Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 қазан – Кейбір қазақстандық мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл тыйым оқушыларға да, олардың ата-аналарына да ұнамаған секілді. Алматы, Қарағанды, және Атырау облыстарындағы ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен. «Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүру керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз, мұндай заң жоқ», — деп шағымданды олар. Білім және ғылым министрлігі биыл оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде оқуға рұқсат етілгенін хабарлады. Классикалық стиль матаның, түс пен өлшемнің қатаң, ұстамдылығымен сипатталады. Қазір мектеп тәжірибесінде үстіне ашық, астына қою түс киюге рұқсат беріледі. БҒМ мектеп оқушылары…

Read More

CaspianLife, 8 қазан – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі автокөлік иелерінің жаппай шағымынан кейін дизель отынының сапасын тексерген видео көрсетті. «Қазақстандықтардың дизель отынының сапасы туралы шағымынан кейін мұнай өңдеу зауыттарында зертханалық жұмыстар жүргізіліп, маусымдық дизель отыны қандай температурада қату керек екені анық көрсетілді. Шымкент мұнай өңдеу зауытында сүзгіден өтуі мен қату температурасын талдау үшін сертификатталған құрылғыларда сынақтар жүргізілді. Нәтиже қорытындысында Шымкент зауытында шығарылатын дизель отыны минус 15 градус орташа температурада қататыны, ал сүзгілеу температурасы минус 7 градуста және минус 5 градустан жоғары болмайтын температурада жүзеге асатыны көрсетілді», — деді ҚМГ баспасөз хатшысы Қанат Құлшманов. Оның айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында…

Read More

CaspianLife, 8 қазан – Ақтауда екі жасар қызға жұқпалы аурулар ауруханасында мерзімі өткен препарат салынған. Қаңтар айынан бері дәрігерлер Руфина есімді бүлдіршіннің қызуы не себепті 38 градусқа дейін көтеріліп, аяқ-қолы тырысып қалатынын анықтай алмаған. Бүлдіршін қыркүйек айында ауруханаға үшінші мәрте түсіп, жеке зертхананың арнайы мамандарын шақырған кезде ғана цитамегаловирус диагнозы қойылған. Бұл ауруға қарсы препарат тиісті нұсқауларды қатаң сақтауды талап етеді. Науқас баланың анасының айтуынша, дәріні уақытында қолданбаса, жарамсыз болып қалады. «Бұл препарат 24 сағатқа жарамды. Бала бір тәулік ішінде 2 рет қабылдауы тиіс. Сағат 2-де ашылды, яғни түнгі сағат 2-де берілу керек, келесі күні қолданбау керек. Олар үшінші күні…

Read More

CaspianLife, 8 қазан – Атырау облысы короновирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша «жасыл» аймаққа өтті. Өткен тәулікте өңірде 35 адам вирус жұқтырған. Олардың 22-сі Атырау қаласының тұрғыны. Теңіз кенішінде 4, Қызылқоға ауданында 3, ал Құрманғазы, Исатай және Мақат аудандарының әрқайсысында 2 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсетіпті. 23 науқас симптомды, 12-сі симптомсыз түрімен ауырып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 475 адам үйден емделуде, ал облыстағы стационарларда 180-ге жуық адам жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 60 науқас ем алуда.

Read More

CaspianLife, 8 қазан – Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті тікұшақпен сөндіріп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5-6 қазанда «Геосат» сайты арқылы ғарыштан мониторинг жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының аумағында қамыс өртінің бірнеше ошағы анықталған. «Осы ақпаратқа сәйкес, 6 қазанда Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Теңіз ауылдық округінің қызметкерлері жерүсті барлауын жүргізді. Олар аудан орталығынан өрт ошағына дейін шамамен 50-60 шақырым жол жүрді. Каспий теңізінің жағалауы батпақты байланысты қамыс өртін сөндіруге арналған техниканың жетуіне мүмкіндік жоқ. Оңтүстіктен батысқа қарай соққан желдің екпіні салдарынан түтін Ресей Федерациясының Астрахань облысына таралуда» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Кеше,…

