CaspianLife, 19 тамыз — 20 тамызда қазақстандық құтқарушылар Түркияның Даламан қаласынан елге оралады, онда олар табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсеткен болатын. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Бұған дейін, 7 тамызда ТЖМ жиынтық тобының жеке құрамы орман өрттерін сөндіру бойынша гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Түркияға Ми-8 АМТ екі тікұшағымен аттанған болатын.
«20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00 – де қазақстандық құтқарушылардың ұшуы жоспарланған», — делінген хабарламада.
Барлығы 16 құтқарушы мен екі тікұшақ жалпы көлемі 300 тоннадан астам өрт ошақтарына су жіберу бойынша 80 цикл шығарды. 18 тамыздағы жағдай бойынша бекітілген аумақта өрт ауыздықталып, толығымен жойылған.