Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 19 тамыз — Коронавирусқа қарсы жаңа қазақстандық QazCoVac-P вакцинасының клиникалық сынақтарының бірінші кезеңі аяқталды. Бүгінгі таңда ол клиникалық сынақтардың екінші кезеңіне өтті, деп хабарлады Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының» (БҚБ ҒЗИ) бас директоры Күнсұлу Закария. QazCoVac-Р — SARS-CoV-2 коронавирусының жасанды синтезделген ақуыздары негізінде биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген КВИ-ге қарсы суббірлікті вакцина. Бұл вакцинаның құрамында тек қажетті антигендер бар және вирустың басқа компоненттері жоқ, сондықтан бұл препараттан кейінгі жанама әсерлер аз болады. «QazVac-пен қатар БҚБ ҒЗИ ғалымдары Qaz Covac-P екінші суббірлікті вакцинасын әзірледі, бүгінде препарат клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Қазіргі…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Енді «Алтын белгі» алу үшін 5-тен 11-сыныпқа дейін әр тоқсанда барлық пәннен 5-ке шығу қажет. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді. «Алтын белгіге» үміткерлер тек жыл қорытындысы бойынша ғана емес, әр тоқсанда бестік  алуы тиіс. Менің ойымша, бұл маңызды талап. Сондықтан осындай шешім қабылдаймыз», — деді министр. Бұрын төсбелгіні алу үшін тек жыл қорытындысында ғана «5» алу керек болатын.

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Атыраудағы ірі дүкендер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жеткізушілерден қосымша төлем мен бонус талап еткен. Бұл тізімде «Идеал», «Лидер», «Ярмарка», «Анвар» және «Marco» сынды сауда желілері бар. Мамандар жүргізген сараптама барысында жеткізушілерден сүт, сары май, өсімдік майы өнімдеріне дүкен сөрелерінде орын беру үшін 2% -дан 7% -ға дейін қосымша төлемдерді талап еткені белгілі болды. Алайда реттеуші органдар ескертумен шектелді. «Біз материалдарды жергілікті атқарушы органға жібердік. Олар заңға сәйкес шаралар қабылдайды. Істі қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жолдадық. Енді олар өз құзыретіне сәйкес шаралар қабылдайды», — дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Қауіпсіздік себептеріне байланысты БҰҰ-ның 100-ге жуық қызметкері қашықтан жұмыс істеу үшін Кабулдан Алматыға ауыстырылады. Жағдай мүмкіндік берген кезде олар Ауғанстанға қайта оралады. Бұл туралы 18 тамызда өткен брифингте БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дужаррик мәлімдеді. «БҰҰ қызметкерлерінің бір тобы бүгін Кабулдан Алматыға, Қазақстанға барады, онда олар өз жұмыстарын қашықтықтан жалғастырады», — деді ол өз сөзінде. Оның айтуынша, Алматыда БҰҰ-ның Ауғанстаннан келген 100-ге жуық қызметкері жұмыс істейді, олар мүмкіндік болған жағдайда кері қайтады. Сонымен қатар, Қазақстан СІМ мәліметінше, Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың ушығуына байланысты БҰҰ Қазақстанға Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі Миссияны (UNAMA) және БҰҰ-ның басқа агенттіктерін Алматыға…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Жапонияда су астындағы жанартауынан кейін жаңа арал пайда болды. Аралды жанартау атқылауын ауадан бақылайтын мемлекеттік жағалау күзеті байқаған. Жанартаудың атқылауы Токиодан шамамен 1200 шақырым жерде орналасқан Иводзима аралының оңтүстігінде, Тынық мұхиты аралдары Огасавара тобының аумағында басталған. Жаңа арал жарты Ай түрінде С-тәрізді және диаметрі шамамен 1 шақырымды құрайды. Жапония метеорологиялық агенттігі жақын маңдағы суларда күл мен түтін бұлттары туралы ескерту жариялап, белсенді атқылау тағы да жалғасады деп күтілуде. Жаңартаудың белсенді атқылауының нәтижесінде пайда болған Пемза солтүстік-батыс бағытта 60 шақырымға дейін созылған. Арал тек фрагменттелген материалдардан — күлден және блоктардан тұратындығын, олар толқын эрозиясына ұзақ уақыт төтеп…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Маңғыстау облысында кенелер көбейіп малға шабуыл жасауда. Түйелер мен