CaspianLife, 20 қазан – Атырауда жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 жастағы ер адамға туыстарының шағымынан кейін іздеу жарияланған. «Ер адам үйінен көлікпен кетіп, қайтып оралмаған. 16 қазанда із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы ер адамның денесі Атырау қаласының маңындағы Талғайран-2 ауылында тұрғын үйдің ішінен табылды. Марқұмның көлігі қаланың өзге шағын ауданында табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық уодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 қазан – Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Оған 84 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды. Қайрат Нұрлыбаев 2019 жылы ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» кооперативіне инвестициялық субсидиялау келісімшартын жасап, қомақты ақша бөлген. Облыстық әкімдіктің ресми жауабына сүйенсек, «Бұйырғын» кооперативі 83,7 млн теңгені мемлекетке толықтай қайтарыпты. Естеріңізге салайық, Қайрат Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына 2021 жылдың қаңтар айында тағайындалды.
CaspianLife, 19 қазан – Атырау облысынан биылғы 9 айда ҚР Президент Әкімшілігіне 173 өтініш түскен. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша атқарылған жұмыстар талқыланған отырыста белгілі болды. Облыс әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Жандос Бөлекбаевтың мәліметінше, биылғы 9 айда жергілікті атқарушы органдарға 27 165 өтініш жолданған. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 22 449, заңды тұлғалардан – 4 716 өтініш. «Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылғалы 7 218 өтініш өңделіп, 6 254 хатқа жауап берілді. Осы кезеңде облыс тұрғындарынан Президент Әкімшілігіне 173, Премьер-Министрдің Кеңсесіне 45 өтініш түскен. Бұл өтініштер облыс әкімдігіне қарауға…
CaspianLife, 19 қазан – Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қазанда сегізінші шағын ауданның сегізінші үйінде болған. Полиция департаментінің жедел басқару орталығына сағат 19:04-те қоңырау түскен. Ер адам биіктен құлаған кезінде алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. «1951 жылы туған ер адам бесінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Аталған факті Ақтау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 18 қазан – Түркістан мәслихатының бұрынғы депутаты қаладағы ойын-сауық мекемесінде жанжал шығарды. Видео «За нами уже выехали» Telegram каналында тарады. Кадрда адам қатты былапыт сөз айтып, мекеме қызметкеріне тиіскен. Ол өзін «VII шақырылған мәслихат депутаты» және «бұрынғы бандит»деп таныстырғаны айтылған. Түркістан облысы полициясы оқиға 17 қазанда түнде болғанын хабарлады. Мекеме қызметкерлері тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. «Оқиға орнына полиция жасағы келді. Келген кезде тәртіп сақшылары ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзған адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған дерек сотқа жіберіледі. Сондай-ақ, ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биыл наурызда өкілеттігін…
CaspianLife, 18 қазан – Қазақстанда 2,7 мың адам өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді. «Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға келетін болсақ, жыл басынан бері ішкі істер органдары көлікті мас күйінде басқарудың 18 мыңға жуық дерегін анықтады. 2020 жылдан бастап көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 7 жыл құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Бұдан бөлек, автокөлікті мас күйінде жүргізген, бұрын осындай әрекет жасаған немесе жол апатына себепші болған жағдайда жүргізуші құқығынан өмір бойына айыру көзделген. Қазір 2,7 мыңға жуық жүргізуші өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылды», — деді Түсіпов…
CaspianLife, 18 қазан – Атырау облысында жыл басынан бері 200-ден астам мемлекеттік қызметші мемлекеттік еңбек инспекциясына шағымданған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетовтің мәліметінше, «Е-қызмет» жүйесімен мемлекеттік органдардың қолжетімділігін бақылауды интеграциялау жоспары бекітілген. «Қазіргі уақытта Атырау облысында мемлекеттік органдардың қолжетімділігін бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндай іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға, икемді жұмыс кестесін құруға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға бағытталатын болады», — дейді Ерлан Ермаханбетов. Оның дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы…
CaspianLife, 18 қазан – Атырау облысында Жайық өзені сағасында итбалықтар пайда болды. Итбалықтарды «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі және фотограф Қарасай Күнжарықов «Ақжайық» табиғи резерваты аумағында құстардың фото және видеотүсірілімі кезінде байқап қалған. Олар Жайық өзенінің Каспий теңізіне құйылатын бірнеше жүздеген метр жерден көрінді. Резерват қызметкерлерінің айтуынша, соңғы жылдары саны әжептеуір қысқарған итбалықтар жағаға өте сирек шығып, көбінесе Каспийдің солтүстік аралдарын мекендейді. Түлендер — итбалық тұқымдас сүтқоректі жануар. Денесі ұршық тәрізді, кішкентай, басы дөңгелек. Зоолог мамандар бұл сүйкімді жануарды ескекаяқтылар тұқымдасына жатқызған. Бүгінде жануарлар әлемінің бұл өкілдері жойылу қаупі төніп тұрған жыртқыштар қатарына кіріп отыр. Ресей Федерациясы аумағында жануарлардың бұл түрі Қызыл…
CaspianLife, 18 қазан – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдің өзекті мәселелері талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша мәселе қаралды. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаеваның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда облыста бірінші қажеттіліктегі тауар қоры 1500 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта осы көрсеткішті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Басқа өңірлерден азық-түлік тасымалдау бұл мәселені түбегейлі шешпейді, сондықтан жергілікті өнім өндіруге басымдық берілу керек. Барлық деңгейдегі басшылар, әкімдер бұл жұмысқа жеке араласуы қажет», — деді Нұрлан Ноғаев. Сонымен қатар, жиында жылыту маусымында туындаған бірқатар мәселелер талқыланды. Бүгінде облыстағы 474 білім беру нысанына, 156 әлеуметтік…
CaspianLife, 18 қазан – Netflix стриминг компаниясы оңтүстіккореялық «Игры в кальмара» (Squid game) сериалынан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін. Bloomberg жариялаған америкалық Netflix ағындық қызметінің құжаттарына сәйкес, платформа Оңтүстік Кореяның «Игры в кальмара» сериалынан шамамен 891,1 миллион доллар табуды жоспарлап отыр. Netflix сериалды шығаруға барлығы 21,4 миллион доллар, бір эпизод үшін 2,4 миллион доллар жұмсағанын айтты. Сондай-ақ, Netflix есептерінде адамдар сериалды көруге 1,4 миллиард сағаттан астам уақыт жұмсағанын, сериалдың алғашқы 23 күнінде шамамен 132 миллион адам «Игры в кальмара» аз дегенде екі минут көрген. Ағындық қызмет бұқаралық ақпарат құралдары құжаттардан алынған құпия деректерді жарияламауы керек деп мәлімдеді. «Netflix бұл…
