Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 тамыз — Кеше Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізу туралы №37 қаулыға қол қойды. Жаңа қаулы тармақтарының бірі «Ashyq» жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін карантиндік шектеулерді жеңілдету шаралары. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап: — демалыс күндері — «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне — сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына — сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) жұмыс істеуге рұқсат етіледі; — сенбі…

Read More

CaspianLife, 27 тамыз — Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында шетелдік инвесторлар кеңесіне мүше мұнай-газ компанияларының басшыларымен іскерлік кездесу өткізді. ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара барысында еліміздің мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын одан әрі дамыту және арттыру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі қаралды. Спикерлер ретінде премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Eni S.p.A., Royal Dutch Shell, INPEX Corporation, Chevron, Exxon Mobil, CNPC, Total E&P мұнай-газ компанияларының басшылары сөз сөйледі. Отырысты ашқан ҚР Президенті мұнай-газ саласы еліміздің жалпыұлттық прогресінде әрдайым маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Оның пікірінше, технологиялық өзгерістерге қарамастан, сала ел экономикасының қозғаушы күші болып қала береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұнайға бай…

Read More

CaspianLife, 27 тамыз — Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өрт салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады. Қорғаныс министрлігінде қаза болғандардың есімдері жарияланды. Олар келісімшарт бойынша қызмет еткен екі әскери қызметші сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы, 1981 ж. т., ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы,1981 ж. т. және әскерилендірілген күзет қызметкері азамат Далибаев Оразбек Дайрабекұлы, 1969 ж. т. «Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Олар жарылыс маңында жүріп түрлі жарақат алды. Әскерилендірілген күзет қызметкері Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Ол да…