жылқылар соның салдарынан өліп жатыр. Фермерлер мұның себебі құрғақшылық деп отыр. Облыстың ветеринария басқармасы да өз нұсқасын айтты. Маңғыстау облысындағы шаруагер Бердіхан Аленовтың осы кенеден 5 ботасы өлген. «Биыл Маңғыстауда қатты құрғақшылық болды, соның салдарынан кенелер де көбейе түсті. Олар жануарларға шабуыл жасайды. Ал құрғақшылықта жем-шөп жетпей, арықтап қалған түйелер мен жылқыла оларға қарсы тұра алмайды. Біздің Боржақты ауылында шамамен 20 шаруашылық зардап шегіп отыр», — деді фермер. Оның айтуынша, қораға жәндік толып малға шабуыл жасаған. Әр екі-үш күн сайын дезинсекция жасаса да паразиттердің шабуылынан құтыла алмай…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Жыл соңына дейін Қазақстанда мұнайды есепке алатын бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады. Осылайша мемлекет ұңғымадан шыққан мұнайдан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі тізбекті түгелдей бақылап, көлеңкелі айналымға тоқтау қоймақ.  Бұған дейін кейбір мұнай компаниялары технологиялық шығынды желеу етіп нақты өндірілген мұнай көлемін, табысын жасыруды әдетке айналдырған еді. Енді елімізде өндірілетін қара алтынның 60 пайыздан астамы сандық бақылауға алынады. Ал жүйенің тиімділігін уақыт көрсетеді. Өйткені, көлеңкелі мұнай нарығының біраз бөлігін иеленіп отырған ұсақ компаниялар жүйеге енгізілмейді. «Әзірге шағын компаниялар есеп-қисапты бұрынғыша қағаз түрінде тапсырады. Дегенмен, мұнай өндірумен бізде үш ірі компания бар екенін ұмытпаған жөн. «Теңізшевройл», НКОК, КПО…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Жексенбіде Ауғанстанды «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басып алғаннан кейін, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі америкалық банктік шоттарда сақталған бірнеше миллиард долларлық Ауған резервтерін жауып тастады. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, сәуір айында Ауғанстанның Орталық Банк активтері 9,4 миллиард долларды құраған. Шетелдік ақпарат көздеріне сенсек, мұндай шешімді Қаржы министрі Джанет Йеллен мен Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының қызметкерлері Ауғанстандағы саяси және гуманитарлық дағдарыстың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында қабылдаған. «Америка Құрама Штаттарында Ауғанстан үкіметі иелік ететін орталық банктің ешқандай активтері Талибанға берілмейді», – деді әкімшілік өкілі. Талибан Кабулды бақылауға алғанға дейін АҚШ Қаржы министрлігі Ауғанстанға қолма-қол…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атырау облысы бойынша 8 мыңнан астам адам үй жағдайында ем алуда. Тағы 1 789 адам инфекциялық стационарларда жатыр.  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен тәуліктің қорытындысы бойынша (сейсенбі, 17 тамыз) өңірде коронавирустық инфекцияның 550 жаңа жағдайы тіркелген. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 241 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында — 185, Жылыой ауданында — 27, Индер ауданында — 26, Исатай ауданында — 17, Қызылқоға ауданында — 27, Құрманғазы ауданында — 2, Мақат ауданында-15, Махамбет ауданында-10 жаңа жағдай анықталып отыр. Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен жүруде, 210 адамда белгілер жоқ. Қазіргі…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Қазақстан азаматтары осы жылдың шілде айында екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 102,6 кг болатын 2 410 алтын құйма сатып алған. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған ақпаратта тазартылған алтын құймаларын халық үшін сату және сатып алу жөніндегі бағдарламаны Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқанын еске салады. Сол бағдарлама басталғалы жалпы салмағы 2,2 тонна болатын 60 378 алтын құйма сатылыпты. Алтын құймалар бес сортта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең танымалы 10 грамдық құйма. Оның жалпы сатылымнан үлесі 30% — 17 868…

Read More