Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 қараша  – 102 операторына 1994 ж.т., азаматша қоңырау шалып, қаладағы өзі жұмыс жасайтын дүкен ішінде «Samsung” маркалы ұялы телефонының ұрланғандығы жөнінде хабарлама берген. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасы барысында бейнебақылау камерасына ұрлық әрекеті түсіп қалған 1963 ж.т., азаматшаны анықтады.   Айғақ зат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1 бөлімімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 2 қараша  – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғау ауылының кішкентай тұрғыны Мәриям Ишанғалиева Сочиде өткен «Әлем моделі-2021» халықаралық байқауының Гран-При иегері атанды. Мәриям анасының сөзінше, байқауға әлемнің 25 елінен келген бүлдіршіндер қатысқан. Тартыс таныстыру, дефиле және шығармашылық сында 3 турдан тұрған. Дефиле кезеңінде Мәриям сахнаға «Адай» күйінің сүйемелдеуімен қазақтың ұлттық киімімен шықты.  Әділ қазылар алқасы қазақ қызының өнерін басқалардан озық деп тапқан. Мәриям Ишанғалиева 3-ші сынып оқушысы. Сұлулық байқауларына бұрыннан қатысады, ондаған атақтары да бар. Бүлдіршін болашақта Оңтүстік Корея елінде білім алуды армандайды.

Read More

CaspianLife, 2 қараша  – Ақтау балықшылары балық аулауға қатысты ережеге байланысты табыс көзінен айрылғанын айтады. Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдаған 2015 жылғы қаулыдан кейін олар резеңке қайықпен теңізге шыға алмай қалған.  Балық аулауға қатысты ережеге байланысты теңізге резеңке қайықпен шығуға тыйым салынған. Бұдан бөлек, жалғыз жіпті ауды пайдалануға болмайды. Мұны балықшылар көксерке мен тікенді балық аулау үшін қолданған. Шенеуніктер көп талшықты ауды пайдалануға кеңес берген. Алайда балықшылардың сөзінше, мұндай ау қымбат және су астында көрініп тұрады екен. Әрі қаулыға сәйкес бір учаскеде оның қашықтығына қарамастан, 30 адам және 6 қайықтан көп болмауы керек екен. Шенеуніктер болса бұл өзгерістерді балықшылардың қауіпсіздігі үшін…

Read More

CaspianLife, 29 қазан – Осыдан бірнеше күн бұрын торға түсіп жараланған екі итбалық құтқарылған болатын. Бес күн бойы жарақаттарына ем-шара жасалып, бүгін екеуі де табиғи ортасына қайта жіберілді. Теңіз жануарлары табылған жер мен Ақтау арасындағы қашықтық төрт жүз шақырымға жуық. Бірақ бұл мамандарға кедергі емес көрінеді. Каспий итбалықтарын сауықтыру орталығы бір итбалықты құтқару үшін 400 мың-нан 2 млн теңгеге дейін қаражат жұмсайды. Тіпті оларды оңалту кейде үш айға дейін созылуы мүмкін. Итбалықтар бастапқыда адамды қасына жақындатпайды. Бірақ бұл қалыпты процесс. Бұған дейінгі итбалықты екі ай бойы емдегенбіз. Адамға бауыр басқаны соншалық, табиғи ортасына жіберу қиын болды, — дейді Каспий итбалықтарын…

Read More

CaspianLife, 29 қазан –  Патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған келіншекпен 30 минутқа жуық сөйлесіп, райынан қайтаруға тырысқан. Әйел қолын жіберіп, құлай жаздағанда полиция капитаны қағып алып үлгерген.  46 жастағы келіншек мұндай қадамға отбасылық жағдайына байланысты барыпты. Қазіргі кезде оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көпқабатты үй тұрғындары полиция қызметкерлерінің ерлігін айтып, таңырқасты. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмысқа келеміз. Әр түрлі жағдайлар болып жатады. Іштей қорқыныш болды. Не боларын білмедік. Бірақ ойланып тұруға уақыт болмады. Қуанышқа орай, бәрі жақсы аяқталды. Адамдарға көмекке келі — біздің азаматтық борышымыз деп білемін,- деді патрульдік полицияның батальон…

