CaspianLife. 14 қазан. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді. Грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанды.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов жарысты сенімді жеңістермен бастап, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Юсуф 4:3 есебімен жеңіске жетіп, U23 әлем чемпионы атанды.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

