CaspianLife, 23 тамыз — 22 тамызда БҰҰ Ауғанстаннан Қазақстанға тағы 120 адамды эвакуациялады. Бұл — ұйым ұйымдастырған екінші рейс. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик таратқан хабарламада айтылды. «22 тамызда БҰҰ Кабулдан Алматыға 120 адамды шығарды, бұл соңғы аптадағы екінші рейс. Жолаушылардың қатарында БҰҰ қызметкерлері мен БҰҰ – ның Ауғанстандағы серіктестері болып табылатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар», — делінген хабарламада. Дюжаррик БҰҰ «өзінің мыңдаған қызметкерлері мен серіктестерінің қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге басты назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, ұйым жергілікті халыққа көмектесуді жалғастыруда және миллиондаған мұқтаж ауғандықтарға маңызды гуманитарлық және басқа да көмек көрсетуде. Еске салсақ, 18…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 тамыз — Street Workout — бұл тұрғын үйлер мен оқу орындарының аулаларында, жағалауда және саябақтарда орнатылатын көше тренажерлері. Бүгінде тек Атырау қаласы бойынша дәл сондай жиырмаға жуық алаң бар. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Аманжол Сағынғалиев айтты. Оның айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама қабылданды және осы аралықта бұқаралық спорт түрімен айналысу үшін ең қолжетімді 25 Street Workout көше спорт алаңдары салынбақ. Мұндай көше тренажерлері әр түрлі жастағы спорт әуесқойлары арасында үлкен танымалдыққа ие. Балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына келетін болсақ, брифингте Атырау облысында 2021 жылға 2 млрд.300 млн.…
CaspianLife, 23 тамыз — 23 тамыздан бастап ХҚКО-ларда азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдау тоқтатылып, оның орнына қабылдау Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі. «Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс режимі бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, сондай-ақ брондау күні бірнеше аптаға созылатын еді. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді алдын ала брондаусыз ала алады», — деді» Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Әділ Қожихов. Сондай-ақ, Ashyq-пен талон беру жүйесі біріктірілген. Бұл ХҚКО-да кезекке талондарды беру кезінде клиенттің мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Қауіпсіз емес мәртебе анықталған кезде бағдарлама талонды басып…
CaspianLife, 20 тамыз — Атырау облысында браконьерден жарты тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Балықты заңсыз жолмен алып бара жатқан азамат Жанбай ауылының тұсында ұсталды. 120 дана немесе 500 келі қызыл балық тиелген Lexus LX470 маркалы көлік таңғы сағат 5 шамасында теңіз жағалауынан жолға шыға алмай, құмға батып қалған. «Күдікті деп танылған азамат 1971 жылғы. Бұрын да осыған ұқсас баппен соттылығы болған, яғни, заңсыз балық аулау фактісі бойынша. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, оның жол талғамайтын көлігінен дорбаға оратылған балық аулайтын ау тәркіленді», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бөлімінің…
CaspianLife, 20 тамыз — Экологиялық реттеу және бақылау комитеті North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан ауа сапасын бақылау станцияларынан алынған деректерді кешенді зерттеуді талап етті, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған тапсырма Атырау қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарынан өңірдің атмосфералық ауа сапасының нашарлауына қатысты келіп түскен шағымдарға байланысты берілген. «Компания жақын арада эмиссияларды төмендету жөніндегі стратегиялық жоспарды, ұсынылатын іс – шаралардың тиімділігін бақылау жөніндегі жоспарды, көгалдандыру жөніндегі жобаны, халықаралық тәжірибені ескере отырып, ластаушы заттар шығарындылары көздеріне мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жол картасын ұсынуы тиіс деген шешім қабылданды», — деп хабарлады Экология министрлігінің…
