CaspianLife, 2 қыркүйек — Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу мәселесі әлі пысықталып жатқанын айтты. «Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта тасымалдау, жеткізу кестесі және шартқа қол қою мәселелері пысықталуда», – деп мәлімдеді министр. Цой санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуге республикалық бюджет қаражатынан 4,7 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделгенін айтты. «Зертханалық жабдықтарды жаңғырту қажетті зерттеулердің барлық спектрін орындауға, тестілерді өткізу уақытын қысқартуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай – ақ эпидемиологиялық тексерулерде көмек көрсетуге және індеттің алғашқы себептерін анықтауға мүмкіндік береді», — деп нақтылады ол. Медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізу үшін орталық…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 қыркүйек — Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасы ашылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Доха мен Алматы қалалары арасындағы алғашқы рейс 15 қазанда орындалатынын хабарлады. Әуе қатынасын ашу мәселесі 31 тамызда Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланды. Азаматтық авиация комитеті мен Катардың авиациялық билігі арасында келісімге қол жеткізілді. Доха мен Алматы арасындағы рейсті 15 қазаннан бастап Qatar Airways авиакомпаниясы орындайды деп жоспарлап отыр. «Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 типті әуе кемесінде аптасына екі рейс жиілігімен, дүйсенбі және жұма күндері жоспарланады», – деп нақтылады ИИДМ. Qatar Airways…
CaspianLife, 2 қыркүйек — Халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары бірінші орын үшін – 1500 АЕК (4 375 500 теңге), екінші орын үшін – 1000 АЕК (2 917 000 теңге) және үшінші орын үшін-500 АЕК (1 458 500 теңге) мөлшерінде ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады. Сондай-ақ, жеңімпаздарды дайындаумен айналысқан педагогтар мен тәлімгерлер біржолғы ақшалай төлем алады, деп хабарлады Білім министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында. Аталған шаралар дарынды балаларды ынталандыруға бағытталған. Оларды жүзеге асыру үшін «Білім туралы» Заңға толықтырулар енгізіледі. «Зияткерлік бағыттар бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында номиналы алтынға — 1500 АЕК, күміске — 1000 АЕК, қола жүлдеге — 500 АЕК…
CaspianLife, 2 қыркүйек — Құлсары қаласында 580 орындық мектеп ашылды. Жаңа ғимарат «Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» бағдарлмасы аясында бой көтерген. Жаңа мектепте 23 оқу кабинеті бар, соның ішінде үшеуі арнайы кабинет ретінде жабдықталған. Барлығы интереактивті тақтамен қамтылып, интернет жүйесіне қосылған. Арнайы оқу залы, үлкен кітапхана , 250 орындық мәжіліс залы, ағылшын тілі, информатика, еңбек, тігін кабинеттері, асхана, одан бөлек спорт зал, қысқы бақ, ойын алаңдары, бөбектерге арналған алаңдар да бар. Олардан өзге, керамика, металл мен ағаш өңдеу шеберханаларына, маталарды өңдеуге, тамақ дайындауға арнайы орын бөлінген және олар да қажетті құралдармен толықтай қамтылған.