Read More

CaspianLife, 29 қазан – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Атырау облысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін келді. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің айтуынша, биыл аталған бағдарлама іске асыру үшін 66 мың адам тұратын 16 ауылдық елді мекен таңдалған. Қазір бұл елді мекендерде 22 жоба іске асырылып жатыр. Оған республикалық бюджеттен 3,9 миллиард теңге бөлінген. «Атырау облысында 153 ауылдық елді мекенде 300 мың адам тұрады. Бұл – облыс тұрғындарының жалпы санының 45%-ы. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін есептеудің жаңа әдістемесі мен моделіне сәйкес облыста…

Read More

CaspianLife, 28 қазан – Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау жұмыстары барысында бес адам жараланды. Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметші жараланған. «Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр», — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Министрлік мәліметінше, аталмыш дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.

Read More

CaspianLife, 28 қазан – Жайықтың Каспийге құятын сағасына көптен күткен су келді. Бассейндік балық шаруашылығы қызметкерлерінің айтуынша екі күн бұрын бұл айналаның барлығын қара жер болатын. Соңғы екі күнде батыстан соққан желдің әсерінен теңіздің тамағына су келіп, ажары кірген. Дегенмен желдің екпіні Жайық пен Каспий бойындағы кейбір тартылып қалған тұстарды толтыруға қауқарсыз. Каспий теңізінің бойында аралды еске түсіретін мынадай көріністер көптеп кездеседі. Бұл мәселелер Кеңес үкіметінің кезінде келесідей жағдаймен шешіліп тұрды. Біріншіден, біздің Атырауда ММС дейтін кәсіпорын болды. Бұл мемлекеттің тарапынан каржыландырылған мекеме. БҚИ тапсырмасы бойынша олар әрбір жыраныың аузын земснарядтпен қазып тұрды. Басқа ешқандай аппарат пайдаланылған жоқ. Тек қана зем…

Read More

CaspianLife, 28 қазан – Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірде бастау алған «Ұлық ұлыс — Алтын Орда» ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанатында хабарлады.  Жоспарға сәйкес кешен аумағында 20 нысан салынады. Әр саланың мамандары жұмысқа тартылады. Жайық өзені арқылы өтетін жылжымалы және қалқымалы көпірді ерекше атап өткім келеді. Ибн Баттуттың жазбаларында Сарайшық қалашығы аумағындағы «Орда базар» туралы аңыз келтірілген. Сондықтан бұл қасиетті мекенді сауда орталығы ретінде дамыту маңызды. Бүгінгі таңда Сарайшықтың мұражай қорында 4600 экспонат сақтаулы, көрермен назарына тек 400-і қойылған. Сол себепті «Алтын Орда» деп аталатын жаңа мұражай құрылысын бастаудың негізі бар, — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Сондай-ақ…

Read More

CaspianLife, 28 қазан – Тұрғындардың айтуынша, 27 қазанда кешке ауада тағы да ыстың иісі пайда болған. Аймақтың ТЖД сол күні өрт болмағанын, қоқыс жанбағанын мәлімдеді. «Мастер Дом» гипермаркетінің артындағы қоқыс үйіндісінде өрт болмаған. Еске салайық,17 қазанда Ақтау маңындағы қара түтін қала тұрғындарын үрейлендірген. Өрт сөндірушілер қоқыс аумағын 13 сағаттан аса уақыт ішінде сөндірген. Экологтар өртенген аймақта көміртегі оксидінің жоғарылағанын айтқан еді. Әкімдікте тұрғындардан ақша алып, қоқыс үйіндісін ұйымдастырған азамат табылғаны хабарлады. Төрт күннен кейін қоқыста тағы түтін байқалды. Өткен жексенбіде журналистер қоқыс аумағында тағы да түтін болып жатқанына көз жеткізді. Әкімдікте қоқыс тастайтын жердің қайта тұтануы қатты желдің екпінінен болғаны…

Read More