Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 қыркүйек — Кенесары ханның бас сүйегі қай жерде орналасқандығы туралы ресми мәлімет жоқ, оның бар екендігі туралы гипотезаны ғылыми қауымдастық растаған жоқ. Дәлелдемелерді алған жағдайда мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи хабарды ресми түрде жариялаймыз деді. Мәдениет министрлігі тарихи зерттеулер бағдарламасы аясында соңғы қазақ ханы сүйектерінің орналасқан жері туралы ақпаратқа ие ұйымдарға сұрау салулар жіберілгенін айтты. Мұрағат және журналистік зерттеулерде іздеу жұмыстары, сондай-ақ далалық экспедициялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. «Бүгінгі күнге дейін қолда бар гипотезалар ғылыми қауымдастықпен расталмаған. Осыған байланысты тарихи тұлғаның сүйегін қайтару мәселесі комитеттің бақылауында екенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Өз кезегінде, Кенесары ханның сүйектерінің табылғандығы…

Read More

CaspianLife, 10 қыркүйек — Президент Жарлығымен Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұрынғы вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің орнына келді. Серікқали Брекешев 1972 жылы Павлодарда туған. 1995 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы «Қазақстан-Ресей сауда үйі» бас директорының орынбасары, экономист болып бастаған. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, Мұнай және газ министрлігінде, BNG Ltd және «ҚазТрансГаз» компанияларында басшылық лауазымдарды атқарған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек — «Туыс ағасының мүрдесін айлар бойы үйінде сақтаған әйел балаларымызға сабақ бермесін!» Бұл Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылының тұрғындарының талабы. Айтуларынша, ағасының сүйегін үйінде сақтаған әйел мектепте балаларға сабақ беріп жүр. Одан оқушылар түгілі, ауылдың үлкендері қорқатын көрінеді. «Мұғалім деген мәртебелі атқа кір келтірді. Сондай адам біздің балаларымызға қалай сабақ береді? Менің 9 оқитын немерем бар. Қорқамыз дейді. Қасымызға жақындап келсе, ығысып отырамыз дейді. Үреймен отырған балалар не білім алады. Мектептен, жалпы ауылдан кетсін», — дейді ауыл тұрғыны Жеміс Мұхамбетова.  Берекесі кеткен алақандай ауылдың азаматтары марқұмның қарындасын ауылдан көргілері келмейтінін айтады. Өйткені, қылмысқа қатысы бар деп ойлайды.…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек — Атыраулық Ілияс Үсенов мүмкіндігім шектеулі деп мойымаған жан. Ол тура 7 жыл бұрын жазатайым оқиғадан соң арбаға таңылса да, асқақ армандарынан қол үзбепті. Қайта 2-3 жыл ем қабылдаған соң мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, кәсіпкерлікке бет бұрған. Алғашында кеңсе тауарлары дүкенін, биыл ерлер мен балаларға арналған киім дүкенін ашты.  «Бүгінде балаларға және ерлерге арналған киім дүкенін аштым. Тамыз айында ғана ашылды. Бұл кәсібімді үлкейтемін деген де жоспар бар. Жұмыс жасаймын, өзімді дамытамын деген адамдарға мүмкіндік көп. Ұмтылыу керек, іздену керек. Мен аяққа тұрсам бұдан да үлкен жетістікке жетем деп ойлаймын», — дейді Ілияс.  Ол осы уақытқа…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек — «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өкілдері мәлімдегендей, Қазақстанда 5 800 шақырым жол кезең-кезеңімен ақылы жүйеге көшіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Маратұлы айтты. Оның айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5 800 шақырым автожолға төлем жүйелерінің 94 аркасы орнатылды. Бұдан басқа, ақы алу жүйесі тестілік пайдалануға енгізілді. Сонымен қатар, А.Маратұлы тасымалдаушылар тарапынан көптеген наразылық фактілеріне байланысты ақылы жүйені енгізу маусымнан күзге ауыстырылғанын атап өтті. «Тасымалдаушылардың талаптары жолдарды тиісті сапаға келтіруге және тарифтерді төмендетуді қайта қарауға қатысты болды. Бірінші санаттағы жолдардың тарифі 2013 жылдан бастап өзгеріссіз қалады — ауыр жүк көлігі үшін…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек — Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өткен (2020) жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі үш аптадан кейін, яғни,1 қазанда аяқталатынын хабарлады. