CaspianLife, 12 қазан – Атырау облысында Каспий жағалауындағы 450 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қазанда тұтанған қамыс өртін сөндіру әлі жалғасып жатыр. Бүгін, 12 қазанда жергілікті уақытпен сағат 09:00-ге дейін тағы да 30 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілген. «Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған жеке құрамның күшімен 20 гектардағы өрт ошағы жойылды. Ал, 10 гектар аумақтағы жалын өздігінен сөнді. Өртенген жердің жалпы ауданы 550 гектарды құрады. Оның ішінде 450 гектарды шарпыған өрт сөндірілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір Каспий теңізінің жағалауындағы өртті жоюға Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 34 адам,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 қазан – Ақтауда жолдан өтіп бара жатқан баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Оқыс оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы айтып берді. Зардап шеккен ақтаулық бүлдіршін 8 жаста. Бағила Назымованың айтуынша, оқиға 11 қазанда, сағат 08:40 шамасында 13 шағынауданның 12 және 14 үйдің жанында орналасқан «Жастар» бизнес орталығының жанында болған. «Біз жаяу жүргіншілерге арналған жолды кесіп өттік. Ұлым менің қолымнан ұстап тұрды. Содан кейін ол екі секунд ішінде қолын босатып, еңкейе бергенде көлік келіп соқты. Мен жүргізуші қызды көрдім. Мен оған «Сіз қайда бара жатсыз» деп едім, оқиға орнынан тайып тұрды», — деді Бағила Назымова. Оқиғадан кейін…
CaspianLife, 12 қазан – Атырау облысында 9 айда 38 жүргізуші сотталды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) 38 адамның ісі сотта қаралған. «Атырау облысының соттарымен биылғы 9 айда 30 адам бас бостандығынан айырылып, 8 адам бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын…
CaspianLife, 12 қазан – Атырау облысында 541 адам коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр. Оның ішінде 207 науқас инфекциялық стационарларда, ал 334 пациент үйінде емделу үшін оқшауланған. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте қауіпті вирусты 13 адам жұқтырған. Нақтылай айтқанда, Атырау қаласында – 7, Теңіз кен орнында – 4, Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталған. «Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 адам сауығып шықты. Қазір ұй жағдайында емделу үшін 334 науқас оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 74, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 53, №2 облыстық ауруханада – 44, аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 пациент ем қабылдап жатыр», -…
CaspianLife, 12 қазан – Атырауда жыл басынан бері су айдындарынан 40 млн теңгенің 5 мың торлы ауы шығарылды. Атырауда балық шаруашылығы саласының мамандарымен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахияновтың айтуынша, су айдындарында торлы ауды қолдануға салынған тыйымды өзгертуге еш негіз жоқ. «Су маржандарының қоры жыл сайын азайып барады. Балық қорын болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін осындай мораторий енгізуге мәжбүрміз. Алайда, мәселенің мән-жайын түсінбейтіндер бар. Мәселен, Атырауда балық шаруашылығы қауымдастығы мұндай тыйымның тиімсіз екенін алға тартып отыр. Себебі, балық аулаудың басқа құралдарын алуға уақыт керек дейді. Екіншіден, тордан басқа құралмен аулауды білетін балықшы…
CaspianLife, 11 қазан – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің трансшекаралық өзен департаменті Жайық өзенінің таяздану себебін түсіндірді. Экология министрлігінің трансшекаралық өзен департаменті 70-ші жылдардан бастап Жайық өзенінде (Жайық) су ағынының көлемі азайып келе жатқанын хабарлады. Бұл өзен бассейніндегі судың аз кезең циклінің басталуына байланысты. Су азаюы кезеңінің көбеюіне, бассейндегі ағынды реттеуге және өзеннің гидрографиялық желісінің нашарлауына жер жырту және ағаш кесу жұмыстары әсер етеді. «Жайық өзені бассейніндегі су жағдайын жақсартуда шаралар қабылдау үшін Ресей тарапымен Жайық өзенінің гидрологиялық режиміне бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Осы мақсатта 2020 жылы қазанда ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер…
CaspianLife, 11 қазан – Еуропа мен Еуропалық экономикалық одақтағы қатарластарына қарағанда Қазақстандағы оқушылардың қашықтан оқу мерзімі ұзаққа созылды. Коронавирус шектеулері Орталық Азия елдеріне, Еуропаның кейбір елдеріне, оның ішінде дамыған елдерге қарағанда Қазақстан мектептеріне көбірек әсер етті. Мәселен, республикадағы мектептер рекордтық көрсеткіште 11 ай мен 3 аптаға дейін жабылды, оның ішінде 2,5 айға жуығы — толық, 8 ай және 3 апта — ішінара оқыды. Қашықтан оқу Қазақстанда инфрақұрылымға ерекше әсер етті. Мысалы, Қырғызстанда мектептер 6,5 айға жабылды, Ресей, Армения және Өзбекстанда шамамен 3 айға созылды. Ал «ковид — диссидент» елдерде (мысалы, Тәжікстан, Түрікменстан немесе Беларусь) қашықтан оқытуға мүлдем көшкен жоқ, мектептер…
CaspianLife, 11 қазан – Үкімет 2022 жылғы демалыс күндеріне өзгеріс енгізді. 6 қазанда №713 қаулыға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды. Демалыс күндері былай өзгерді: 2022 жылғы 5 наурыз (сенбіден) 2022 жылғы 7 наурызға (дүйсенбі) дейін; 2022 жылғы 27 тамыз (сенбіден) 2022 жылғы 29 тамызға (дүйсенбі) дейін. Қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.
CaspianLife, 11 қазан – Еліміздің уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу бөлмелеріне видеокамералар орнатылады. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның онлайн брифингісінде осындай мәлімет берді «Бүгінде жергілікті полиция қызметін сервистік модель қағидаттарына ауыстыра отырып, реформалау бойынша тәсілдер әзірленді. Мемлекет басшысы пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызметтік ғимараттарында, құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай бейнебақылауды енгізуді тапсырды. Бұл полицияға халық алдында ашық жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», — деді Нұрділдә Ораз. Оның сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысында аталған бейне жүйелерді монтаждау және орнату жұмыстары толық аяқталған. «Полиция департаментінің 26 әкімшілік ғимаратында халықпен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда 254…
CaspianLife, 11 қазан – Бейнеу ауданында «Mercedes-Benz» көлігі аударылып қалды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік апаты 10 қазан күні сағат 05:05-те болған. «Mercedes-Benz» автокөлігінің дөңгелі жарылып кетуі салдарынан жүргізуші рульді басқара алмай, тұраққа қойылған LADA 21902 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік қонақ үй қоршауына соғылып, аударылып қалды», делінген хабарламада. Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Оқиғаның мән-жайы толық тексеріліп жатыр.
