар кәсіби өсудің мүмкіндігі болмауы себепті барғысы жоқ. Ауыл медицинасын дамытуға атсалысып жүрген бірен-саран жастардың бірі — Абылай Ермаханов. Ол жақында Батыр ауылына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген. Осындағы жалғыз аумбулаторияда жұмыс істейді. Күндізгі стационар да, жедел-жәрдем де осы. Ауылдағы 17 мың тұрғынының денсаулығына 7-ақ дәрігер жауапты. Баспана үшін берілетін үстемақы қолыма тимеді, жұмыста қалар қалмасымды әлі ойланып жүрмін дейді жас маман.  Өзім отказ бердім.…

Read More

CaspianLife, 3 қараша  – Атырау облысындағы Сағыз ауылының маңында болған атыстан кейін тұрғындар тергеудің әділ жүргізілуін, кінәлілердің жазалануын талап етті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 қазанда сағат 19:30-да «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331-шақырымындағы Сағыз ауылының маңында жастар бір-біріне оқ атқан. Оқиға орнында 6 адам жарақат алып, Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген. Кейін атыстан 5 адам оқ жарақатын, 1 адам дене жарақатын алғаны анықталды. Жарақат алғандардың бірі – 1985 жылы туған азамат ауруханада қайтыс болған. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқ тиіп, жарақат алғандардың жағдайы туралы ақпарат таратты. Жарақат алғандардың біреуі үйіне жіберілген. Бір ер адам Мақат…

Read More

CaspianLife, 3 қараша  – Атырау облысының Азаматтық альянсы маусым айынан бастап ұйымдастырған «Екпе ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» акциясы кеше аяқталды. Жалпы жүлде қоры 40 млн тг болған шара аясында 108 адам түрлі сомадағы сертификатқа ие болған. Қорытынды ұтысқа 10 млн тігіліп, тиісінше 10 атыраулық 1 млн тг-нің иегері атанды. Телефон соққанда бізде сеть болмады. Сосын артынан жұмыстас келіншегім соғып айтты, «телефоныңды көтер, саған соғып жатыр» деді. Содан көтердім, қуанышымда шек болмай, рас па, өтірік пе тіпті. Сенерімді де, сенбесімді де білмей, қуанғанымнан тіпті жыларман болдым ғой, не айтайын,-деп қуанышымен бөлісті жеңімпаздардың бірі Гүлназ Жұмажанова. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздардың көбі…

Read More

CaspianLife, 3 қараша  –  Атыраулық полицейлер «Учаске» іс-шарасы аясында 10 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады. Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 60 мыңнан астам пәтер мен үйді аралап шықты, оның негізгі мақсаты қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады. Мәселен, әкімшілік учаскені аралау барысында №10 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторлары бір айдан астам мерзімде тұрғылықты жері бойынша  тiркеусіз тұрған 25 жастағы азаматты анықтады. Аталған факті бойынша оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 20 418 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру…

Read More

CaspianLife, 3 қараша  – Еліміздегі 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам жазасын өтеуде. Ішкі істер министрлігі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Оның мақсаты – онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның мерзімін қысқарту. «Рақымшылық – ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ қоғамға  қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады. Елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған…

Read More