CaspianLife, 4 қазан – Маңғыстау облысында тағы да қоқиқаз видеоға түсіп қалды. Квадрокоптермен түсірілген бейнежазбаны жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады. Оның айтуынша, жүздеген қызғылт қоқиқаз Маңғыстаудағы Қаракөлге келіп қонған. Олар қараша айының ортасына дейін осында мекендеуі керек. Одан кейін Иранға қарай ұшады. Эко-белсенді Сәкен Ділдахметтің айтуынша, құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі. «Қоқиқаздар біздің елге Африка, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінен ұшып келеді. Сәуір айында келіп, күн суытқанша (қыркүйек, қазан айларына дейін) болады. Қоқиқаздардың елордаға жақын жердегі негізгі мекені Қорғалжын қорығы, оларда сонда мекендеп, көбейеді. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 қазан – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзенінің экожүйесін сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді. Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 26-30 сәуір аралығында ҚР Экология министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өзен бассейніне ластанудың барлық көздерін және оның экожүйесіне теріс әсер етудің басқа да факторларын анықтау тұрғысынан кешенді зерттеу жүргізілген. Жүргізілген зерттеу барысында трансшекаралық аумақтардан, сарқынды су төгінділері байқалатын жерлерден сынама алынды. Су объектілерінің, оның жағалау аймағының жай-күйіне көзбен шолу және гидрологиялық тексеру жүргізілді. Ластанудың болжамды көзі орындарында ауаның…
CaspianLife, 4 қазан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі. Осы жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты — 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз жұмыскерлерінің пайдасына жұмыскердің табысынан міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударады. Мемлекет басшысы ЖБМЗЖ мақсатын шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын толықтыруға өзгерту, сондай-ақ кейіннен оларды әлеуметтік мұқтаждыққа пайдалану құқығын бере отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ЖБМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының бір бөлігімен толықтыру (салымшының таңдауы бойынша) арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке…
CaspianLife, 1 қазан – Елімізде ынтымақты және базалық зейнетақының көлемі қандай және биыл ол қанша пайызға өсті? ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгінгі зейнетақы жағдайына қатысты түсініктеме берді. «Елімізде 2 млн 236 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты қамтамасыз етіп, қамқорлық жасау Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Бүгінде мемлекет зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, биыл 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақының мөлшері 5%-ға өсті. Сондай-ақ, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі зейнеткердің еңбек өтіліне қарай сараланып белгіленеді», — деп хабарлайды министрліктен. Еңбекминнің мәліметінше, қазіргі…
CaspianLife, 1 қазан – Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жанармай тапшылығы туралы айтты. Брифингте журналистер Энергетика министрлігі басшысынан дизель отыны туралы сұрады. Алматы, сондай-ақ Алматы облысы және Батыс Қазақстан облыстарының көптеген жанармай бекетінде дизель отыны талонмен беріледі. Сонымен қатар, жанрмай құны күрт өскен — литріне 194 теңгеден 245 теңгеге дейін. «Жанармай тапшылығы бүгін басталған жоқ. Тамыздан бастап қор азая бастады. Оған қоса, егін жинау жұмыстары жүргізілді, сәйкесінше, өкінішке қарай, елдің мұнай базаларында өте аз қор қалды. Бірінші себеп, қаншалықты қарапайым болса да, шекаралас елдер арасындағы баға айырмашылығы туралы мәселе. Солярка бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы айырмашылық 90 теңгеге дейін жетеді. Оңтүстік…
