Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 қыркүйек — Атырау облысы ауруханаларының реанимация бөлімшелерінде 92 пациент жатыр. Олардың тоғызы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарына қосылған. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен тәулікте (31 тамыз) өңірде коронавирустық инфекцияның 149 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 89 жаңа жағдайы расталды, Теңіз кен орнында — 30 жағдай, Жылыой ауданында — 16 жағдай, Индер ауданында — 6 жағдай, Құрманғазы ауданында — 5 жағдай, Мақат, Исатай және Махамбет аудандарында — бір науқастан тіркелген. Хабарламада нақтыланғандай, 1 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша 7 694 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 167 пациент, №2 облыстық ауруханада — 146 пациент,…

Read More

CaspianLife, 1 қыркүйек — Осы аптада Ойыл өзенінде заңсыз салынған бөгеттер бұзылады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭДСМ) өкілдері Атырау облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Жұмыс тобының құрамында экология вице-министрі Серік Қожаниязов, министрдің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов, су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов және «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов бар. Сапар аясында Экология министрлігінің өкілдері Атырау облысының Қызылқоға ауданында болып, Атырау мен Ақтөбенің белсенділерімен кездесті. Олардың айтуынша, Ойыл өзенінің төменгі ағысындағы су көлемі азайып келеді. Оған себеп Ойыл өзенінің жоғарғы ағысы мен су құятын салаларында орналасқан заңсыз бөгеттердің болуы. «Ойыл өзенінің бойында 57 бөгет бар…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Өңірде Covid-19-бен ауырғандар санының азаюына байланысты 1 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының барлығы пациенттерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев айтты. Оның айтуынша, соңғы он күнде өңірде Covid-19 жұқтырғандар санының азайғандығы байқалады. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бар 126 адам анықталған. «Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар санының өсуіне байланысты 16 тамызда өңірдің барлық емханасын онлайн жұмыс форматына көшіру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер қосымша егу пункттеріне, жылжымалы мобильді бригадаларға, сондай-ақ «қызыл» аймақтарға жұмылдырылды. Емханалардың көптеген қызметкері де қызметтік міндеттерін…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Америкалық әскери күштері бар соңғы ұшақ Кабул әуежайынан ұшып кетті. Бұл туралы брифингте Пентагонның өкілі Джон Кирби және теңіз генералы Кеннет Маккензи хабарлады. 31 тамызға қараған түні АҚШ пен Талибан арасындағы келісімге сәйкес америкалық контингентті эвакуациялау аяқталуы керек еді. Тәліптер әлеуметтік желілерде арнайы күштердің америкалықтармен кездескен суреттерін жариялаған. Бұл әуежайды беру процесіндегі сәт деп болжанды. Бұған дейін «Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид 31 тамыздан кейін Кабул әуежайынан адамдарды эвакуациялау тоқтатылатынын айтқан болатын. 15 тамызда «Талибан» содырлары Ауғанстанның бүкіл аумағын басып алғанын жариялады, содан кейін Президент Ашраф Ғани шетелге қашып кеткен еді. Бір күннен кейін «Талибанның» ресми…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесуі кезінде мемлекеттердің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды, деп хабарлады Ақорда. «Екі елдің көшбасшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық құрылымдар аясында Қазақстан мен Беларусьтің өзара іс – қимылына ерекше назар аударылды», — делінген хабарламада. Олар екі елдің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ, Беларусь Президентін туған күнімен құттықтапты.

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Маңғыстау облысындағы «Си Бу» ИКБ ЖШС кәсіпорнында татуластыру комиссиясының жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі. Осы жылдың қаңтар айында бұрғылау компаниясының қызметкерлері мереке күндері жалақы мен сыйлықақы төлемдерін 70 АЕК-ке, сондай-ақ, жұмыс тоқтап қалған жағдайда жалақының 50%-ын төлеуді талап етті. Тағы бірі талап — кәсіпорынның штат санын оңтайландыру кезінде Қытай азаматтары мен басқа да шетелдік жұмысшылардың санын қысқарту. Маңғыстау облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Шадрах Ермекбайұлы татуластыру комиссиясының жұмысына бақылаушы болды. Оның айтуынша, келіссөз жүргізу оңай болмаған. «Келіссөздердің барлық кезеңінде Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы еңбек дауы тараптары арасында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірқатар маңызды шара…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Ел президенті Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болған оқиға аясында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын қабылдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Президент Қасым – Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қарап, оны қабылдады», — делінген хабарламада. Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің қоймаларындағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі журналистерге отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 15 адам қайтыс болды. Ермекбаев Қорғаныс министрі лауазымына 2018 жылы тамызда тағайындалды. Оның министрлік қызметі кезінде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарылған болатын.…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, соңғы тәулікте өңірдің 126 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен тәулікте (30 тамыз) Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жаңа жағдайы тіркелген. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен, Жылыой ауданында төрт жағдай және Махамбет ауданында коронавирустық инфекцияның бір жаңа жағдайы анықталған. Коронавирустық инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен жүруде. 51 адамда белгілер жоқ. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыста COVID-19-дан 643 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 170 пациент, екінші облыстық ауруханада — 176 пациент,…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз — Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының қоржынында 12 медаль бар. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлағандай он екі медальдың сегізі алтын. Сондай-ақ, біздің боксшылардың қоржынында екі күміс және екі қола жүлде бар. Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Әбдіғали Әбдікерім (57 келіге дейін), Ерасыл Ермек (60 келіге дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 келіге дейін), Абзал Серік (67 келіге дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (86 келіге дейін) алтын тақса. Күміс медальға Мәди Әміров (92 келіге дейін) және Даниял Сапарбай (92 келіден астам) ие болды.…

Read More

CaspianLife, 27 тамыз — Капитолий полициясының жеті қызметкері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты сотқа берді.  Полиция қызметкерлері бұрынғы америкалық көшбасшы 6 қаңтарда Конгреске шабуыл жасау үшін экстремистік топтармен арнайы келіскен деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, Трамп Джо Байден жеңген Америка Құрама Штаттарының Президент сайлауын тоқтату үмітімен шабуылдың болатынын біле тұра ескертпеген. «Трамп басқа сотталушылармен келісе отырып, сайлау нәтижелерін жоққа шығарып, өз жақтастарының наразылығын тудыру үшін сайлаудың бұрмаланғандығы жөнінде жалған мәлімдемелер жасап, олардың ашуын тудырды», — делінген хабарламада. Сотқа жолданған шағымда Трамп Тhe proud Boys және The Oathkeepers экстремистік топтарымен, сондай-ақ Капитолияға шабуыл жасамас бұрын Трамптың Ақ үйдің алдында сөйлеген сөзін қолдаған…

Read More