Read More

CaspianLife, 7 қазан –  Өскемен қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауқымды монумент бой көтермек.  Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. «Бүгін Өскемендегі ескерткіштер құрылысының барысын бақыладым. Оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды монумент бар. Бұл – біртұтас мемориалдық кешен, Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей және қазақтың ұлы үш биі бейнеленген бірыңғай композиция. Сондай-ақ мұнда ел тарихының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің дәйексөздері бар барельефтер болады», — дейді ол. Облыс әкімінің айтуынша, монумент облыстағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы бірегей сәулет құрылысына айналады. Оның биіктігі — 12,6 метрді құрамақ. «16…

Read More

CaspianLife, 7 қазан – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «КТК-Қазақстанның басты экспорттық бағыты» атты Каспий құбыр консорциумының 25 жылдық мерейтойына арналған панельдік сессияға қатысты. Шара елордада XIV Еуразиялық Kazenergy форумы аясында өтуде.  Энергетика министрі өз сөзінде «Теңіз – Атырау – Новороссийск порты» бағыты қазақстандық мұнай экспорты үшін ең тиімді және қауіпсіз болып табылатынын атап өтті. «Қазақстаннан экспорттық мұнай құбырын салу үшін көптеген нұсқалар қаралды. Мұнайды экспортқа тасымалдаудың 10-нан астам бағыты ұсынылды, оның ішінде Ресей арқылы Қара теңізге, Иран арқылы Парсы шығанағына, Баку – Джейхан арқылы Жерорта теңізіне. Сайып келгенде, сарапшылар ең тиімді және қауіпсіз бағытты анықтады: Теңіз – Атырау –…

Read More

CaspianLife, 7 қазан – Атырау облысында полицияға жеткізілген 1 677 адамнан саусақ ізі алынды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 7 қыркүйектен бері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Биылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасатын іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталып отыр. Бір айдың ішінде учаскелік полиция инспекторлары Атырау қаласындағы 30 мыңнан астам пәтерді, саяжайларды қамтып, облыс аумағында орналасқан 507 қыстақ мен шаруа қожалығына тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қаруды сақтау мен тіркеу мерзімін бұзудың 16 дерегі анықталып, 12 қару тәркіленді», -дейді Қамза Үмбетқалиев. Оның мәліметінше, кәмелетке толмаған 517 жасөспірім полицияға жеткізілген. Жасөспірімдер ата-аналардың тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұсақ…

Read More

CaspianLife, 6 қазан – Биыл жыл соңына дейін «Қаламқас», «Хазар» кен орындарын игерудің тұжырымдамасы әзірленіп, 2028 жылға қарай кен игеруді бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті. «Бүгінде «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен оның серіктестері арасында аталған кен орындарын игеру тұжырымдамасын таңдау бойынша талқылау жүріп жатыр. Отандық өнім көлемін арттыру тұрғысында бұл жобалардың маңызы зор. Күнделікті «ҚазМұнайГазбен» бірлескен жұмыс барысында бұл кен орындарының әлеуеті өте жоғары екеніне көзіміз жетіп отыр. Жыл соңына дейін кен орнын игерудің тұжырымдамасын таңдау бойынша шешім қабылданады. 2028 жылға қарай кен игеруді бастау үшін биыл жыл соңына дейін тұжырымдама таңдалып, шешім қабылданады деп…

Read More

CaspianLife, 6 қазан – Елордада алғаш рет «KIOGE-2021» халықаралық мұнай және газ көрмесі ашылды. «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан шараға өз елімізден бөлек Ресей, Беларусь, Австрия, Бахрейн, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және Хорватиядан 156 компания қатысып жатыр. Көрмеге қойылған экспозицияның жалпы ауданы — 2700 шаршы метр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге келушілер мұнай және газ саласына қатысты соңғы технологиялармен танысумен қатар, сала мамандарымен тілдесіп, тәжірибе алмаса алады. «KIOGE» көрмесі елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл мұнай және газ саласындағы маңызды шара. Халықаралық көрме екі жылда бір рет өтеді және биылғы шараға 9 елден 120-дан астам компания қатысып жатыр. Көрменің бізге бірер пайдасы…

Read More