CaspianLife, 16 тамыз — Шаң басудың ерекше тәсілі. Әлеуметтік желіде құрылыс жүріп жатқан Атырау-Астрахань тас жолы бойындағы Исатай ауданына қарасты Исатай ауылының маңында болған жағдайдың видеосы тарап жүр. Сол жерден әрлі берлі өтіп жатқан жүргізушілердің бірінің айтуынша, жолға су емес, мұнай себілуде. Оқиғаға қатысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының басшылығы жауап берді. Олардың сөзінше мердігер компания Нарын, Бақсай каналдарындағы су мөлшерінің азаюына байланысты, суды Таңдай ауылының тұсындағы шұңқырдан алған. Алайда, су құрамының күмән тудыруына байланысты шашуды тоқтатыпты. Ал, Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнынан сынама алып, зерттеп жатқан көрінеді. Осы аталған мәселе бойынша департамент мамандары 2021 жылғы 15…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 тамыз — Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке іріктеу тәртібін және оны өткізу жоспарын бекітті. Резервке іріктеу 1 қыркүйектен басталады, онда мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктеледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді. Іріктеуге 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Негізгі талаптары Жоғары білімнің және кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы. «Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы, рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдылар мен қабілеттерді анықтауға ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы уәждері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Біз бірінші кезекте қоғамдық мүддені басшылыққа алатын жас таланттарды анықтауға баса назар аударамыз. Іріктеу…
CaspianLife, 16 тамыз — Ет пен ет өнімдерінің 2,1% — ға қымбаттауы өткен айдағы инфляцияның өсуіне қатты әсер еткен. Бағаның ең жоғары өсімі Шымкентте – 6,3%, оның ішінде сиыр еті – 12,6%, жылқы еті — 8,2% — ға қымбаттаған. Қой етінің бағасы батыс өңірлерде қымбаттаған болса, құс еті мен жұмыртқаның бағасы Қарағанды облысында өскен. Маусым айындағы инфляцияға ең көп үлес қосқан көкөністер мен жемістердің шілде айында 3,2%-ға арзандауы, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Көкөністер мен жемістер құнының жалпы төмендеуі сәбіз мен картоптың есебінен болды, бірақ кейбір аудандарда ақ қырыққабат, пияз және қызылша бағасының өсуі тіркелген. Бұдан басқа, Шымкент пен…
CaspianLife, 16 тамыз — Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық объектісі (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар) 16 тамыздан бастап пациенттерді жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы бүгін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аймақ тұрғындарына арналған кең таралған үндеуде пациенттерді жоспарлы қабылдау скринингтер, медициналық тексерулер, дәрігерлердің профилактикалық тексерулерін білдіреді. «Сіз учаскелік емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, медициналық мамандардан онлайн форматта кеңес ала аласыз. Шұғыл жүгіну бойынша пациенттерді қабылдау жалғасуда. Емханалар жанындағы егу пункттері демалыссыз жұмыс істейтін болады», — деді Денсаулық сақтау басқармасынан.
CaspianLife, 16 тамыз — ҚР Білім және ғылым министрлігіне (БҒМ) ведомстволық бағынысты ЖОО оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап көтеріледі. БҒМ ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, енді оқытушылар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені, қауымдастырылған профессордың жалақысы — 260 мың теңгені, профессордың еңбекақысы — 350 мың теңгені (ұлттық жоғары оқу орындарында — 400 мың теңгені) құрауы тиіс. Бұл шешім ел Президенті Қ.Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Штаттық оқытушыларға ең төменгі жалақыны белгілеу туралы тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды. «Бұл ретте, егер оқытушылардың жалақысы…
CaspianLife, 13 тамыз — Ақтау сүңгуірлері Каспийді қоқыстан тазартуда. Жергілікті белсенділер теңіз түбінен әйнек, ағаштар мен сынықтарды жинап, қоқыстарды тікелей өңдеуге жібереді. Өткен жылы осылайша олар құрлыққа үш мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтарды шығарған. Ол кезде белсенділер бес шақырымға жуық қаладағы жағалауларды тазартқан. Соңғы жылдары экологиялық акция су асты жүзуді ұнататындар арасында танымалдылыққа ие болып, теңіз жағалауын тазартуды Халықаралық Каспий күнінде өткізу дәстүрге айналып келеді. Дәстүр бойынша Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран және Ресей жағалау елдері 12 тамызда теңіз түбін тазартады.