CaspianLife, 1 қазан – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге итбалықтар популяциясын құтқару үшін Каспийде резерваттар құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Тоқаевтың айтуынша, екі елдің Қызыл кітабына енгізілген Каспий итбалығы популяциясы азайып барады. Оның айтуынша, осы бірегей жануарларды сақтау, олардың тіршілік ету ортасы мен көбею аумағын қорғау үшін шұғыл шаралар қажет. «Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттар құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», — деді Қазақстан Президенті Владимир Путин қатысқан екі елдің Өңіраралық ынтымақтастық форумында. Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкенді Қазақстан мен Ресейдің сирек кездесетін және бірегей жануарларының бірі деп атады. «Бұл мамонттар дәуірінде пайда болған ерекше жануар. Киіктердің популяциясын қорғау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың санының айтарлықтай…
CaspianLife, 1 қазан – 2021 жылдың қазанында Қазақстанда не өзгеретіні туралы төмендегі материалда. Қосымша төлемдер тоқтатылады 1 қазаннан бастап пандемиямен күресте жұмыс істейтін дәрігерлерге коронавирус жұқтыру қаупі бойынша өтемақы берілмейді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, оның орнына басым мамандықтар бойынша дәрігерлер мен 9 санатты медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап жәрдемақыларды жою туралы бұйрықтың жобасын жариялады. Құжатта жәрдемақылардың орнына дәрігерлерге ерекше психоэмоционалды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін үнемі қосымша ақы төленетіні айтылды. Тізімге келесі санаттар енгізілді: реаниматолог дәрігер-анестезиологтар, инфекционистер, жансақтау және анестезиология бөлімінің анестезиологтары, эпидемиологтар, психологтар мен МСАК әлеуметтік қызметкерлері, Ядролық медицина орталығының…
CaspianLife, 1 қазан – Атырауда үйінен адасып кеткен 87 жастағы кейуана отбасымен қауышты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйекте сағат 10:30 шамасында қала тұрғыны 102 операторына аялдамада егде жастағы әженің ұзақ отырғанын хабарлаған. «Полиция майоры Дастан Сағынбаев пен полиция капитаны Ақылбек Жиенғалиев облыс орталығының Атырау шағын ауданындағы аялдамадан егде жастағы әжейді тауып алды. Бірақ, әңгімелесу кезінде 87 жастағы кейуана өзінің есімін де, қайда тұратынын да есіне түсіре алмаған. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің аулалары мен көшелерді аралап, әжейдің тұратын мекен-жайын анықтады. Сөйтіп, үйін таба алмаған әжені аман-есен отбасына жеткізді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Еске сала…
CaspianLife, 30 қыркүйек – Қазақстанда журналистердің мәртебесін заң жүзінде көтеру ұсынылды. Сенатор Нұртөре Жүсіп осындай ұсыныс жасады. Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде көрсетілмеген. «БАҚ туралы» заңда және Еңбек кодексінде журналистердің міндеті мен құқықтары қарастырылғанымен, мәртебесі мен кепілдігі туралы мәселе қозғалмаған. Нұртөре Жүсіптің айтуынша, журналистер өте жауапты әрі қауіпті жұмыс атқарады. Сенатор отандық журналистика дамуы үшін журналистердің мәртебесін көтеру, олардың әлеуметтік жағдайын жасап, қорғау маңызды саналатынын айтты. Оның айтуынша, пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полиция қызметкерлерімен және құтқарушылармен тең дәрежеде еңбек етті, бірақ бұл үшін қосымша төлемдер мен әлеуметтік көмек алмады. Сондай-ақ, журналистер тұрғын үй алуға өтініш бере алмайды, себебі…
CaspianLife, 30 қыркүйек – Бұл туралы өңірдің қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлім етті. «Өңірде 10 дана жұмыртқа бағасы 380 теңгеден 400 теңгеге дейін қымбаттады. Жұмыртқа бағасының өсіуіне байланысты тексеру жұмысын жүргізу үшін Маңғыстау облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне хат жолданды», — деді Жанна Тоқбаева. Маңғыстауда жыл басында облыста жұмыртқаның бағасы күрт өсіп, 540 теңгеге дейін жеткен. Қазіргі таңда басқарма тарапынан азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстағы ірі сауда желілерімен азық-түлік бағасын төмендету және ұстап тұру туралы меморандумдарының мерзімі ұзартылды.
