Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 30 қыркүйек – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстың саны былтырғыдан 70,2 пайызға өскен. «Атырау облысында былтырғы 8 айда жасөспірімдерге қатысты 47 қылмыс тіркелген еді. Ал, биылғы 8 айда осындай 80 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі кәмелетке толмағандармен жыныстық қарым-қатынасқа байланысты болып отыр. Оның ішінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабымен – 14, 121бабымен – 10, 122-бабымен – 21, 123 бабымен – 1, 124 бабымен 9 қылмыс жасалғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыс саны көбейгенін жазған болатынбыз.

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек – Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт бүгін, 30 қыркүйекте Құрманғазы ауданында тұтанған. «Түнгі сағат 00:35 минут шамасында Орлы ауылында орналасқан бір қабатты супермаркет ғимараты өртенді. Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына жеткенде «Бисенов» жеке кәсіпкерлігіне қарасты жалпы ауданы 1000 шаршы метр болатын бір қабатты ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Жалынның салдарынан ғимараттағы «Құралай» супермаркеті мен асхана толықтай жанып кетті. Ғимарат 2009 жылы салынған. Қабырғалары кірпіштен қаланған, төбе жабындысы ағаштан, қамыстан жасалған, шатыры темір профлистпен қапталған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жалынды сөндіруге №7 өрт сөндіру бөлімінен 17 қызметкер…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сәбиді өлтіргені үшін сотталған «Атырау облысының перинаталдық орталығының» дәрігерлеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы соттың сайтында жарияланған. «Сотталушылардың кінәсі бірінші сатыдағы сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен толық расталған», – делінген хабарламада. «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» кәсіпорнының директоры Қ.Нысанбаев ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 3,7,14-тармақтары (дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам өлтіруі), 361-бабының 1-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану), 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі (пара беруге оқталу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кезекші…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Жамбыл облысының әкімдігі, банктер және басқа да қаржы ұйымдары Байзақ ауданында оқ-дәрілердің жарылысы кезінде қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларының атындағы 47 несиені толығымен есептен шығарды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ӨКҚ брифингінде мәлімдеді. «Біздің банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жұмысымыз өз нәтижесін берді. Төтенше оқиға нәтижесінде қаза тапқан қарыз алушылар мен олардың жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару туралы бірыңғай шешім шығарылды. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша қарыз толық өтелді», – деді Сапарбаев. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаза тапқандардың отбасыларына 10 миллион теңгеден бөлгенін…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Маңғыстау облысының бірқатар лауазымды тұлғасы «Нұр Отан» партиясының жол картасын тиісінше жүзеге асырмағаны үшін сөгіс алды. Кеше, 28 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалында Саяси кеңестің өңірлік бюросының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасарына, сондай-ақ бірқатар аудан әкімдеріне сөгіс түрінде партиялық жаза жарияланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы туралы — «Өзгеру жолы: Маңғыстау облысының әрбір азаматына 2021-2025 жылдарға арналған лайықты өмір» іс-шаралар жоспары қаралды. Жоспарға әлеуметтік нысандар құрылысы,…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы А.Бейсенбекұлы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ол Нұрлан Көшеров болды. Бұл туралы бүгін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) баспасөз қызметі хабарлады. Берілген ақпаратта Көшеров Нұрлан Оразбайұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М. Әуезов атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітіргені көрсетілген. Салық органдарындағы еңбек жолын 2008 жылдан бастаған. Мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарған. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Қазақстанда әлі күнге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағынан тыс шығарылмаған 500 шетелдік автомашина бар. Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде қазіргі уақытқа дейін 4 708 шетелдік көлік құралы әкелінді, оның ішінде 500 көлік құралы әлі күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында тұр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №47 шешімі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және болдырмауға, сондай-ақ жеке тұлғалардың мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің болмауына байланысты бағытталған шаралар шеңберінде қабылданды. Шешіммен шетелдік көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық…

Read More

CaspianLife, 28 қыркүйек — Қаржы мониторингі агенттігі «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі хабарлағандай, қаржылық барлау мәліметтері бойынша ірі компаниялар бір күндік шағын фирмалардан  ақшаны қолма-қол заңсыз алу схемаларын қолданады. Сонымен қатар, мұндай компаниялардың сомасы он, тіпті жиырма есе көп, сәйкесінше мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілетіні атап өтілді. Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ (ММГ) лауазымды тұлғаларының ақша қаражатын жымқыру фактісінің алдын алды. Тергеу барысында 2017-2018 жылдары «ММГ» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және оның орынбасары жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу…

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраулық полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекаралас аумағынан қарасора плантациясын анықтады. Барлығы 507 түп болатын есірткі өсімдігі сол жерде өртеліп, жойылды. Бұл жұмыстардың «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасын аясында жасалағандығын айта кетейік.  «Аталған фактге қатысты яғни есірткі өнімдерін немесе тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Мейірім Ердәулет. «Қарасора» операциясы жыл сайын маусым мен қазан аралығында қарасора өсетін кезде өткізіледі. Бұған дейін…

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — 21-26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Лебяжье ауылында құс тұмауынан 1000-нан аса құс өлген.  Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, диагнозды ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық қойған. Аурудың себебі — үй құсы мен жабайы суда жүзетін құстардың байланысы. «Эпизоотологиялық тексеру жүргізілді. Ауру жұқтырғандардың көбі шілде-тамыз айларында сатып алынған 2-3 айлық жас құстар. Карантин енгізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Құстардың өлекселері өртелді», — деді ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаев. Басқарманың баспасөз қызметі құстардың иелерінің шығындары өтелетінін атап өтті. Құс тұмауының таралуын болдырмау мақсатында аймаққа 1,2 миллион доза вакцина бөлінді. Қазіргі уақытта оны 938 мың бас, оның ішінде Лебяжье ауылында бір…

Read More