Қазақстанда журналистер мәртебесін көтеру ұсынылды — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда журналистер мәртебесін көтеру ұсынылды

30.09.2021
Жаңалықтар, Қоғам, Құқық
0
Қазақстанда журналистер мәртебесін көтеру ұсынылды

CaspianLife, 30 қыркүйек –  Қазақстанда журналистердің мәртебесін заң жүзінде көтеру ұсынылды. Сенатор Нұртөре Жүсіп осындай ұсыныс жасады. 

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде көрсетілмеген. «БАҚ туралы» заңда және Еңбек кодексінде журналистердің міндеті мен құқықтары қарастырылғанымен, мәртебесі мен кепілдігі туралы мәселе қозғалмаған. Нұртөре Жүсіптің айтуынша, журналистер өте жауапты әрі қауіпті жұмыс атқарады.

Сенатор отандық журналистика дамуы үшін журналистердің мәртебесін көтеру, олардың әлеуметтік жағдайын жасап, қорғау маңызды саналатынын айтты. Оның айтуынша, пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полиция қызметкерлерімен және құтқарушылармен тең дәрежеде еңбек етті, бірақ бұл үшін қосымша төлемдер мен әлеуметтік көмек алмады. Сондай-ақ, журналистер тұрғын үй алуға өтініш бере алмайды, себебі олар не мемлекеттік қызметші, не азаматтық қызметші емес.
«Журналистерге сот, прокуратура, Ішкі істер министрліктері, адвокаттар немесе нотариустар сияқты нақты мәртебе беретін уақыт келді. Қоғам демократиясы журналистердің қатысынсыз, ақпаратсыз мүмкін емес. Сондықтан ақпарат өкілдерін қолдап, әлеуметтік көмек беруіміз керек. Ол үшін «Журналистер мәртебесі туралы» заң қабылдау қажет», — деді депутат премьер-министрге жолдаған сауалында.
Тегтер: баәбұқаралық ақпарат құралдарыдепутатжурналистерзаңқазақстандақұқықсенат
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.