Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 қыркүйек — Ыстамбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ескерткіш монетаның тұсаукесері өтті.  Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулы Алим Байель, Түркияның Монета сарайының директоры Абдуллах Ясир Шахин, ғылыми орта өкілдері мен журналистер қатысты. Бас консул Алим Байель күміс монетаның дизайны Монета сарайымен бірлесіп жасалғанын және Қазақстанның бай тарихын және оның түркі әлемінің бесігі ретіндегі рөлін бейнелейтінін атап өтті. Елші Абзал Сапарбекұлы жаңа монета бауырлас Түркияның Тәуелсіздігіміздің мерейтойына арналған бірегей сыйы және Қазақстанға деген ерекше құрмет белгісі екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Абдуллах Ясир Шахин өзі басқарып отырған Түркия Республикасының Монета сарайының тарихы 1467 жылдан бастау…

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Таэквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) сайтында хабарланды. Ыстамбұлда таеквондодан «WT President’ s Cup Europe» халықаралық рейтингтік турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы екі медальға ие болды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасындағы жарыста Жансель Дениз (Атырау облысы ұлттық құрамасында өнер көрсетеді) турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Ерлер арасында Самирхон Әбубәкіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 сынып карантинге жіберіліп, 11 бала стационарда жатыр. Бұл ретте карантинге жабылған мектептер жоқ. Коронавирус ауруы анықталған сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға жіберіліпті. «Балалар жазғы демалыс кезінде, үйде тығыз тұрмыстық қарым-қатынаста болып, ауырып қалды. Коронавирус инфекциясы бар науқастар анықталған барлық сынып аудандардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 14 күнге карантинге жабылды», — деді өңірдің бас санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев. Маңғыстау облысы бүгінде «қызыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте өңірде коронавирус ауруының 57 жағдайы анықталды.

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Бүгін Нұр-Сұлтанның апелляциялық соты «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ақтау үкімін кері қайтарды. Ол үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. Берік Шәріп оның «СК-Фармация» басшысы ретіндегі іс-әрекеті жеке қорғаныс құралдарын жеткізу мерзімдерінің бұзылуына әкеліп соқты деп айыпталды, бұл пандемия басында қазақстандық дәрігерлердің коронавирусты жұқтыруына себеп болды. «Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарын негізсіз деп таныды және Шәріп қызметтік жағдайын теріс пайдаланғаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот төтенше жағдай кезінде қылмыс жасауды ауырлататын жағдай деп таныды. Осыған байланысты шәріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып,…

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Бүгін «Атырау-Орал» тас жолы бойында жер асты газ құбырының апаты орын алды. Осыған байланысты Атырау ықшам ауданынан бастап Еркінқала елдімекеніне дейін газ беру уақытша тоқтатылады. CaspianLife редакциясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының өкілдерімен байланысқа шықты. Бөлім бастығы Құрманбек Өмірзақов бізге түсіндіргендей, бүгін таңғы сағат 8 шамасында магистральға газдың кетуі туралы хабарлама келіп түскен. Филиал мамандары бірден жөндеу жұмыстарына кірісті, ол үшін қаланың оң жағалау бөлігінде газбен жабдықтауды өшіруге тура келген. Біздің сұхбаттасушымыз атап өткендей, бұл жоспарлы ажырату емес, апатты жағдай. Бірақ, жұмыс күнінің соңына дейін газ мамандары барлық мәселені шешуге тырысады.

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Бразилия футболының аңызы Пеле операциядан кейін оған қолдау білдіріп, уайымдаған жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Бразилия футболының жұлдызы, Пеле деген атпен танымал Эдсон Арантис ду Насимент сейсенбі күні Сан-Паулудағы реанимация бөлімінен шықты. Оған тоқ ішек ісігін алып тастау операциясы жасалған. Пеле ауруханада 31 тамыздан бастап болды. Оның отбасы мен дәрігерлері футболшы өзін операциядан кейін жақсы сезінетінін айтты. «Науқас Эдсон Арантис ду Насиментудің жағдайы жақсы және реанимация бөлімінен шықты. Ол палатада одан әрі қалыпқа келуді жалғастырады», — деді Альберт Эйнштейн ауруханасының дәрігерлері. 80 жастағы футболшының өзі Instagram парақшасында реанимация бөлімінен шыққаннан кейін 90 минут және қосымша уақыт футбол ойнауға…

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Қырғызстанда билікті күшпен басып алу туралы қылмыстық істе айыпталушылар қатарында бір күн бұрын ұсталған ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов, сондай-ақ экс-президент Алмазбек Атамбаев және Парламенттің қазіргі депутаты Жанар Ақаев бар. 14 қыркүйекте Қырғызстан ІІМ тергеу қызметіне билікті басып алу туралы іс материалдары келіп түскен. Нәтижесінде сол күні Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов ұсталып, оның үйінде шұғыл тінту жұмыстары жүргізілген. Бұл істе елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаев пен депутат Жанар Ақаевтың да айыпталып жатқаны туралы ақпаратты Асановтың адвокаты Икрамидин Айтқұлов растады. Бұған дейін ІІМ экс-орынбасары президент Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кетуіне әкеліп соқтырған 2020…

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп үш отбасыға үйдің кілтін табыстады. Бұл жолғы баспана діни салада белсенді қызмет етіп, нәтижелі жұмыс істеп жүрген жас дін қызметкерлеріне бұйырды. «Діни басқарма жас ұстаздар мен имамдарға өз мүмкіндігі аясында барынша қолдау көрсетіп келеді. Жаратушы Жаббар Иеміз жаңа үйлеріңізге жақсылығын жаудырсын. Сіздерді діни салада белсенді қызмет етуге шақырамын. Алла осы шаңырақтың ішін жанға, сыртын малға толтырғай. Әмин», — деп Наурызбай қажі өз тілегін білдірді. 453, 454 және 455-ші пәтер жас ұстаздар мен имамдарға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп отыр.

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Бұл туралы кеше әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы барысында айтылды. Комиссия отырысына қатысушылардың бірі мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров жыл басынан бері жұмыс тобы өңірдегі 3 744 кәсіпорында тексеріс жүргізгенін айтты. Қорытындысы бойынша 6 кәсіпорында 393 қызметкерге 100,8 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек анықталды. Қабылданған шаралармен жалақы бойынша берешек өтелді. Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 163 тексеру жүргізіп, 239 заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде жұмыс берушілерге 120 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 131 іс қозғалды және 9,5 млн.теңге сомасына айыппұл салыныпты.

Read More

CaspianLife, 14 қыркүйек — Нұр-Сұлтан қаласында тергеуші Хасановтың бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үй қамауын ұзарту туралы өтініші қаралды. Судья үйде қамауда ұстау мерзімін 14 қарашаны қоса алғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев осы жылдың 14 қарашасына дейін, яғни екі айға, 21 сағат 56 минутқа дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Қаулы жария етілген кезден бастап үш тәулік ішінде шағым жасауға болады. Айта кету керек, 14 қыркүйекте Біртановтың үй қамауында болу мерзімі аяқталады. Сонымен бірге, бұрынғы министрдің қорғаушысы үйде қамауға алу және оны ұзарту түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану үшін дәлелдер…

Read More