CaspianLife, 25 қазан – Маңғыстау облысында мас жүргізуші газ құбырына соғылды. Оның көлігі толығымен жанып кетті. Жол апаты Мұнайлы ауданына кіретін Басқұдық ауылында болған. Ресми мәліметке сүйенсек, УАЗ Patriot жүргізушісі мас күйінде рөлге отырған. Ал көшеде келе жатқанда газ құбырына соғылған. Соққы салдарынан өрт шығып, көлік толығымен жанып кетті. «Оқиға орнына төтенше жағдайлар мен газ қызметінің мамандары келіп, өртті өшірді», — дейді полицейлер. Ал көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 3-тармағы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша жауапқа тартылды. Осы бапта 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 қазан – Олар 2018 жылы қамауға алынған болатын. Судья Кемеңгер Имашев бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты үкім шығарды. «Сотталушылар Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі емес деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық жоқтығына байланысты ақталды», — деді судья. Қылмыстық іс 3 жылға созылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Сәдібековті 2018 жылдың наурызында, Жақсалиевті маусымда ұстады. Оларға Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 миллиард 680 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын. Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік экс-министрлерге қатысты…
CaspianLife, 22 қазан – Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов осындай мәлімет айтты. «Вакцинация — қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып отыр. Бізге өте көп сауалдар келіп түседі. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Дүйсенбіден бері ол норма күшіне енген болатын. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған адамдар ПТР тестіден өтуі керек», — деп түсіндірді еңбек инспекторы. Маманның айтуынша, бұл – республикалық проблема. «Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің…
CaspianLife, 22 қазан – «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженері Қуанышбек Шортабаевтың айтуынша, Мақат ауданындағы Доссор кентінің тұсында 5,6 шақырым айналма жол салынған. «Бұрын Ақтөбеден келе жатқан көлік Атырауға бару үшін Доссор кенті арқылы өтетін еді. Әсіресе, жүк көліктері кент арқылы өтіп, жол қозғалысына қиындық тудыратын еді. Сол себептен, былтыр айналма 5,6 шақырымдық айналма жолдың құрылысы басталды. Республикалық маңызы бар жолға «ҚазАвтожол» АҚ тапсырыс берді. Жол құрылысын «АнтИнШаат МаденСанайиАШ» мердігер мекемесі жүргізді. Филиал зертханасына құрылыс материалдарынан сынама және керн кескіндері алынды. Енді жақын күндері айналма жолға жарық шамдары, жол белгілері орнатылады. Бұл айналма жол пайдалануға берілген…
CaspianLife, 22 қазан – Жылдың 9 айында еліміз бойынша тіркелген 30 еңбек дауының 28-і Маңғыстау облысында болған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев осындай дерек келтірді. «Еңбек дауларына келетін болсақ, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, елімізде 30 осындай шиеленіс болды. Біз бұл жерде кәсіпорын жұмысы 3 сағаттан артық тоқтап тұрған оқиғаларды есепке аламыз. Соның 28-і Маңғыстау облысында болды. Өздеріңіз білесіздер, қазір Маңғыстау облысындағы жағдай оңай емес. Бұл жөнінде Президент тапсырма берген. Бұл жерде ахуалды түгел зерттеу үшін арнайы орталық құрылып отыр. Ол орталыққа біздің мамандар…
CaspianLife, 21 қазан – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты 20 қазанда, сағат 5:00 шамасында болған. «Кеше «Атырау-Орал» бағытындағы жолда Тoyota Ipsum алдымен сиырға, кейін Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora көлігінің рульінде болған полиция қызметкері көз жұмды. Ол Махамбет аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген еді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
CaspianLife, 21 қазан – Ақтауда полиция өсімдік тектес есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс-2021» жедел алдын алу операциясын жүргізу барысында Ақтауда Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Салонда жүргізуші мен екі жолаушы болған. Олардың барлығы ұсталды. Тінту кезінде полицейлер автомобиль салонынан салмағы екі келіден асатын «марихуана» мен жарты келіден асатын «гашиш» есірткісін тапты. Ұсталғандардың пәтерлеріне тінту жүргізу кезінде тәртіп сақшылары екі күдіктінің үйінен сегіз келіден астам «марихуана» мен бір грамм «апиынды» анықтады. «32 және 36 жастағы екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда ұсталған екі күдікті уақытша ұстау…
CaspianLife, 21 қазан – Атырау станциясының полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен. Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты, деп хабарлады көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі. Атырау станциясындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктің өзі шағым түсірген. «Ер адам қызметін орындау кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мүкір станциясында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған», — делінген хабарламада. Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 600 сағат түзеу жұмыстарын атқару немесе екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына…
CaspianLife, 20 қазан – Қазнет қолданушылары елімізде балаларды КВИ-ға қарсы вакциналауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакциналау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакциналау жоспары да жоқ. Балаларды вакциналау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі болса ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды», – деп хабарлады ведомстводан. Қазақстандықтар балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналауға байланысты фейктерді бұған дейін де таратқан. Олар вакциналарды…
CaspianLife, 20 қазан – Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың барлық наразылықтарын қабылдамай, оларға айыппұл санкцияларын салды. 2021 жылғы 18 қазанда Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік сотының судьясы Элисон Дж. Натан М.Әблязов пен И.Храпунов берген түрлі қарсылықтарды қабылдамай, «БТА Банкі» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – бірлескен талапкерлер) бірлескен талап-арызы бойынша басталған сот қарауы кезінде заңсыз әрекеттері үшін оларға санкциялар салды. Судья Натанның шешімінде сонымен қатар Мұхтар Әблязов пен Храпуновқа санкциялар салған АҚШ бітістіруші сотының бұрынғы бірнеше қаулылары (2019 жылғы 3 шілде, 2019 жылғы 15 шілде, 2020 жылғы 7 ақпан, 2020 жылғы 19 мамыр және…
