CaspianLife, 27 қыркүйек — Қазақстанда Covid-19-ға қарсы екпе алған 482 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл коронавирустан көз жұмғандардың шамамен 5% құрайды. «Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан тамыз айының соңына дейін бізде қайтыс болған вакцинацияланған азаматтардың саны 482 адам құрады, бұл КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының шамамен 5% — ын құрайды. Бірақ өлгендердің басым көпшілігі вакцинацияланбағанын түсіну өте маңызды», – деді Цой. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр вакцинацияланғандар арасындағы өлім-жітімнің өсуін ағымдағы жылдың жазында ауру жұқтырудың өсуімен түсіндірді. Министрліктің мәліметінше, қайтыс болғандардың 23-і CoronaVac, 371 адам «Спутник V», 75 адам қытайлық Vero Cell және Hayat-Vax, 13…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 24 қыркүйек — Кеше кешкілік Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонған Нұр-Сұлтан — Стамбул бағытындағы Boeing 767 ұшағының жолаушылары бүгін резервтік ұшақпен Стамбулға жетті. Борттағы 205 адамның ішінде бесеуі бала, бесеуі экипаж мүшесі. Төрт адам Атырауда тұратын туыстарының үйіне, ал екеуі өзге ұшақпен Нұр-Сұлтанға қайтқан. Өзгелері мәселе шешілгенге дейін қонақ үйге орналастырылды. Air Astana АҚ өкілдерінің айтуынша, ұшақтың жанар жағар май жүйесінен ақау шыққан.
CaspianLife, 24 қыркүйек — Пермь мемлекеттік ұлттық университетінде алты адамды өлтірген 18 жастағы студент Тимур Бекмансұров есін жиды. Брифинг барысында Пермь өлкесінің Денсаулық сақтау министрі Анастасия Крутеннің айтуынша, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, бірақ алғашқы жағдайына қарағанда жақсару байқалады. Ал, студенттің өзі есінде ештеңе жоқ екенін айтыпты. Анастасия Крутен атыс кезінде зардап шеккендердің саны күн сайын артып келе жатқанын атап өтті, қазіргі уақытта 47 адам көмекке жүгініпті. Оның 19–ы стационарларда, бесеуі ауыр жағдайда, екеуі орташа ауыр жағдайда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінде барлық пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланады. Еске салсақ, 20 қыркүйекте Бекмансұров Пермь мемлекеттік ұлттық университетінде студенттерге оқ…
CaspianLife, 24 қыркүйек — Бүгінгі таңда Әзірбайжан, Аргентина, Армения, Иордания, Индонезия, Марокко, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Филиппинмен COVID-19 вакцинациясының төлқұжатын өзара тану туралы келіссөздер жүргізілуде. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (ҚР СІМ) Грузия, Венгрия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд және Түркияның уәкілетті мемлекеттік органдарымен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы ноталармен алмасты. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. «Осылайша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен Қазақстан мен жоғарыда аталған елдердің азаматтары covid-19 вакцинациясының паспорттары негізінде карантиндік шектеулерсіз (ПТР тестін тапсыру, өзін — өзі оқшаулау және т.б.) мемлекеттік шекарадан өте алады», — делінген хабарламада. Сонымен бірге, Беларусь,…
CaspianLife, 23 қыркүйек — Мемлекет басшысы Ақтауға жұмыс сапары барысында Жаңаөзенде жиілеп кеткен еңбек жанжалдарын шешу үшін тұрақты жұмыс істейтін штаб құруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері Маңғыстау облысында 150 еңбек жанжалы тіркелгенін атап өтті. Оның айтуынша, барлық дау тек заң аясында шешілуі керек. «Жаңаөзенде мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» қорын белсенді түрде тарта отырып, тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық штаб құру қажет. Штаб жедел шешімдер қабылдау және азаматтармен тығыз байланыс орнату үшін қажет», – деді президент. Мемлекет басшысы сондай-ақ, мердігерлердің басқа өңірлерден еңбек ресурстарын тартуына байланысты туындайтын жұмыссыздық проблемаларына назар аударды. Осыған байланысты әкімдікке және «Самұрық-Қазына» қорына өңір тұрғындарын жұмыс…
CaspianLife, 23 қыркүйек — Атырауға нағыз күз келді. Қыркүйектен бастап күн суытып, ауа-райы мың құбылды. Облыста алдағы күндері бұршақ пен жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа-райының күрт өзгеруіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп отыр. Алдағы онкүндікте шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, дейді синоптиктер. Ауа температурасы түнде 12-17 градус аралығында болса, кейбір жерлерде сынап бағанасы 7 градусты көрсетеді. Ал күндіз 8-13 градус жылы болады. Сондықтан, таза ауада демалыс ұйымдастырмақ болсаңыздар, жоспарыңызды өзгерткеніңіз жөн.