CaspianLife, 2 қыркүйек — «Арнаулы автобаза» ЖШС-да қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында (ҚТҚ) ағаш өңдейтін құрылғы орнатылды. Оның қуаты — тәулігіне 50 текше метрге дейін өнім бере алады. «Арнаулы автобаза» ЖШС баспасөз қызметінде атап өткендей, ағаш жоңқасы (ұсақталған ағаш) — бұл әртүрлі тәсілдермен қолдануға болатын құнды материал. Ұсақталған ағаш қалдықтары топырақ бетін жабатын қабат арқылы ауа өткізгіштігін арттырады, соның арқасында жер ауадан азоттың бір бөлігін ала алады. «Сонымен қатар, ағаш жоңқалары ылғалдың булануын азайтады және күн сәулесінің топырақ температурасына әсерін азайтады. Ыдырағаннан кейін ағаш үгінділері қарашірікке айналады және топырақты қоректік заттармен толтырады. Сондықтан, бірінші кезекте, оған жергілікті аграршылар қызығушылық танытты», — деді…
CaspianLife, 2 қыркүйек — Келесі аптада Атырауда газ өшіріледі. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы хабарлады. Берілген ақпаратта айтылғандай «Атырау» газ тарату станциясында (ГТС-1) жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен газ уақытша өшірілмек. Осыған байланысты, 6-10 қыркүйек аралығында және 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында (сағат 8.00-ден бастап) Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің тұтынушыларына газ беру уақытша тоқтатылады. Атап айтқанда, Элеватор ауданы, Вокзал маңы ш/а, Алмагүл ш/а, Елшібек ауылы, Бірінші учаске, СМП-136, СМП-163, Химипоселок, Восток ш/а, Центральный ш/а, С.Датов, М.Өтемісов көшелері, ТЭЦ ауданы, АМӨЗ ауданы, Атамбаев көшесі, Азаттық даңғылы, Тұрғын үй қалашығы, Сельстрой ш/а, Балықшы кенті, Ақжайық ауылы, Құрсай ауылы, Көкарна ш/а, Тасқала…
CaspianLife, 1 қыркүйек — Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында «WestOilSoftware» компаниясының қызметкерлерінің ереуілге шыққанына тоғыз күн болды. Олар жалақыны көтеруді, ұжымдық еңбек шартын жасасуды және тәуелсіз кәсіподаққа жұмыс істеуге мүмкіндік беруді талап етіп отыр. Ереуілге шыққан қызметкерлер олардың талаптары орындалмады деп мәлімдеді. Жүргізушілер Моторбай Әбдірашев пен Қашқынбай Қошқарбаевтың айтуынша, жұмыс беруші сотқа арыз берген. «Мен 42 жыл бойына жұмыс істеп келемін. Мұнай өндіреміз, бірақ жалақымыз – 120-дан 200 мың теңгеге дейін. Бәрі қымбаттаған кезде бұл ақша неге жетеді? Әділ еңбекақы төлеудің орнына West Oil басшылығы жұмысшыларды сотқа берді», — деді Әбдірашев. «Заңсыз ереуілді ұйымдастырушылар және оның белсенді қатысушылары» ретінде Серік…
CaspianLife, 1 қыркүйек — Бүгін таңертең Ақтөбе қаласының №2 орта мектебінің электрондық поштасына белгісіз тұлға қаланың алты мектебіне бомба қойылғандығы туралы жалған хабарлама жіберген. Шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына жетті. Оқу орнының педагогтары, оқушылары мен техқызметкерлері салтанатты жиыннан эвакуацияланған. Хабарлама жалған болғандықтан, қазіргі уақытта полиция «терроризм актісі туралы жалған хабарлама» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Авторы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Қазір анонимді хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273 – бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады полиция өкілдері.…
CaspianLife, 1 қыркүйек — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады. Жиын ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдауға депутаттармен бірге премьер-министр, мемлекеттік хатшы, министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары жиналды. Президент өз сөзін Қазақстанға бюджетті басқару бойынша ережелер жиынтығы қажеттігімен бастады. Яғни, оны әзірлеп, жыл соңына дейін қабылдау керектігін айтты. «Бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан трансферт ұлғаятын үрдіс пайда болды. Мұндай жолмен жүру нәтиже бермейді. Бюджет кірістерін ұлғайту бойынша шаралар қажет. Бірақ, ең алдымен, шығындарды бақылау керек», — деді ол өз сөзінде. Тоқаев Ұлттық геологиялық қызметті құру қажеттігін де атап…
CaspianLife, 1 қыркүйек — ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында су тазарту қондырғысын салуға бөлінген қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ мен мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылында 477,6 миллион теңге сомасына су тазартқыш ғимараты мен кентішілік су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды. «Сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құрайды. Мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің…