Read More

CaspianLife, 27 тамыз — Атыраулық парадзюдошы Әнуар Сариев Токиода өтіп жатқан Паралимпиада-2020 ойындарында дзюдо спорты бойынша өнер көрсетіп күміс медаль жеңіп алды. Әнуар барлық кезеңнен құламай өтіп, жартылай финалда Венесуэла спортшысы Маркос Бланкомен күресіп, иппон әдісімен таза жеңіске жетіп финалған жолдама алды. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен атыраулық парадзюдошы ақтық сында әзірбайжандық Вугар Ширинлиден жеңіліп қалды. Десе де Қазақстан қоржынын тағы бір медальға толықтырды. Айта кету керек, Әнуар Сариев 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Көлік апатына түскеннен кейін көру қабілеті нашарлаған. Соған қарамастан ол спортқа келіп, өзін дамытуды қолға алды. Осылайша 2015 жылы Сеулде өткен әлем чемпионатында қола…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на (МАЭК)  қарызы 6,1 миллиард теңгеге жетті. Соған байланысты комбинат 1 қыркүйектен бастап «AllianceEnergoSnab – Ақтау» ЖШС және «Электр Жүйелері» ЖШС-мен шарттарды бұзады, себебі сол екі компанияның қарызы жалпы соманың 90% — ын құрап отыр. Бұл шаралар халықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге еш әсер етпейді. Комбинат өкілдерінің айтуынша, Ақтау, Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтау функциясын өз жауапкершілігіне алған «AllianceEnergoSnab – Ақтау» ЖШС мен «Электр Жүйелері» ЖШС компанияларының қарызы көп жылдан бері төленбей жиналып қалған. Ақшаны талап ету бойынша сот-атқару шаралары нәтиже бермеген. Алайда МАЭК…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарындағы өрт 480 гектар аумаққа таралып үлгерген. Оның 90 гектарын орман, 390 гектарын құрғақ шөп құрайды. Жалынмен күреске ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің пайда болу себептері, кінәлілер және материалдық шығын сомасы анықталуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ). Өртті сөндіруге «Қазавиапаса» тікұшағы іске қосылып, 198 текше метр су пайдаланылған. «БҚО төтенше жағдайлар департаментінде және өрттерді жою орындарында жедел штабтар құрылды, онда олардың жұмысына басшылық командалық-штабтық машина арқылы жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған өрттерді жоюға БҚО ТЖД бөлімшелерінің, «Өрт сөндіруші» ФАО, «Қазавиақұтқару» АҚ Атырау филиалының, кенттік…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Токиодағы Паралимпиада-2020 ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді  54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен пауэрлифтер Давид Дегтярев әкелді.  Қазақстандық паралимпиадашы барлық қатысушы арасында ең үлкен салмақты, яғни 170 кг-ды көрсетті және оны сәтті орындады. Екінші рет Давид 172 кг алып, нәтижесін жақсартты. Ал үшінші әрекетте 174 кг салмақты бағындырып Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. 165 кг нәтижесімен «күмісті» француз Аксель Бурлон иеленсе, Грекиядан келген Димитриос Бакохристос дәл сондай көрсеткішпен «қола» алды. 2021 жылдың мамыр айында Давид Дегтярев пауэрлифтингтен Азия рекордын жаңартқан болатын. Осы жеңістен кейін Давид Дегтярев Паралимпиада ойындарының алдындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанып отыр. Қазақстан құрамасының…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — «Талибан» (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Түркияға шетелдік әскерлер кеткеннен кейін Кабул әуежайын басқаруға техникалық қолдау көрсету туралы өтініш білдірген. Екі түрік шенеунігі Reuters агенттігіне Талибан Түркияға шетелдік әскерлер кеткеннен кейін Кабул әуежайын басқаруға техникалық көмек сұрап жүгінгенін айтты, бірақ олар өтінішітеріне қарамастан, Анкарадан тамыздың аяғына дейін контингентін толығымен алып кетуді талап еткен. Ресми тұлғалардың бірінің айтуынша, «Талибанның» шартты өтініші Түркияны қиын жағдайға қалдырып отыр. «Талибан Кабул әуежайын басқаруда техникалық қолдау сұрады. Түрік Қарулы күштерінсіз жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпті жұмыс», — деді Түркияның жоғары лауазымды қызметкері. Сондай-ақ ол Талибанның барлық түрік әскерлерінің…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентінде балаларға арналған ойын алаңы өртеніп кетті. Ала таңмен басталған өрттің неден пайда болғаны әзірге белгісіз.  Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше тілсіз жау ойын алаңындағы ағаштан жасалған кеме мен жерге төселген газонды күлге айналдырды. «Бүгін 2021 жылдың 25 тамызында сағат 06:00-де Жаңа Қаратон кентінде, «Шапағат» балабақшасы жанында балалар ойын алаңы жанып жатқан жөнінде хабарлама келіп түскен. Қарауылдың жіті жұмыс жүргізуі арқасында, 15 минутта өрт толықтай жойылды. Яғни, 06:35-те өрт толықтай жойылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебін анықтауға жинақталған құжаттар тергеу үшін аудандық полиция бөліміне жолданды. Ары қарай процесстік шешім қабылдау, аудандық полиция…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Нұр-Сұлтанда Astana LRT көлік жобасын дайындау кезінде болған ұрлық ісі бойынша апелляциялық сатыдағы сот алқасының отырысы басталды. Сотталғандарды жиналысқа жібермеген, ал мекемелерде оларға іс материалдарымен танысуға рұқсат етілмейді, дейді адвокаттар. Олардың айтуынша, заттай дәлелдемелері бар 40-қа жуық қорап жоғалып кеткен. Қорғаушы істі бірінші сатыдағы сотқа қайтаруды сұрап отыр.  Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың (АСМУС) үкіміне апелляциялық шағым сотталған Аманжолов, Ачилов, Әшімов, Қасабаев, Мусенов, Әбдіхамитов және олардың қорғаушыларынан, азаматтық жауапкерлерден келіп түскен. Сондай-ақ, қорғаушы Ақатов сотталушы Аманжуловтың мүддесі үшін соттың жеке қаулысына шағым түсіріпті. Сотта Astana Innovations АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшімнің мүддесін қорғайтын адвокат…

Read More