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мүлік салығын төлеушілер салық салу объектісі бар жеке тұлғалар болып табылатынын еске салды. Қазақстан аумағындағы өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, жер учаскелері жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады. Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап меншік құқығында тиесілі жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай салыққа біріктірілді. Қазіргі уақытта салық…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «ҚР халқы арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2 қыркүйектегі №38 қаулысына сәйкес осы аптада жұма намазын елдегі барлық мешіттің ауласында  өткізуге рұқсат берілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, жұма намазы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) 19 өкілдігінің бестен бірінде ғана тоқтатылды. Жаңа қаулыға сәйкес, жұма намазы еліміздің барлық аймағындағы мешіттердің ауласында оқылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында: «ұжымдық діни іс-шаралар (оның ішінде «Жұма намаздары», күнделікті православиелік дұғалар және т.б.) мешіттерде, православиелік храмдарда және басқа діни нысандарда ашық ауада, маска режимі мен кемінде 4 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек — Токио төрінде қарсыластарын артта қалдырып, ел қоржынына 3 күміс медаль салған параспортшыларға көлік пен пәтер кілті табысталды. Нақтырақ айтқанда, парадзюдошылар Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан Toyota Camry 70 маркілі көлік иелері атанса, 70 келі салмақта күш сынасқан Зарина Байбатина Toyota RAV 4 маркілі көлікке ие болды. Сондай-ақ, облыс әкімі спортшылардың әрқайсысына 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Одан бөлек, Токио-2020 Паралимпиада ойындарына қатысқандардың бәріне 1 миллион теңгелік сертификат берді. «Бұл қажырлы еңбек пен намыстың, өршіл рухтың жеңісі. Бұл берік сенім мен мемлекетшілдіктің жарқын үлгісінің жемісі. Ең бастысы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына айрықша тартуы деп білемін. Ержан Сәлімгереев…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек — 7 қыркүйекте Astana LRT көлік жобасына қатысты жемқорлық ісі бойынша апелляциялық сот отырысында адвокаттар бұрынғы премьер – министрлер Серік Ахметов пен Иманғали Тасмағамбетовті, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевты, президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Қазақстанның Нидерландыдағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиев, Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев, президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішевты жауап алуға шақыруды сұрады. Рашид Аманжоловтың адвокаты Сәуле Ахатова LRT жобасын іске қосу туралы шешім қабылдаған жоғары лауазымды тұлғаларды куәгер ретінде шақыруға өтініш білдірді. Ал прокурор болса бұл адамдардан жауап алудың қажеті…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек — Қазақстанда дүкендер мен базарларда күнбағыс майының бағасы бір айда 2,2% — ға және бір жылда 66,8% — ға өсті. Соның ішінде өнім тамыздың соңғы аптасында 0,4% — ға қымбаттаған. Еліміз бойынша бір литр күнбағыс майының орташа бағасы 760 теңгені құрап отыр.  Ең жоғары баға Атырауда (849 теңге), Ақтауда (827 теңге) және Нұр-Сұлтанда (820 теңге) және ең төмен баға Петропавлда (649 теңге), Семейде (684 теңге) және Өскеменде (690 теңге) тіркелді. Бұл ретте, бірінші жартыжылдықта тазартылған және тазартылмаған өсімдік майының отандық өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 5,8% — ға артып, 278,5 мың тоннаға жеткен. Оның көлемінің басым бөлігі «Май»…

Read More