Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 қыркүйек — Мәжіліс Парламенттің төменгі палатасының отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұсынған «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы»  заң жобасын қабылдап, Сенатқа жіберді. Құжат мұнай өңдеу зауыттарының, жылу электр станцияларының және қуаттылығы 300 мегаватт және одан жоғары басқа да қоқыс жағатын зауыттардың, атом электр станцияларының және басқа да ядролық реакторлардың қызметін, жол салуды, қайта жаңартуды және кеңейтуді реттейді. Осы Хаттамаға және экологиялық Кодекстің 81-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан алты ай ішінде осыған қатысы бар тарап органдарымен ақылдаса отырып, әртүрлі объектілер мен факторлардың…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — Таңертең тараған бейресми ақпарат шындыққа айналды. Серікбай Трұмовтың орнына экс-энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды.  Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин облыс активіне аймақтың жаңа басшысын таныстырды. 1967 жылы туған Нұрлан Ноғаев И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тәмамдаған. Одан бөлек бірнеше жоғары оқу орнын аяқтаған. Тау-кен инженері еңбек жолын Ақтөбе облысы Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастады. Кейіннен мұнай-газ саласындағы компанияларда еңбек етіп, 2006 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істейді. Ал, 2007-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып,…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — 5 қыркүйек күні Атырау қаласы, Береке шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2020 жылы туған егіздер құлап кеткен. Оқиға кезінде екі баланың анасы жұмыста, ал әкесі үйінде ұйықтап жатқан. Сондай-ақ, терезеге тор орнатылмаған.  Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес соңғы уақытта балалардың терезеден құлау фактісі жиілеп кеткен. Статистикаға сәйкес, Атырауда жыл сайын мұндай жағдай бойынша 5-6 бала көз жұматын көрінеді. Бүгінде, құлаған егіздердің біреуі көз жұмды. Екінші баланың жағдайы орташа ауыр. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: • Пәтердің терезесін ашпас бұрын балаңыздың терезеден алшақ жерде…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында атеистердің Қазақстандағы құқықтары заңдастырылатынын айтты. «Біз сенушілердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты біз түзетулер аясында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, атеисттердің құқықтары деген ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, бүгінде дінге сенетіндердің құқықтары бар, енді біз атеисттердің құқығын енгізгіміз келеді. Біз — зайырлы мемлекетпіз, дінге, конфессияға, этникалық қатыстылыққа қарамастан заң бәрінен жоғары», — деп хабарлады Нүкежанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Бұл ақпарат әлеуметтік желіге бірден тарап, желі қолданушылар тарапынан бірнеше қолдауға да, сынға да ілікті. Бірі атеисттердің құқығын…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — Бұрын Атырау облысының әкімі болған, бүгінде ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып жүрген Нұрлан Ноғаев қайта әкім болуы мүмкін. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымына ауысуы мүмкін. Еске сала кету керек, Ноғаев 2016-2019 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі болды. Кейін ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — Монополияға қарсы органның хабарламасынан кейін осы жылдың шілде айында құрылыс компаниялары, оның ішінде «РАМС-Қазақстан», «BAZIS-A» және «BI Group» тұрғын үй бағасын орташа есеппен 9% — ға төмендетті, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында. Оның мәліметінше, Алматыда «РАМС-Қазақстан» тұрғын үй бағасын бір шаршы метрге 90 мың теңгеге дейін, ал «BAZIS-A» – бір шаршы метрге 20 мың теңгеге дейін төмендеткен. «BI Group» компаниясының тұрғын үйлерін алу Астана, Алматы, Шымкент және Атырауда қолжетімді болды. Басқа құрылыс компаниялары да бағаны 15-20% — ға төмендетіпті. «Хабарламаны орындау аясында «РАМС-Қазақстан» компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — Атырауда «Бастау Бизнес» жобасының түлектері «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы арқылы несие ала алады. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаева хабарлағандай, бүгінгі таңда өңірде «Бизнес Бастау» жобасының 50 түлегі жалпы сомасы 415,4 млн.теңгеге жеңілдетілген несие алуға өтінім берген. Оның айтуынша, «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы «Бастау Бизнес» бойынша оқып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша тиісті сертификат алған азаматтардың жобаларын қаржыландыру мақсатында құрылған. Оның басты артықшылығы — несиелер 7 жылға дейінгі мерзімге адал кепіл саясатымен және қандай да бір комиссиясыз жылдық 6%-бен беріледі. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017-2020 жылдар аралығында өңірде барлығы 5 675…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек — Мемлекет басшысының спортшыларға мемлекеттік марапат тағайындау туралы жарлығының мәтіні Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланды. Жарлықта спортшылар «Токио-2020 ХVI жазғы Паралимпиада ойындарында үздік спорттық жетістіктері үшін» мемлекеттік наградаларға ие болғандығы айтылған. Естеріңізге сала кетейік, Токиода өткен Паралимпиада-2020-да Қазақстан құрамасы бес медальға ие болды: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс және жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес: — ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Давид Дегтярев; — «Парасат» орденімен Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан және Әнуар Сариев; — «Құрмет» орденімен Нұрдәулет Жұмағали марапатталды. Дәулет Темірлан мен Әнуар Сариев…

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек — Ақтөбе облысының полиция департаментіне ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына салынған бомба туралы жалған хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ, соған байланысты «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Бүгін КДБ – ның электрондық поштасына (күзет департаментінің бөлімі) Ақтөбе облысының полиция департаментіне Тургенев көшесі, 75 мекенжайында орналасқан мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар – жоғына тексеру ұйымдастырылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі. Анонимді хат авторының жеке басын анықтауға…

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек —  Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіндегі Ғалымбек Кенжебаевты Қайрат Сатжанов ауыстырады, ал Шамиль Сафиуллин Ерік Алғабектің орнына бокстан әйелдер ұлттық командасының бас бапкері қызметін атқарады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Кадрлық өзгерістер команданың Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарындағы сәтсіздігімен байланысты және спортшыларды даярлауда жаңа әдістер мен тәсілдерді іздеуге бағытталған. Қайрат Сатжановтың бапкерлік еңбек өтілі 31 жыл, ал Шәміл Сафиуллиннің еңбек өтілі 25 жыл. «Қазақстанның бокстан ұлттық құрамаларында жаңа ресми тағайындаулар күтілуде. Қазақстан бокс федерациясының ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетіне ерлер және әйелдер ҰҚК – нің жаңа…

Read More