Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 6 қазан – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте – 5 қазанда 46 адамнан қауіпті вирус анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте – 5 қазанда 46 адамнан қауіпті вирус анықталған. Оның ішінде Атырау қаласында — 32, Теңіз кен орнында — 4 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Индер ауданында – 5, Жылыойда – 2, Құрманғазы ауданында 2 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. «Өткен тәулікте қауіпті вирустан 4 адам қайтыс болды. Ал, 109 пациент емделіп шықты. Қазір 488 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Инфекциялық стационарларда 265 науқас ем-дом қабылдауда. Оның ішінде модульдік ауруханада – 108,…

Read More

CaspianLife, 6 қазан – Маңғыстауда жыл соңына дейін түрік инвесторларының қатысуымен ірі екі жоба іске қосылады.  Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Түркияның Ақтау қаласындағы Бас консулы Мұзаффер Ақылдырымды қабылдауында белгілі болды. Кездесу барысында Маңғыстау облысы мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері, инвестициялық мүмкіндіктер мен өңіраралық кәсіпкерлікті дамыту перспективалары талқыланды. Түркия өңірдің сыртқы сауда байланыстарында маңызды рөл атқарады. Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында облыс пен Түркия сауда айналымы 93,1 млн долларды құрады. Оның ішінде экспорт — 52,4 млн доллар. Айта кетсек, Маңғыстау облысының аумағында түрік капиталының қатысуымен экономиканың т үрлі салаларында 86 кәсіпорын тіркелген. Сондай-ақ, осы жылдың соңына…

Read More

CaspianLife, 6 қазан – Махамбет ауданында 3 үйдің 3 баласы тірідей жанып кетті. Қайғылы оқиға кеше кешкілік Ортақшыл ауылындағы үйлердің бірінің қорасында болған. Өрт сағат 11-лер шамасында сөндірілгеннен кейін, сол жерден үш баланың сүйегі табылған. Табылған денелер сол күні ойнауға шығып кетіп, үйлеріне оралмаған 2012, 2014 жылдары дүниеге келген балалардыкі болуы әбден мүмкін. Балалардың сүйектері сот-медициналық сараптамаға жіберілді Ауладағы жиналған 22 дана рулон шөптің жанып жатқаны анықталды. Өрт 23:07 де толығымен сөндірілді. Алайда 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөліміне 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, 3 бірлік техника,…

Read More

CaspianLife, 5 қазан – Бүгін өзен жағасындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақта Армениядан әкелінген «Нonda Odyssey» маркалы көліктің тұрғаны анықталған. Көліктің оң жағы бүлінген, май аққан. Кейін транспорттың жағалаудағы шойын қоршауды қиратқаны белгілі болды. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің Маңғыстау облысында тіркеуде тұрғанын мәлім етті. «Қазір оқиға орнына анықтаушылар жіберілді. Көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 5 қазан – Атырау мұнай өңдеу зауытында 8 айда 3,5 млн мұнай өңделді. Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, биылғы 8 айда өңделген мұнай былтырғы осы кезеңдегіден 265 тоннаға артқан. «Атырау мұнай өңдеу зауытында 2010-2017 жылдары ауқымды қайта жаңғырту жүргізілген еді. Қайта жаңғыртудың нәтижесінде сапалы мұнай өнімдерін шығару көлемі ұлғайды. Мәселен, биылғы 8 айда өңделген мұнай көлемі 3 521 026 тоннаны құрады. Бұл, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 265 мың тоннаға артық. Осы кезеңде тауарлы дизель отынын шығару 1 027 123 тоннаға жетіп, былтырғыдан 10,5 мың тоннаға артты. Ал, тауарлы автожанармай өндіру 835 099 тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 144…

Read More

CaspianLife, 5 қазан – Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды. Кешенді жоспардың жобасын ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев таныстырды. «Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады. 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде Оның ішінде республикалық бюджеттен 338,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестициялардан 1,6 трлн теңге», — деді министр. Ведомство басшысының айтуына қарағанда, кешенді жоспар аясында Жаңаөзен мен Ақтау теңіз портын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру көзделіп отыр. «Өнеркәсіпте Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, арнайы экономикалық аймақ – Ақтау теңіз порты аумағында…

Read More

CaspianLife, 5 қазан – Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлім етті.  «Өңірді газдандыру мәселесіне келетін болсақ, облыста жалпы құны 266,6 млрд теңге болатын 7 газ инфрақұрылымы жобасын іске асыру жоспарланып отыр», — деген министр солардың ең негізгілеріне қысқаша тоқталды. Олар: — жалпы сомасы 207,4 млрд теңгеге «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 1-ші желісін күрделі жөндеу және 2-ші желісін салу жобасы; — 16,5 млрд теңге қажет етіп отырған «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу жобасы; — 25,7 млрд теңге салу жоспарланған Құрық ауылына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан газ бұру және газ тарату құбырларын салу жобасы. «Осы жобаларды іске асырудың арқасында Маңғыстау…

Read More

CaspianLife, 5 қазан – Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектептің жылдық энергия шығынын 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін күн станциясы жұмыс істей бастады.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының еліміздің Энергетика министрлігі мен Shell Kazakhstan бірлесе отырып, 2018 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Күн энергиясы – мектептерге» жобасы жасыл экономикаға біртіндеп көшуге және парниктік газдарды қысқартуға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың нақты ғылымдарды (STEM) зерттеуге қызығушылығын арттыру және олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында күн панельдерінің құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталды. Оның жалпы ұзындығы 73 метр, биіктігі 4 метрден асады.  «Бүгін…

Read More

CaspianLife, 4 қазан – Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бала туып, оны көше дәретханасында қалдырған әйелдің жеке басы анықталды. «3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәби тірі екенін хабарлады. «Бала Индер аудандық ауруханасының перзентханасына орналастырылды, ол — ұл бала. Балада дененің гипотермиясы болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды, тірі. Анасы Индер ауданының 1990 жылы туған тұрғыны. Ол аудандық аурухананың босанғаннан кейінгілер…

Read More

CaspianLife, 4 қазан – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ресейлік шекарашылар браконьерлік жолмен ұсталған итбалықты құтқарды. Жануар судан шығып қалғасын оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін еді. Шекарашылар итбалық өте белсенді болғандықтан, жарақаттары байқалмағандықтан ашық теңізге бірден жіберуді ұйғарған. Сондай-ақ, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген 200-ден астам бекіре тұқымдас балықты аулаған 30 браконьерлік торды тапты. Ұсталған балықтар бірден теңізге қайтарылды. Бұған дейін қазақстандық шекарашылар бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлік тордан құтқарған сәтін видеоға түсірген. Итбалықтар браконьерлердің торына жиі түсетінін айтты. Торға түскен жануарлар жиі жараланады.

Read More