CaspianLife, 20 тамыз — Әлемдегі жетекші биржалардағы мұнай бағасы бір баррель үшін 66 долларға дейін төмендеді. Бұл мамыр айынан бергі ең төменгі деңгей. Шикізат құнының төмендеуіне бірден бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтсақ, коронавирустың дельта штаммының таралуы, америкалық доллардың нығаюы, АҚШ-тағы бензин қорының күтпеген өсуі және Ауғанстандағы жағдайға байланысты көші-қон дағдарысы. Brent маркалы мұнай 1,87 долларға немесе 2,7% – ға, WTI — 1,96 долларға немесе 3% — ға төмендеді. Бағаның төмендеуі алтыншы күнге созылды – бұл 2020 жылдың 28 ақпанынан бергі ең ұзақ кезең. «Ақшалай қолдаудан бас тарту, Ауғанстанды Талибанның ретсіз басып алып жаңа көші – қон дағдарысына қауіп төндіруі…
CaspianLife, 20 тамыз — Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін Токиоға аттанды. Оның құрамында 26 атлет бар. Олар спорттың жеті түрінен ел намысын қорғамақ. Кетпес бұрын барлық спортшы Алматы мен Алматы облысында екі апталық карантин мен жиыннан өтті. «Бүгін, 20 тамызда Алматыдан Токиоға Boeing 767 әуе лайнерімен Қазақстанның Паралимпиадалық құрамасы ұшып кетті. Ұшақ бортында Токио – 2020 жазғы Паралимпиада ойындарында өнер көрсетіп, еліміздің намысын спорттың жеті түрінен қорғайтын 26 спортшы болды», – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі. Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында өтеді. Биыл жарысқа алғаш рет 20-дан астам қазақстандық…
CaspianLife, 20 тамыз — BI Group пәтер бағасын орташа есеппен 9% — ға төмендетті. Бағаның төмендеуі 17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкент қалаларындағы бірқатар тұрғын үй кешендеріне қатысты. Бұл туралы кеше ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде мәлімдеді. Агенттік сайтында жарияланған хабарламада бұған дейін BI Group компаниясы Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4% — ға дейін төмендетуге дайын екендігі айтылған. Алайда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендетудің мәлімделген деңгейінің негізділігіне талдау жүргізе отырып, мұндай мәлімдемемен келіспепті. «Нәтижесінде, 2021 жылғы 17 тамыздан бастап монополияға қарсы органның хабарламасын орындау шеңберінде BI Group Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй…
CaspianLife, 19 тамыз — Ауғанстаннан қашқан Президент Ашраф Гани халыққа бейне хабарлама жариялады. Онда ол жақын арада елге оралатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, оған «Талибан» қозғалысы (террористік деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) оған қарсы қастандық ойлаған, сол себепті ол Кабулда қантөгіс болмас үшін елден кетуге мәжбүр болған. Ганидің айтуынша, Талибан Ауған астанасына кірмейтініне уәде берген, бірақ олар президент сарайын алдын-ала қоршауға алған. Ол оқиғалардың егжей-тегжейін кейінірек ашуға уәде берді. «Кабулдың құлаған күні туралы нақты ақпаратты кейін айтып беремін. Ол жерде қантөгіс болмас үшін елде кетуге мәжбүр болдым», — деді ол. Ол қазіргі уақытта отбасымен бірге БАӘ-де екенін растады, сонымен бірге…
CaspianLife, 19 тамыз — 20 тамызда қазақстандық құтқарушылар Түркияның Даламан қаласынан елге оралады, онда олар табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсеткен болатын. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Бұған дейін, 7 тамызда ТЖМ жиынтық тобының жеке құрамы орман өрттерін сөндіру бойынша гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Түркияға Ми-8 АМТ екі тікұшағымен аттанған болатын. «20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00 – де қазақстандық құтқарушылардың ұшуы жоспарланған», — делінген хабарламада. Барлығы 16 құтқарушы мен екі тікұшақ жалпы көлемі 300 тоннадан астам өрт ошақтарына су жіберу бойынша 80 цикл шығарды. 18 тамыздағы жағдай бойынша бекітілген аумақта өрт ауыздықталып, толығымен жойылған.