CaspianLife, 13 тамыз — Екінші орта салмақтағы қазақстандық Айдос Ербосынұлы WBA Interim титулы үшін жекпе-жекке қатыса алады. Ұйым өкілдері осындай ұсыныс жасады. Сондай-ақ, ауызша келісімде болған көрінеді. Оның қарсыласы Гайана боксшысы Аллен Леннокс болуы мүмкін. Жекпе-жектің күні мен орны әлі нақтыланған жоқ. Ербосынұлының рингке оралуы тамыз айының соңында болуы мүмкін. Бокс кешіне Suleimen Promotions компаниясының бірнеше өкілі қатыса алады, ал іс-шараның өзі Қазақстан Конституциясы күніне арналмақ. Естеріңізге сала кетейік, Ербосынұлы ресейлік Евгений Шведенкомен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атағы үшін жекпе-жектің қатысушысы болуы тиіс болатын. Олардың жекпе-жегі 17 сәуірде Карлсруэде (Германия) жоспарланған еді, бірақ кездесуден бір апта…
CaspianLife, 13 тамыз — Алматылық «Қайрат» клубы Еуропа лигасынан шығып, бас бапкерсіз қалды. Олар сырт алаңда турнирдің үшінші раундының қарымта кездесуінде армениялық «Алашкертке» командасына есе жіберді. Есеп 3:2. Алаң иелері екі рет алға шықты. Алматылықтар қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікен мен шабуылшы Артур Шушеначевтің күшімен жеңіске жетті. Ойын экстар-таймға жалғасты, алайда қазақстандық командада бір ойыншы ойыннан тыс қалып 9 адам болып ойынауға тура келді. «Алашкерт» де сол сәтті шебер пайдалана білді. Енді «Қайрат» конференциялар Лигасының тобына шығу үшін бар күштерін салу керек. Алайда, оңтүстік астанадан келген команда жаттықтырушысыз қалды. Себебі, Кирилл Кекер соңғы ойындағы сәтсіз нәтижеден кейін отставкаға кетті. Ол…
CaspianLife, 13 тамыз — Ақтауда мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың жаңа әдісі енгізілуде. Оның айтуынша, педагогтарды жұмысқа директор мен білім бөлімінің қызметкерлері емес, белсенділерден құралған арнайы комиссия қабылдайды. Жұмыс іздеуші олармен сұхбаттасудан өтуі керек. Жаңа әдіс қала мектептерінің бірінде қолданыла бастаған. Жаңа мектепке мұғалімдерді іріктеу бірнеше күн бұрын басталды. Арнайы комиссияның құрамына қоғам қайраткерлері, «Адалдық алаңы» өкілдері және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері кіреді. Кадрлық іріктеу бүгін аяқталады. Оның қорытындысы бойынша жаңа мектепте 150 мұғалім жұмысқа кіріседі. Егер жұмысқа орналасудың бұл әдісі тиімді болса, онда ол бүкіл қала бойынша енгізілуі әбден мүмкін.
CaspianLife, 13 тамыз — Намибия билігі аукционда 57 жабайы пілді сатты. Бұл елде құрғақшылық салдарынан қорықтардағы жануарлардың көп болуына байланысты қабылданған іс-шара. Елдің қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, аукционда 170 пілдің үштен бір бөлігі ғана сатылды. Сату нәтижесінде 5,9 миллион Намибия доллары (537 мың АҚШ доллары) түсті. Агенттік 29 қаңтарда аяқталған аукционды айыптайтын онлайн-петицияға 100 мыңнан астам адам қол қойғанын хабарлады. Министрліктің өкілі Ромео Мундтың айтуынша, теріс жариялау пілдердің сұранысына, сонымен қатар бағаның қолжетімділігі немесе сату шарттарын қанағаттандыратын сатып алушылардың болмауына әсер етуі мүмкін. «Біз барлық 170 пілді, тіпті егер ол бір сатып алушы болса да, барлық талаптарды орындаған жағдайда…