CaspianLife, 23 қыркүйек — Тереңдету жұмыстарының қажеттілігі Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және теңіз өнеркәсіптік объектілері орналасқан ауданда судың таяздануы салдарынан туындап отыр. Кеше, 22 қыркүйекте Атырауда Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы Жайық-Каспий Орхус орталығымен бірлесіп Үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің сапарын және жұртшылықты Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан су түбін тереңдету жұмыстарының барысы туралы хабардар ету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл туралы NCOC баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл жоба төтенше жағдай туындаған кезде персоналды эвакуациялау және теңіз кемелерінің NCOC өндірістік объектілеріне өту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Қашаған кен…
CaspianLife, 22 қыркүйек — «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуге мүмкіндік беру туралы өтініш білдіріпті. Хат Амир Хан Муттакидің атынан сессия басталардан бір күн бұрын, 20 қыркүйекте жіберілген. Онда Муттаки Сыртқы істер министрі ретінде қол қойған. БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дужарриктің айтуынша, хатта Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғаниды 15 тамызда ол лауазымнан кеткені айтылған. Осыған байланысты бүкіл әлемдегі ел оны «президент ретінде мойындамайды» делінген. Сонымен қатар, Моттаки Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Гулам Исакзай бұдан былай елдің атынан өкілеттік ете алмайды деп мәлімдеді. Өз кезегінде тәліптер Сухайл Шахинді…
CaspianLife, 22 қыркүйек — Ақтауда «ҚазАзот» АҚ санитарлық аймағынан тыс ауада аммиактың 0,57 мг/м3 шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШЖК) артқаны анықталды. Осыған байланысты кәсіпорын төрт миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс. Маңғыстау облысының Экология департаментінде ауадағы аммиак концентрация нормасы 0,2 мг/м3 болған кезде 0,77 мг/м3 құрағанын айтты. Сондай – ақ, жылыту пештерінен алынған сынамалар бойынша көмірқышқыл газының ШРК секундына 0,78358 граммнан асқандығы анықталды. «ҚазАзот» АҚ қатысты «атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» және «қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер нормативтерін бұзу» баптары бойынша хаттамалар жасалған. Айыппұлдың жалпы сомасы төрт миллион теңгеден асты. 15…
CaspianLife, 22 қыркүйек — Қазіргі уақытта өз қызметін тоқтатқан «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қайта құру бойынша шаралар мүдделі тараптардың қатысуымен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқпаева айтты. Оның айтуынша, 2015 жылы іске қосылған жүн өңдеу мен тоқыма өнімдерін өндірудің толық циклындағы бірегей кәсіпорын қазіргі уақытта «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) алдында берешегі болғандықтан жұмысы тоқтап тұр. Компанияның шоттары бұғатталған, өндіріс тоқтатылған және барлық қызметкер жалақысыз демалыста. «Атырау» ӘКК департаментінің директоры Нұрлан Қаппазовтың айтуынша, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қарызының сомасы бүгінде шамамен 1.6 млрд.теңгені құрайды. Ол сондай-ақ, тоқыма фабрикасының өндірісін қалпына келтіру…
